Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kost_obl_tar_umkd.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
869.89 Кб
Скачать

Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер

1. Тақырыбы: Өлкенің ежелгі тарихы.

Мақсаты: Өлкенің ежелгі тарихын сипаттау, археологиялық зерттеулерлерді талдау.

Жоспар:

1.Тас дәуірі. Археологиялық зерттеулер.

2.Қола дәуірі.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдерін қарастыру, осы кезеңге жататын ескертіштерге сипаттама беру.

2-ші сұрақта.Қола дәуірінің кезеңдерін анықтау, ескерткіштерін және олардың ерекшелігін атау.

Әдебиеттер Н-1,8,10

2. Тақырыбы: Ортағасырдағы Қостанай жері.

Мақсаты: Ортағасырдағы Қостанай жерінің саяси өмірін талдау, көшпенділердің шаруашылығы мен тұрмысын көрсету.

Жоспар:

1.ҮІ-ХІІ ғғ Тобыл аймағы

2.ХІІІ-ХҮІІ ғғ өлкенің саяси өмірі.

3.Көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы

Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақта ортағасырдағы Қостанай жерінің саяси өмірін талдау, археологиялық ескерткіштерге талдау жасау қажет.

2-ші сұрақта: Монғол империясының құрылуына тоқталу,Торғай жерінде шапқыншылық әрекеттері болды ма, анықтау қажет.Археологиялық ескерткіштерге сипаттама беру.

3-ші сұрақта көшпенділердің шаруашылығы мен тұрмысын көрсету қажет.Негізгі айналысқан кәсіп түрі мен шаруашылығын талдау.Мал өсірушаруашылығы мен жылқы шаруашылығына сипаттама беру. Қой және ешкі өсіру.Әсіресе, Қаражар ауылындағы шаруашылыққа тоқталу.Көшпенділердің аңшылықпен де айналысқанын көрсету.Мал шаруашылығы мен аңшылық өнімдерін өңдеу.Металл өңдеу.

Әдебиеттер Н-1,3,4,6,8.

3. Тақырыбы: ХІХ ғ-ХХғ өлкенің саяси-экономикалық дамуы.

Мақсаты: ХІХ ғ аяғы-ХХғ басындағы өлкенің саяси-экономикалық дамуына сипаттама беру.

Жоспар:

1.Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісі

2.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.

3.Қоныстандыру саясаты

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта: Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісіне сипаттама беру, реформалардың мәнін ашып көрсету. 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығының Дала облыстарын басқаратын «Уақытша ережені» талдау. Торғай облысының құрылу тарихын айту.Ол үшін облыстық тарихи мұражайдың мұрағат бөліміндегі құжаттармен танысып, талдау.Облыстардың қандай уездерге бөлінгенін анықтау.

2-ші сұрақта патшалық Ресейдің отарлық саясатының облыста қалай жүргізілгенін көрсету,Аманқарағай ішкі округінің құрылуы.Пресногорьковск бекінісінің салынуын анықтау.

3-ші сұрақта қоныстандыру саясатын анықтау, арендаға берілген жерлердің мөлшерін анықтау, жаңа құрылған аудандардың тарихына тоқталу. А.Кауфман және Щербинаның экспедициялары жазылған еңбектерімен танысу.Қазақ ауылының өмірін көрсету.

Әдебиеттер Н-2,3,4

Қ-2,5.

4. Тақырыбы: Жергілікті халықтың рухани өмірі. (ХІХ ғ аяғы –ХХ ғ.басы)

Мақсаты: Жергілікті халықтың рухани өмірін көрсету.

Жоспар:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуы.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлік

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуын сипаттау. А.Алекторов және А.В.Васильевтің еңбектерін пайдалана отырып, Торғай облысындағы білім беру қалай дамыды, қанша мектептер, сыныптар болды осы мәселелерді ашу қажет.Ы.Алтынсариннің қызметін көрсету.

2-ші сұрақта. Рухани отарлау жолы-миссионерлік дегенді қалай түсінесіңдер. Олардың негізгі қызметі, бағыты қандай болды.Қандай миссионерлік қостар ашылды.

Әдебиеттер Н-7,8,10, Қ-5.

5. Тақырыбы: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар.

Мақсаты: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстардың себебін көрсету. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы мен нәтижесін талдау.

Жоспар:

1.Қазақ интеллегенциясының қызметі.

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

3.Азамат соғысы жылдарындағыҚостанай

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта Қазақ интеллегенциясының қызметін ашып көрсету, жұмысшы қозғалысының себептерін қарастыру.Қостанай уездерінің әкімшілік орталығы болды.Торғай облысынан 1-2 ші Думаға қатысқан А.Қ.Бірімжановтың қызметіне тоқталу. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлін көрсету.

2-ші сұрақта Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарты, себебі, барысы мен нәтижесін талдау.Торғай облысынан қара жұмысқа 19 - жастан 31 жасқа дейін жіберілген қазақтарды анықтау, кесте жасау қажет.1917 жылы болған Орынбордағы Торғай облыстық қазақ съезінің мақсаты мен нәтижесін көрсету.

3-ші сұрақта: Азамат соғысы жылдарындағы Қостанайдың батырларын анықтау. Соғыстың себептері мен барысын талдау.Ақ гвардияшылар мен шетел интервенттерінен қаланы қалай азат етілгені жөнінде мәлімет жасау.

Әдебиеттер Н-7,10, Қ-4,5

6. Тақырыбы: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайы. (1920-30 жж.).

