Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kost_obl_tar_umkd.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
869.89 Кб
Скачать

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы.

­Өзімізге белгілі тұлғаның қалыптасуы жалпы орта мектепсіз мүмкін емес. 20 жылдардың басында қоғам алдында екі үлкен мәселе тұрды. Бұл жалпы білім беру мектептерін құру және сауатсыздықты жою. 1919 жылы 24 желтоқсанда Ленин халық арасында сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойды, соған сәйкес барлық Республика тұрғындары 8 жастан 50 жасқа дейін яғни жаза оқи алмайтындар өзінің ана тіліне немесе орыс тілінде оқытылуы керек. 1920жыл шілдеде жалпы Ресейлік комиссия құрылды, оның мақсаты сауатсыздықты жою еді. 1919 жылы РСФСР халықтары ішінде сауатсыздықты жою туралы Лениндік декреттен кейін Қазақстанда және барлық елде сауатсыздық үшін күрес басталды.

Қостанайда сауатсыздықты жою туралы губерниялық комиссия құрылды және содан кейін сауатсыздарға арналған мектеп ұйымдастырыла бастады. Қалада олардың саны 39 болды. Республика дамудың жаңа кезеңіне көшті. Сауатсыздықты жою тұрғындар арасында қиындық туғызды. Қазақ тұрғындарына жазғы мектептер ашыла бастады, ол үшін ауылдарға ең жақсы мұғалімдер жіберілді бірақ сауатсыздықпен күрес бірдей жүргізілмеді, өйткені мұғалімдер аз болды. Сондықтан мұғалімдер мен қатар комсомолдар мен қызметшілерде білім берді. Сол кезедегі сауатты әр адамның міндеті оқи алмайтын және жаза алмайтындарды үйрету болды. Қостанай губерниясының сауатсыздықты жою туралы комиссиясы сауатсыздыққа қарсы 347 мектеп ашты. 305 орыс мектебі болды және 42 қазақ татар мектебі болды. 39 мектеп қалада болса, 40 қызыл армия бөлімшелерінде болды. Сауатсыздарды 1539 мұғалім оқытты, олар 41024 адамды оқытты, 1927-28 жылдары жұмыстардың нәтижесі бойынша 244 адам оқытылса, қала бойынша 493 адам болды. Сауатсыздарды оқытуды ұйымдастыру үшін партиялық советтік комсомолдық ұйымдар айналысты, сауатсыздықты жоюды айналысумен қатар партия және мемлекет өсіп келе жатқан ұрпақ үшінде барлық жағдай жасады. 20 жылдың басында губернияда І дәрежеде 19 мектеп және ІІ дәрежеде 3 мектеп ашылды. Жаңа мектепке білімді мұғалімдер кітап құралдар жетіспеді. Жергілікті органдар мектептерге әртүрлі көмек беріп отырды. Қалаларда мектеп шаруашылық советтері ұйымдастырылып тұрды. Ауылдық жерлерде мектептер мен ауыл советтері, профсоюздар, жастар одағы және т.б. ұйымдар айналысты. Мектептерде ата-аналар комитеті жұмыс істеді.

Бақылау сұрақтары

1.Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайын сипаттау.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы қандай жағдайда болды?

3.Сауатсыздықпен күрес қалай жүргізілді?

Әдебиет:

1. Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай 1995

2. Костанай: вчера,сегодня, завтра.Алматы. 1986.

10-11. Лекция тақырыбы: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы

Мақсаты: Екінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысына сипаттама беру, майданға қатысқан қостанайлықтардың есімімен танысу.

Жоспар:

1.Майдандағы қостанайлықтар.

2.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық.

Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап фашисттерге қарсы соғысуға біздің жерлесіміз де қатысты.Олар Отанымыздың көбіне батыс шекарасын қорғаған еді. Олардың арасында Кеңес үкіметіне атағы шыққан И.П. Вименский,М.М. МечаевДеңес Одағының батырлары А.И Пародович,В.Е. Головченко, М. Сальников, Сұлтан Баймағанбетов.

Ақ теңізден Қара теңізге дейінгі жерлердегі фронттардың барлығында Қостанайлық жауынгерлер күрескен. Қостанайлықтар - Кеңес одағының батырлары – Бұл әр түрлі әскери шеніндегі және маман иелері, қатардағы жауынгерден полк командиріне дейін, солдаттан полковникке дейін адамдар еді.

