Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.

Дәріс 1

1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде

Дәріс 2

2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.

3. Туропорейтингтің қазіргі замандағы даму жағдайы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.

1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде

Туристтік оператор- туристтік өнімдерді коммерциялық мақсатта жоспарлауға, жасауға, жылжытуға және өткізуге тікелей қатысатын туристтік нарықтың белсенді субъектісі. Бұл дегеніміз, туроператорлардың күшімен туристтерге олармен өкілетті агенттіктердің атынан алдын-ала алынған, төленген және белгіленген туристтік пакетті құрайтын туристтік қызметтерді ұсыну қамтамасыз етіледі. Осылайша, оператор, туристтік индустрияның инфрақұрылымы мен супрақұрылымы кәсіпорындарымен (қонақүйлер, тасымалдаушылар, сақтандыру компаниялары, банктер) тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы турды тұтынушыға жеткізудің күрделі жүйесіндегі соңғы буын- туристтерге сапалы және тиімді ұйымдастыру мақсатында (трансферлер, мекендеу, тамақтану, экскурсиялық бағдарламалар) қызметтерді тікелей орындаушылар болып табылады.

Осыған байланысты кез-келген туристтік оператордың негізгі мақсаты алдағы турды жоспарлау болып табылады, яғни уақыт бойынша реттелген, турист үшін қажетті және бағалы құрамы мен ұсыну кестесінің сапасына жауап беретін қызметтерді жасау. Турды нақты жоспарлау турды іске асыру кезіндегі мүмкін болатын, яғни туристтік іс-шараларды ұйымдастыру уақыты бойынша сәйкес келмеушілік, тапсырыстағымен салыстырғанда құрам мен жалпы қызмет санының өзгеруі секілді үйлеспеулерді болдырмауға мүмкіндік береді. Туристтік өнімді нақты жоспарлауға туристтік оператордың қандай-да бір туристтік бағыттағы кәсіби сапасы мен жұмыс тәжірибесінің, олардың туристтік қызметтерді жеткізушілермен өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерінің, туристтік индустрия кәсіпорындарымен тиімді келісім-шарт базасының болуының, өкілетті агенттіктер мен потенциалды клиент-саяхатшыларға нақты ақпарат беруінің арқасында қол жеткізуге болады. Туристтік операторларға тән туристтік нарықтағы бағаны қалыптастыру функциясының маңызы да өте зор. Бағаны қалыптастыру саласындағы әрбір туристтік опепратордың мүмкіншіліктері әртүрлі болып келеді және бірқатар субъективті және объективті факторлармен анықталады. Алдымен, ол оператордың жұмыс көлемдері. Операторлармен жиі жіберіп отыратын туристтердің саны соңғысына әуерейстеріндегі блоктарды көбейтуге, кейде тіпті жеке чертерлі тізбекті құруға, туристтердің демалу орындарында жеке трансферлерді ұйымдастыруға, курортты орталықтарда жеке өкілдіктерді ашуға, олардың қонақүй кәсіпорындарында инвестицияларды іске асыруға, қабылдайтын жақтарға қысым көрсетуге және т.б. мүмкіндік береді. Келтірілген факторлар туристтік өнімдерді құраушы қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді. Бұл факторлардың көрсетілу дәрежесіндегі айырмашылықтардың себебі бойынша туристтік нарықтағы әртүрлі компаниялардың осындай турларының өзіндік-құндарындағы айырмашылық турады айтуға болады. Бәсекелі туристтік нарық жағдайында ірі туристтік операторлардағы сатылу бағасындағы ауытқулар «айыртығыны» кеңірек, оларға туристтік нарық белсенділігінің сагнациясы кезінде одан арнайы ұсыныстар ағымын «алып тастауға» және ашық демпингті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыдан, ірі туристтік операторлар кез-келген жағдайларда, туристтік нарықтағы бағаны қалыптастырушылар болып табылады. Нақты бағытта бағаны қалыптастырудағы оператордың мүмкіншіліктерін анықтайтын тасымалдау көлемдері сияқты факторларымен қатар, оларға өкілдікке деген нақты байланыстар мен теңдесіз құқықтарын, тасымалдаушылармен жеке келісім-шарттарды, операторлармен жұмыстың жаңа технологияларын қолдануды, жабық ақпарат көздерін қолдануды, оператордағы ірі агенттік жүйенің болуын және т.б. жатқызуға болады.