Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kost_obl_tar_umkd.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
869.89 Кб
Скачать

3. Студенттерге қойылатын талаптар

Тарихи өлкетану пәні бойынша өткізілетін сабақ түрі – дәріс және студенттің оқытушының басшылығымен игеретін жұмыстары (ОЖСӨЖ). Сабақтарға қатысу студенттердің міндеті. ОЖСӨЖ курс бойынша тапсырмаларды орындауға бағытталған. Егерде берілген тапсырмалар уақытында орындалмаса, онда балдары төмендейді. Тапсырмаларды қойылған талаптарға сәйкес орындау қажет.

І. Алғы сөз

ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды.Қазақстан Республикасы соңғы 15 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындадаы. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп.Сондықтан студенттерге болашақта мектепте сабақтан тыс уақытта өлке тарихын оқуға мән берулері қажет.

Жалпы орта мектептердің алдына қойған мақсаттарының бірі мектеп ішіндегі өлкетану сабақтарын жүргізу болып табылады.Өлкетану дегеніміз бұл белгілі бір территорияны зерттеу.Зерттеу обьектісіне ауыл, қала, облыстардың әлеуметтік-экономикалық,саяси және мәдени дамуын жатқызамыз.Сондықтан мектептерде облысымыздың тарихын білу

-бұл білім берудің және тәрбиенің негізгі бір әдісі. Ол оқушыларды эстетикалық,жан-жақты дамуына әсерін тигізеді.Тарихты оқыту үрдісінде облысымыздың тарихын білудің маңызы зор.

Бұл пән оқушыларды жоғарғы оқу орындарына,өзіндік ізденіс талпындырады. Қостанай облысы тарихы сабақтары ізденіс сипатында жүргізілсе сонда нәтижелі болады.

Пәнің мақсаты мен міндеттері:

1. Студенттерді облыс тарихының теориялық негіздерімен таныстыру.

2. Адамның туған өлкесінің,оның тарихының маңызы, туған өлкенің Отанымыздың бір бөлшегі екенін ,ал Отан қасиетті ұғым екенін ашып көрсету.

3. Өлкетану материалдарын оқыту құрылымын, оның әдістерін анықтау.

4. Студенттердің алған білімдерін мектептердегі «тарихи өлкетану» сабақтарында пайдалана білуге бағыттау.

5. Студенттерді өз туған жерін, елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Преквизиттері:

Бұл курсты бастағанша студенттер тарихи өлкетану жөнінде орта, жалпы орта мектепте білім алуы тиіс.

Постреквизиттері. Облысымыздың тарихы Қазақстан тарихы, география, археология, этнология, қосымша тарихи пәндермен тығыз байланысты.

Лекция сабағының мазмұны

1.Кіріспе.

Мақсаты: Курстың мақсаты мен міндеттерін талдау, деректер мен тарихнамасына сипаттама беру.

Жоспары:

1.Курстың мақсаты мен міндеттері.

2.Деректерге сипаттама.Қостанай облысының тарихының тарихнамасы.

Пәнді зерттеу обьектісі.Пәннің әдістемелік негіздері. Ерекшеліктері және деректер.Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері. Қостанай облысының тарихының тарихнамасы. Қостанай ежелден қалыптасқан жер атауы.

Әдебиет: Н-1,8,10

№ 2-3. тақырыбы: Ортағасырдағы Қостанай жері

Мақсаты: Ортағасырдағы Қостанай жеріне сипаттама беру, көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы жайлы түсінік беру.

Жоспар:

1.ҮІ-ХІІ ғғ Тобыл аймағы. Түрік қағанатының құрылуы. Қостанай жерінің палеоантропологиялық материалдары.Дешты-қыпшақ жері.Торғай облысындағы обалар мен қорғандардың зерттелуі.

2.ХІІІ-ХҮІІ ғғ өлкенің саяси өмірі. Монғол шапқыншылығы. Тобыл аймағы ұлыстың солтүстүк-батыс жерінің құрамында.Тауке хан тұсындағы Тобыл аймағы - сауда орталығының бірі.ХҮІІ ғ өлкемізді орыс географтарының зерттеуі.

