
- •1) Атом-молекулалық теорияның негізгі қағидалары
- •2.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық системасы. Атомдардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері.
- •3) Квант сандары. Электрондық орбиталдардың кеңістіктегі пішіні
- •7 Валенттілік байланыс әдісі
- •8 Ішкі энергия. Энтальпия. Термодинамиканың 1- заңы
- •9 Энтропия туралы түсінік.Өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін процестер.Термодинамиканың 2 заңы
- •14) Электролиттер ерітіндісі. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •15) Квант механикасы,Шредингер теңдеуі,толқындық функция
- •16) Тұздар гидролизі. Гидролиздену константасы және дәрежесі.
- •17)Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.
- •18) ) Галогендер. Валенттілік мүмкіндіктері және галогендердің салыстырмалық қасиеттері. Қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипаты. Фтордың ерекшеліктері.
- •19) Хлордың оттекті қышқылдарының қышқылдық – негіздік және тотықтырғыштық - тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары және оларды түсіндіру
- •20)Күкірт қышқылының өндірісі, күкірт қышқылын контакт және нитрозды әдістермен алу
- •21 Табиғаттағы азот. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері және бос азоттың қолданылуы. Атмосферадағы азот фиксациясы.
- •22 Фосфор. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері. Аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Өндірісте фосфордың алынуы, қолданылуы.
- •23 Фосфор ангидриді. Фосфор қышқылдарының құрылысы, қасиеті және тұздары. Полиметафосфаттар. Фосфор тыңайытқыштары қолданылуы
- •24 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері. Құрылысының ерекшеліктері. Кремнийдің шалаөткізгіштік қасиеттері.
- •26)Көмір қышқылы және оның тұздары. Көмірқышқылы молекуласының және карбонат-ионның құрылысы. Сулы ерітінділердегі қиын еритін карбонаттарды тұндырудың ерекшеліктері. Қолданылуы.
- •28) Металдардың химиялық қасиеттері. Тотықтырғыштық- тотықсыздандырғыштық. Металдардың коррозиясы. Күресу жолдары.
- •30)F-элементтердің сипаттамаларына. Жалпы шолу және салыстымалы сипаттама беру.
14) Электролиттер ерітіндісі. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Оствальдтың сұйылту заңы.
Электролиттер - негіздер, қышқылдар, тұздар балқымалары мен ерітінділері электр тогын өткізеді.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.
2. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Электролит молекулаларының иондарға ыдырау процесін электролиттік диссоциация дейді. Иондардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды:
NaCl↔ Na++ Cl-;
HCl ↔ Н++ CI-;
H2S04 ↔ 2Н+ + S042-
Иондардың формулалары да зарядтың таңбасы (+, - ) оның сан мәнінен кейін жазылады. Негіздер дегеніміз судағы ерітінділерінде диссоциацияланып металдың катионына және гидроксидтің анионына ыдырайтын электролит. KOH↔K+ +OH-
Ba(OH)2↔BaOH+ +OH- ↔Ba2+ + OH-
Қыш. Дег. Судағы ерітінділерде сутектің катионына және қыш.қылдығының аинонына диссоц. Қосылыс. HCl=H+Cl
H3PO4=H+H2PO4=2H+HPO4=3H+PO4
Тұздар деп судағы ерітінділерінде метал катионы мен қыш.қалдығы анионына ыдырайтын қосылыс.
Диссоциациялану дәрежесі, диссоциациялану константасы және ерітіндінің концентрациясы бірімен бірі мына математикалық теңдеумен байланысты (оны Оствальдтың сұйылту заңы деп атайды). КД =α2/ (1-α)C
Әлсіз
электролиттер үшін диссоциациялану
дәрежесі өте аз, сондықтан (1-α)=1
тең деп алуға болады, сонда: KД=α2/C
; α=
Оствальдтың сұйылту заңы былай айтылады: әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесі ерітіндіні сұйылтқан сайын өседі және диссоциациялану константасының квадрат түбіріне кері пропорционал.
15) Квант механикасы,Шредингер теңдеуі,толқындық функция
Де-Бройль зерттеулері микробөлшектердің қозғалысын сипаттайтын жаңа механиканың негізін салуға көмектесті.1925-1926 жж неміс ғалымы В.Гейзенберг пен австралиялық Э .Шредингер өз беттерінше жаңа механиканың екі вариантын ұсынды Бұл екі варианттың нәтижесі бірдей,бірақ есептеуге қолайлы Шредингер теңдеуі жиі қолданылады. Атом мен молекула құрылыстарының қазіргі теориялары да осы әдіске сүйенеді.Бұл теориялар микробөлшектердің қозғалысын және күйін сипаттайтын болғандықтан квант механикасы деп аталады
Шредингер теңдеуі:
U –берілген нүктедегі электронның потенциялдық энергиясы E- электронның толық энергиясы
Шредингер теңдеуіне кіретін айнымалы шама Ψ(пси)-толқындық функция деп аталады.Өзінің физикалық мәніне сай толқындық функция шекті,үздіксіз,ал электрон жоқ жерде оның мәні нөлге айналуы тиіс
16) Тұздар гидролизі. Гидролиздену константасы және дәрежесі.
Тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.Сондықтан бірталай орта тұздардың ерітіндісіне индикаторлар қосқанда не қышқылдық, не сілтілік орта көрсетеді.
Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топқа бөлінеді: I. Күшті негіз бен күшті қышқылдан KCl, K2S04, NaN03, NaCl; ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04; ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.
IV. Күшті негіз бен күшті қышқылдан бейтарап орта пайда болады.Сондықтан тұздар гидролизденбейді.
I. Натрий хлориді (NaCl) — NaOH күшті негіз (к.н.) және HCl күштіқышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілетін тұз. NaCl --> Na+ + CI- НОН --> Н+ + ОН- Диссоциация нәтижесінде пайда болған әр аттас иондар электростатикалық күштердің әсерінен тартылады. Сонда түзілген электролиттер күшті болғандықтан (NaOH, HCl) құрамдас бөліктеріне толық диссоциацияланады, сондықтан су иондарының концентрациялары өзгермейді .Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады.
IІ. Натрий карбонаты Na2CO3 - NaOH күшті негіз (к.н.) бен әлсіз көмір (Н2СО3) қышқылы (ө. к.) әрекеттескенде түзілген тұз. Na2CO3 --> 2Na+ + CO32- НОН --> Н+ + OH-
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы қышқыл қалдық анионы су құрамынан сутек катионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады, сондықтан орта негіздік (сілтілік) болады. Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі: Na2C03 + НОН = NaHC03 + NaOH
IІI. Алюминий хлориді АlСl3 - Аl(ОН)3 әлсіз негіз (ө.н.) бен HCl күшті кышқыл (к.қ.) әрекеттескенде түзілген тұз. АlСl ->3 Аl3+ + 3Cl- НОН -> Н+ + ОН-
АlСl3 ерігенде түзілген Аl3+ иондары судың ОН- иондарымен бірігіп (Аl0Н)2+ ионын түзеді, сутек ионы ерітіндіде қалады, ал түзілген қышқыл иондалады.Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиеттеріне тәуелді. Гидролизге тек ерімтал тұздар ғана түседі, гидролиз қайтымды үдеріс.
Гидролиздену дәрежесі aг
Гидролиз константасы - Кг
Кд – диссоциация константасы
Әлсіз қышқыл (Кд.қ)
Негіз (Кд.негіз)
Кw = [H+].[OH–] = 10–14