Мақсаты:

Жоспар:

1.Қоғамдық-саяси өмірі.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Қоғамдық-саяси өмірін сипаттау. Жергілікті депутатар кеңесінің қалай өтілгені жөнінде мәлімет жасау. КСРО-дағы социализмнің жеңісі, оны қалай түсінесіңдер.

2-ші сұрақта. Халықтық білім беру және мәдени дамуын талдау. Сауасыздықпен күрес қалай жүргізілді?. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сипаттау.

Әдебиеттер Н-7,10, Қ-4,5

7. Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы майдандағы қостанайлық батырларды мазмұндау. Ауылшаруашылығын қалпына келтіру мәселесін ашу.

Жоспар:

1.Майдандағы қостанайлықтар.

2.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық..

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Майдандағы қостанайлықтарды атау (С.Баймағанбетов,Л.Беда, И.Павлов, И.Сьянов, С.Темірбаев,Г.Болтаев т.б.), олардың ерліктерін көрсету, деректерді пайдалану. Халықтың патриоттық сезімдері.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылықтың дамуын талдау.

2-ші сұрақта. Колхоз және совхоз техникаларын дамыту. Еңбекшілердің еңбегін көрсету.Соғыс жағдайынан бейбіт өмірге көшу.Өнеркәсіптердің дамуы.Облыстағы құрылған совхоздарды сипаттау.МТС-дің құрылуы.

Әдебиеттер: Н-10, Қ-1,3,5,9

8-9. Тақырыбы: 1950-60жж Қостанай облысы.

Мақсаты: 1950-60жж Қостанай облысының саяси-экономикалық жағдайына сипаттама беру. Халықтың тұрмыс жағдайын көрсету.

Жоспар:

1.Саяси-экономикалық жағдайы.

2.Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуы.

3.Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы. (2 сағ)

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Саяси-экономикалық жағдайына сипаттама беру. Жеңіс күнінің 30 жылдығы. КСРО-ның және Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясының қабылдануы.

Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуын талдау.

2-ші сұрақта. Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның барысы.Қалай жүргізілді, қандай аудандар пайда болды, осы мәселелерді қосымша деректерді пайдалана отырып, талдау.

Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет түрлерін көрсету. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қалай дамыды.

Әдебиеттер Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13

10-11. Тақырыбы: 1970-80 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдісті сипаттау.

Жоспар:

1.Басқаруды дамыту жағдайындағы өнеркәсіп.

2.Ауылшаруашылықтан индустриялық негізге көшу.

3.Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта.Басқаруды дамыту жағдайындағы өнеркәсіптер қалай дамыды. Өнеркәсіп түрлерін атау, шығарған өнімдері қандай болды.

Ауылшаруашылықтан индустриялық негізге көшу себептері мен барысын талдау.Оның ерекшелігі мен маңызын көрсете алу.

2-ші сұрақта. Ауыл шаруашылығының материалдық және техникалық базаларын анықтау, оның жағдайын ашып көрстеу. Совхоз еңбекшілерінің еңбегін көрсету. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы қандай жағдайда болды. Халықты сауаттандыру қалай жүргізілді.Осы мәселелерге байланысты мәліметтер жинау.

Әдебиеттер Н-8, Қ-5.

12-13. Тақырыбы: 1990 -2000жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдісті сипаттау.Шаруашылықтың дамуын талдау және мәдени өмірді сипаттау.

Жоспар:

1.Қайта құру және егемендік.

2.Шаруашылықтың дамуы

3.Тұрғындардың саяси белсенділігі.

4.Мәдени өмірі.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Қайта құру және егемендік жылдарын а сипаттама беру.Волюнтаризм ұғымына анықтама беру. Ірі облыстық кәсіпорындардың дамуын көрсету.

Шаруашылықтың дамуын талдау. Нарықтық экономиканың қалыптасу сызбасын көрсету.

Тұрғындардың саяси белсенділігі неден көрінді, мәліметтерді баяндау.

2-3-ші сұрақта. Тіл туралы заң қашан шықты және оның маңызы қандай. Репрессияға ұшырағандарды реабилитациялау қалай жүргізілді. «Азат», «Парасат», «Әділет» қозғалыстарының пайда болу тарихы, олардың қызметін талдау. Мақсаты мен міндеттерін көрсету.

4 сұрақта халықтың мәдени өмірін көрсет, естелік кітаптарын талдау, конспект жасау қажет. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қалай өткені жөнінде қосымша мәліметтерді пайдалана отырып түсіндіру.

Әдебиеттер Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13

14-15. Тақырыбы: ХХ ғ аяғы мен ХХІ ғ облыстың саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

Мақсаты: Саяси-әлеуметтік дамуын сипаттау, экономиканың дамуын көрсету, білім, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуын анықтау.

Жоспар:

1.Саяси-әлеуметтік дамуы.

2.Экономикасы.

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта саяси-әлеуметтік дамуын сипаттау, қосымша баянадамалар жасау.

2-ші сұрақта облыстың экономикасының дамуын талдау. Өнеркәсіптердің түрлері, сауда түрін анықтау. Нарықтық экономикаға талдау жасау.Қостанай облысының сыртқы экономикалық байланысын көрсету.

3-ші сұрақта білімнің дамуы, қанша мектептер, жоғары оқу орындарын атау. Мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуын көрсету.

Әдебиеттер: Н-10

Қ-1,3,5,9

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]