Л.И.Беда 1942 жылы Орынбор авиациялық училищесін аяқтап, қатардағы ұшқыштан полк командиріне дейінгі жолды өтіп шықты. 214 әскери ұшуларға қатысты.Соғыстан соң эскери академияны аяқтайды. 1976 жылдарға дейін генерал-лейтенант Л.И.Беда Краснознамен Белорустік әскери округімен әскери - әуе күштерінің командирі болды.

Атақ орденінің толық кавалері атанғандар:Дарменов, Н.Л. Михайленко, Ф.Р. Поляков, В.И Пипчук, сонымен қатар Ахмет Әубэкіров, М.С. Яровон, А.Е. Спиридонов жэне М.Н. Пресняков.

Қостанайлықтардан құрылған 151 -ші атқыштар бригадасы негізінде қайта жасақталған 150-ші атқыштар дивизиясы шайқаспен Берлинге дейін барды.Біздің жерлесіміз,аға сержант,кейіннен Совет Одағының Батыры атанған И.Я.Съянов басқарған шабуылшылар тобы бірінші болып рейхстагқа кірді,фашистер ұясының төбесіне Жеңіс туын,тіпті Берлинді алуға қатысқандар арасында К.М.Волочаев,И.А.Мищенко, басқа да көптеген жерлестеріміз болды.

Біз қостанайлықтардың жанқиярлық еңбегін паш ететін жекелеген мысалдарды келтіріп отырмыз.Неміс-фашист басқыншыларына қарсы шайқаста ерекше көзге түскен мыңдаған қостанайлықтар отанымызды ордендер мен медальдарымен марапатталды. Алты адам «Даңқ» орденінің толық кавалері болды. 26 жерлесімізге Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Бұл атаққа екі мэрте ие болған Л.И.Беда мен И.Ф.Павловты біз орынды мақтан етеміз.

¥лы Отан соғысында әйелдер де еркектермен бірге Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің дем берушісі және ұйымдастырушысы лениндік Коммунистік партия болды. Өзінің сан қырлы қызметімен ол саяси, мемлекеттік жэне әскери басшылыктың, армия мен халықтың, майдан мен тылдың бірлігін қамтамасыз етті. Коммунистер басының өнегесімен, партияның жалынды сөздерімен кеңес адамдарын жеңіске жігерлендірді және соған жеткізді.

Бүгінгі жас қостанайлықтар әкелері мен аналарының Ұлы Отан соғысында, тылда көрсеткен ерліктерін жақсы біледі.Олаға ұрпақ өнегесін құрметтеп, қастерлеп, есте сақтап отырумен қатар, өз парызын, алдарында тұрған міндетті терең сезінеді.Еңбекте де, оқуда да аддынғы саптан көрінеді.

Бақылау сұрағы:

1.Майдандағы қостанайлықтарды ата,олар туралы хабарлама дайындау.

2. Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық жағдайы қандай деңгейде болды?

3.Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар жасалды?

Әдебиет:

1.Маленьхов В.Г. Костанайская молодежь в годы великой Отечественной войны: / 1941-45/ Костанай. 1959.

2. Они прошли через войну: /50 летие Великой победы посвящается / Костанай. 1995

3. Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай 1995

4.Костанай: вчера,сегодня, завтра.Алматы.

12-13. Тақырыбы: 1950-80 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіске сипаттама беру.

Жоспар:

1.Басқаруды дамыту жағдайындағы өнеркәсіп.

2.Ауылшаруашылықтан индустриялық негізге көшу.

3.Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.

1. Қостанай облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш (Орынбор, Челябі, Қорған) облыстарымен шектеседі.

Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы салынған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы . Облыс аумағында жүзден аса ұлт пен халықтар тұрады. 2008 жылдың 1 қаң тарындағы мәлімет бойынша облыс халқының саны 894,2 мың адамды құрады, оның ішінде: 34,9 % – қазақтар, 41,2 орыстар % - орыстар, 11,9 % -украиндықтар, 3,8 % - немістер, 8,2 % - басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы км 4,6 адамнан келеді. Ең тығыз орналасқан қалалар Қостанай, Рудный және Лисаков, ең аз – облыстың оң түстік аудандары, бір шаршы км 0,5-тен 0,8-ге дейін адамды құрайды.