3.Көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы.Мал шаруашылығының дамуы. Металл өңдеу.

Әдебиет: Н-1,3,4,6,8

№ 4-5. тақырыбы: ХІХ ғ-ХХ ғ өлкенің саяси-экономикалық дамуы.

Мақсаты: ХІХ ғ-ХХ ғ өлкенің саяси-экономикалық дамуына сипаттама беру, патшалық Ресейдің отарлық саясатының және қоныстандыру саясатының мәнін ашып көрсету және оның зардаптарын талдау .

Жоспар:

1.Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісі. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі. 2.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Патша үкіметінің аграрлық саясаты

3.Қоныстандыру саясаты . Шаруаларды қоныстандыру себебі. Барысы.А.Кауфман, Щербинаның экспедициялары.Жерді жалға алушылар. Болыстардың саны.Қоныстанушылардың түрі.

Әдебиет: Н-2,3,4

Қ-2,5.

№ 6-7. Тақырыбы: Жергілікті халықтың рухани өмірі. (ХІХ ғ аяғы –ХХ ғбасы)

Мақсаты: Жергілікті халықтың рухани өмірін талдау,миссионерлердің қызметін анықтау.

Жоспары:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуы. Ыбырай Алтынсариннің қызметі. Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуы. Мектептер. Мұғалімдердің қызметі.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлік. Миссионерлік саясат және оның бағыттары. Шоқындыру саясаты.Миссионерлік қостар. ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы Ресей миссионерлерінің іс-әрекеті .

Әдебиет: Н-7,8,10, Қ-5

№ 8. Тақырыбы: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар.

Мақсаты: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстардың себебін ашып көрсету.

Жоспары:

1.Қазақ интеллегенциясының қызметі. 1917 жылдың Алаш үкіметінің құрылуы. Ахмет Байтұрсыновтың қызметі

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың себептері мен салдары. Ұлт-азаттық көтерілістің күшеюінде қазақ зиялыларының рөлі.

3.Азамат соғысы жылдарындағы Қостанай.

Әдебиет: Н-7,10

Қ-4,5

№ 9. Тақырыбы: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайы. (1920-30 жж.).

Мақсаты: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайына сипаттама беру.Білімнің дамуын талдау.

Жоспар

1.Қоғамдық-саяси өмірі. Жергілікті депутаттар кеңесі. Қостанай губерниясының құрылуы

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы. Сауатсыздықпен күрес. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі«Қосшы» қоғамдық ұйымның қызметі.Жұмысшы кадрларды дайындау.

Әдебиет. Н-7,10, Қ-4,5

10-11 . тақырыбы: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы

Мақсаты: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысына сипаттама беру.

Кеңес Одағының батырларын атау, олардың ерліктерін көрсету.

Жоспар:

1.Майдандағы қостанайлықтар. Халықтың патриоттық сезімдері .Кеңес Одағының батырлары.

2.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық.. Колхоз және совхоз техникаларын дамыту. Өнеркәсіптің дамуы.

Әдебиет: Н-10

Қ-1,3,5,9

12-13. тақырыбы: 1950-80 жж Қостанай облысы.

Мақсаты: 1950-80 жж Қостанай облысына сипаттама беру. Саяси-экономикалық даму бағыттарын анықтау.

Жоспар:

1.Саяси-экономикалық жағдайы. Жеңіс күнінің 30 жылдығы. КСРО-ның және Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясының қабылдануы.

2.Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

3.Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі.

Әдебиет: Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13

№14-15. Тақырыбы:1990 -2008 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіске сипаттама беру.

Жоспар:

1.Қайта құру және егемендік.Волюнтаризм. Ірі облыстық кәсіпорындар.

2.Саяси-әлеуметтік дамуы. Экономикасы.

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.

Әдебиет:Н-8, Қ-5.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]