ХІ-ші 5-жылдықтың басты мақсаты адамдардың даму деңгейін ара қарай көтеру, орнықтыру, ауыл- шаруашылығының дамуын , ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату және эканомикалық аударылымды интенсивті даму жлына түсіру, мемлекеттің өндірістік потенциалын қолданудын одан әрі рацианалдандыру , дүниежүзілік экономиканың жолдарын және жұмыс сапасын одан әрі көтеру.

1981 жылы жұмысты алдын-ала және сапалы жасау әлеуметтік жарысына 5млн.600мың қазақстандықтар қатысты.

Жалпы өндіріс көлемінің көтерілуіне қол жеткізген Рудный қаласы, Боровской, Камышенск, Тарановск, Науырзым аудандары.

Халықтың тұтынатын тауар көлемі жоспардан тыс жоғарылады, жихаз 426 мың рублейге, 408 тонна дайын жүн маталары-194мың квадрат метр тігу бұйымдары, 516 мың рублейге, шұжық өнімдері -143 тонна , ұн-9212 тонна, нан-2369 тонна, кондитер өнімдері-262 тонна.

2. Ғылыми-техникалық процесс және экономикалық интенсивті даму жолына өтуі.

Ғылым-адам мәдениетінің бір бөлігі ,сонымен қатар ең маңызды және жемісті , адамдардың дүниені тануына және осы дүниенің адам еңбегімен көркейе түсуі десек те артық болмас еді.

Ғылым көптен-көп дүтаным көз-қарастарына ,адамның жан –дүниесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның дамуы қоғам белсенділігіне және жауапкершілігіне , жаңашылдыққа, шығармалық қатынасына, қалыптасу және оның қажеттіліктеріне тәрбиелеуге байланысты, бұл яғни ғылыми-техникалық процестің ең жағымдысы.Сонымен қатар ғылым да ,техника да ең маңызды күшейткіш болды. Көлік, жабдық, автоматтандыру жүйелерін аз уақыттажоспарлау негізгі бағыт болды.Жаңа техникалар көп мүмкіндікті туғызды: металдың, және жағу энергиясының аз кетуі.80 жылдары халықтың шаруашылық структурасы пайда болды.

5 жылдықтың аяғында қалада 130 мың адам тұрды, оның ішінде 60-ұлт өкілі өмір сүрді.

Сарбай, Соколов, Качар, Құржынкөл, Соколов жерасты руднигі-руда өндіретін шахтасы.

3. Аумақтық даму ролі.

Облыстық кәсіп орындарының көбі жылдық жоспарды орындай алды және тауарды дұрыс орнықтырды, сонымен қатар : «Ремдортехника» бірлестігі, «Большевичка» фабрикасы, балық заводы, Тобол леспромхозы, Казремстроймаш, «Казогнеупор» заводы да үлкен жетістікке жетті.

Жылдық жоспар бойынша тауарды жүзеге асыру 100% орындалды, тауар жоспардан тыс 2027 мың рублейге өнім әкелді.

Сонымен қатар осы жылы жоспарды жүзеге асырғандар: Качар ГОК, «Казогнеупор» заводы, «Большевичка» фабрикасы, жол құрылыс жабдық комбинаты.

Жоспарды жүзеге асыруда үлкен жетістікке жеткен кәсіп орындар: Тогузасий мех заводы,Лисоковск « Целинсантехмонтаж» заводы, Қостанай ет комбинаты, жиһаз фабрикасы, жергілікті кәсіп орын басқармасы, облполиграфиздат, Рудныдағы көздері көрмейтін қоғамы, жол құрылыс жабдық комбинаты, Қостанай реммех заводы, «Ремдортехника» бірлестігі, «Большевичка» фабрикасы, балық заводы, нан комбинаты, жиһаз фабрикасы.

1984 жылы облыс бойынша еңбек өндірісінің көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 101% ке өсті. Сонымен қатар өндірістің одан әріжылдам дамуы Качар ГОК, Краснооктябрь, химиялық элементтер заводы, Тогузакс мехзаводы, «Ремдортехника» бірлестігінде, «Большевичка» фабрикасында, балық заводында, нан комбинатында, жиһаз фабрикасында байқалды.1984 жылы ақпан-қаңтарда облоста өндіріс щығару кәсіп орындарында руда өнімі-137 мың тонна, асбест хризотиль-18 мың тонна, стене блогы-3466 мың дана, кірпіш және ұсақ блок-1100 мың дана, насос-16 дана.Халықтық тұтыну товарларынан: жиһаз-1512 мың рублейге, шұжық өнімдері-517 тонна, ауланған балық-174 тонна, сүт өнімдері-289 тонна, ұн-3232 тонна, нан-547 тонна, макарон-304 тонна.

Облыстың негізгі көрсеткіштері бойынша өндіріс кәсіп орындары жұмысты уақытында орындады.

5.Оқу, денсаулық сақтау мәдениеті.Дене шынықтыру және спорт.

Мемлекет және Қостанай облосы көп көңілді мәдениеттің дамуына бөлді, оқу, денсаулық сақтау, дене шынықтыру,спорт, ғылыми- оқуту потенциясын көтеруүшін, денсалығын бекіту, адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсатру.

Осының арқасында облоста мәдениет, мәдениет материалдық базасы жақсара түсті.

Осы уақытта 12 мәдениет үйі ,60 клуб, 160 кітапхана, «Юнность» мәдениет сарайы ашылды.

РДК Боровскойда, Рудныда филормония есіктері ашылды, сонымен қатар Рудныда тарихи музей. Халық жыл сайын ақын айтыстарына көбірек баратын болды.

10-шы 5- жылдықпен салыстырғанда кітапханаларға көбірек баратындары байқалды, соған байланысты абанамент және ғылыми-техникалық мәдениет пайда болды. Сонымен қатар мәдениет сарайлары , театр, филормония, көрме залы да әйгілі бола бастады.

Облыстық филормония ұжымы , облыс драма театорының , тарихи-креативтік музейінің , облостық және қалалық кітапханалар, көрме зал және т.б. мәдени мекемелер. 5-жылдың ішінде жыл сайын мәдениет жоспарын құрып, жұзеге асырып отырды.

Е.Омірзақ атындағы облостық филормония, М.Горький атындағы облостықдрама театоры, ЦК ВЦСПС және СССР мәдениет министрлігімен марапатталды.(Ауылды мәдениетті басқарғандары үшін)

1984 жылы 7-ақпанда М.Горький атындағы Қостанай драма театорында Москва актерлерімен Б.Л.Бронев және Георгий Лямлемен кездесуұйымдастырылды, көрерменмен кездесу өткізілді, «Женитьба» спиктакілі сахнада қойылды.

Музей және мектеп бірлескен ұйым өте қызықты болды №3,4,10 Қостанай қаласынан, №6,14,19 Рудны мектебі, ГПТУ №178 Лисоковск қаласы, СПТУ №171 Озерск қаласы, В.И.Ленин атындағы Заречны ауылында және Камышенск ауылындағы мектептерде музей бөлмелері.1981 жылы алғашқы рет Л.Н.Толстой атындағы кітапханада музей басшыларының семинары өтті, және Қазақ ССР мәдениет министрлігі.

Бақылау сұрағы:

1.1950-60 жж Қостанай облысының саяси-экономикалық жағдайына сипаттама беру, ерекшеліктерін ата?

2. Тың және тыңайған жерлерді игеру қалай жүргізілді?

3. Халықтың тұрмыс жағдайын сипаттау.

Әдебиет:

1. Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай 1995

2.Костанай: вчера,сегодня, завтра.Алматы.

14-15. Тақырыбы:1990 -2008 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіске сипаттама беру..

Жоспар:

1.Қайта құру және егемендік.

1.Саяси-әлеуметтік дамуы.

2.Экономикасы.

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.

  • Қостанайда 2007 жылдың басында 70 мыңға жуық жастар өкілдері болды.

  • Қостанайда жыл сайын жоғары оқу орындарында 30 мыңнан астам студенттер білім алады.

  • Қостанайда 50 жастар қоғамдық ұйымдары және 9 аула клубтары жұмыс істейді.

  • Қостанай қалалық мәслихаты жанында жастар мәслихаты жұмыс істейді.Оңын құрамында 240 жас депуттар бар.

  • Қостанай экономикалық колледжі, яғни біздің оқу орнымыздың оқушылары да тыс қалған жоқ.

Әлеуметтік сала. 2008 жылдың 1 қаң тарына облыста 644 жалпы білім беретін мектеп, 91 мектеп алды балалар мекемесі, 28 арнайы орта білім беретін мекеме, 9 жоғары оқу орны, 48 аурухана, 8 емхана, 143 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 408 мед пункті, 3 театр, 10 мұражай, 393 кітапхана, 278 Мәдениет үйі мен клуб, 2 Спорт сарайы, 39 спорт кешені, 29 стадион бар.

Облыста 20 ұлттық-мәдени орталығы және қауым, 10 саяси партия, 144 діни бірлестігі бар, оның 97-христиандық, 45-мусылмандық, 2-басқалар.

Бұл күндері облыс орталығында мыналар қызмет етеді:

  • 18 конфессиялар

  • 2 қайымдылық діни қор

  • 28 тағзым ететін орын, оның ішінде:

  • 1 облыстық Марал ишан атындағы мешіт, оған 400-ден 1000-ға дейін мұсылмандар келеді.

  • 3 православиялық храмдар:

Константино-Еленинский саборы.

Свято-Николаевская шеркеуі 1998 жылы ашылды.

Архангел Михаилдың часовнясы

  • Праславиялық храмдарға келушілер 40-тан 100 адамға, мереке күндері 900 адамға дейін келеді

  • 2 шіркеу қоры

  • 1 Жексенбілік үйірме

  • 1 Успения Пресвятой Богородицы католиктік шіркеуі

  • 23 тағзым ететін орын протестан шіркеуіне қарайды

Әкімшілік-аумақтық бөлу. Облыс құрамына 4 қала,16 аудан, 8 кент (3 қалалық және 5 ауылдық), 255 ауылдық және селолық округі кіреді.

Қостанай қаласы экономикасының 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі құрылымы:

  • Өнеркәсіп 20,8

  • Құрылыс 15,9

  • Көлік және байланыс 1,1

  • Сауда (көтермені есептегенде) 58,4

  • Қызметтер 3,8

Қостанай қаласының аумағында жұмыс істейді:

  • 20 қонақ үй

  • 300 – ге жуық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары

  • 1000 – нан астам дүкендер

  • 13 ірі базарлар

  • 179 шаштараздар мен сұлулық салондар

  • 20 моншалар мен сауналар

  • 14 банктер пен 40 – қа жуық валюта айырбастау пункттері

Облыс орталығында сан тармақты емдеу – сауықтыру мекемелерінің жүйесі жұмыс істейді. Атап айтқанда:

  • 5 аурухана

  • 5 диспансер

  • үкімет қаржыландыратын 4 емхана

  • 20жеке медициналық сауқтыру мекемелері

5 стомотологиялық емдеу орындары мен осындай кең түрдегі аптекалар жүйесі бар фармакологиялық компаниялар

2006 – шы жылы қаланың ірі және орта кәсіпорындарында жалпы сомасы 17 млн. теңгіні құрайтың 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. «Әйгерім» түсқағаз фабрикасы, «Казхимволокно», «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Космис» ЖШС – нің жұмыстары қарқынды дамып, олардың шығарған өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі танда ауылшаруашылығы машина жасау саласында 2 ірі жоба табысты жүзеге асырылуда. Оның бірі – «ИволгаХолдинг» компаниясы мен Петербург трактор заутының К – 744 тракторын құрастырұдағы бірлесек жобасы болса, екіншісі – Харьков трактор, Краснояр комбайн және Қостанай дизель зауыттарының «Енисей - 950» комбайны мен ХТЗ – 181 тракторын Қостанай қаласында құрастырып шығыруға бағытталған бірлескен жоба.

Ұлттық ұясы болған Торғай мен Қостанай дарынды ірі тұлғаларға бай өлке. Ұлт мүддесі үшін аянбай тер төккен ұлы тұлғаларды өмірге әкелген жер. Солардың бірі, бірі емес-ау бірегейі «Даланың алып қоңырауы» атынған ұлы ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин. Ол халқымыздың тұнғыш ағартушысы десек, қазақ жеріндегі білім беру ісінде одан кейін елеулі ықпал жасаған екінші тұлға А. Байтұрсынұлы арабграфикасының негізінде тұнғыш рет қазақ алфавитін жасаған. Біздің жерлесіміз А. Байтұрсынұлы да алғаш сауатын Ыбырай мектебінде ашқан еді. Ұлыларды туғызатын уақыт, мұңы тағылым заманнан бері барша жұртшылық мойындап жүр. Ахаң мен Жақаң... Осы ғасырдың алғашқы ширегінде замандастары ол екеуын егіз қозыдай, бір-біріне бөле жармай атапты. Торғай бойында туып-өскен оларды топтастырған тек жерлестік, сыйластық қана емес, мұрат пен мүдде бірлігі болса керек. Тұтас халықтың өміріндегі аса сындарлы кезеңде өздерінің азаматтық парыздарын, табиғат берген мол мүмкіндіктерін ел игілігіне жұмсады. Біреуі «Маса» болып шырылдап халқын сергектікке шақырса, екіншісі жүрегінің отжалынымен ашық түрде «Оян, қазақ!»деп ұран тастады. әрине, «Алмас пышақ қын түбінде жатпайды» демекші, ұлты үшін еңбектенгендер аз емес. Солардың ішінде ғалым Ш. Уәлиханов, ақын-жазушылар Б. Майлин, С. Көбеев, М. Сералин, М. Хакімжанова, Н. Наушабаев, Н. Ахметбеков, С. Мәуленов, Ғ. Қаирбеков және т.б. Қостанай атырабынан шыққандар.

Біздің Қостанай өлкесінің атақты жазушыларының өмір жолдары өнегелі істерге толы.Ең бір елеулі де көрнекті жазушы,ақындарын мен атап кетейін. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шокан Уәлиханов, Спандияр Көбеев, Мариям Хакимжанова, Баязид Ауани, Петр Черныш, Есенгелді Сүйінов, Бәкеш Айсин, Марфуға Бектенірова, Нағашыбай Мұқатов т.б.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауытың басталарымен ерекше әсер қалдырды. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның қарышты қадамдары ел экономикасының өрлеп, әлеуметтік жағдайдың жақсаруын қамтамасыз етуде. Жолдауда білім мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік салаларға баса назар аударылуы-аталмыш салалардың әлемдік стандарттарға жақындауына септігін тигізеді. Ал, қоғамымыздаорын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың, әсіресе сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен болдырмау әрекеттері Елбасының ҚР азаматтырына тапсырған аманатындай десек қателеспеген болармыз. Бұл ретте де басқа мәселелерге тірлегенде де жұмылған жұдырықтай бірлік керек-ақ. Жолдаудың басты түйіні де-осы.

1989 жылы 22 қыркүйекте тұнғыш рет Қазақ КСР-інің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. 1995 жылы қабылданған Ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Республикамыздағы ұлт пен ұлыстардың өз мәдениеті мен тілін дамытуға қолдау білдіре отырып, барша отандастарымызды мемлекеттік тілдің Конституцияда көрсетілген мәртебесін сақтауға және мемлекеттік ортақ мүдде төңірегінде күш біріктіруге шақырамын. Қазақстанның, қазақ тілінің тағдыры әрбір азаматтың отансүйгіштігінде тікелей байланысты екенін бәріміз де жан-жүрегімізбен сезінеміз. Ұрпақтың бойында туып-өскен өлкесіне, еліміздің салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік нұрын себу, сол арқылы ізгелік пен адамгершіліктің негізін қалыптастыру әр ұстаздың парызы.

Бақылау сұрағы:

1.Қайта құру және егемендік жағдайын сипаттау.

2.Саяси-әлеуметтік дамуында қандай өзгерістер болды?

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау салалары қалай дамыды?

Әдебиет.

1.Черныш П.М. Очерки истории Костанайской области. Костанай. 1995.

2. Костанай: вчера, сегодня, завтра. Алматы: 1979.

3. Мехонцев Н.И. Костанайская область. Челябинск. 1955.

4. Батищев – Тарасов С.Д. Большой Тургай. М. 1959.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]