Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
chem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
19.02.2020
Размер:
89.8 Кб
Скачать

22 Фосфор. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері. Аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Өндірісте фосфордың алынуы, қолданылуы.

Фосфор, элементтердің периодтық жүйесіндегі азот топшасының (VA) бейметалды химиялық элементі. Табиғатта таралуы Фосфор элементтердің табиғатта таралуы бойынша 12-ші орын алады. I. жер қыртысында – 0,1%, маңызды минералдары – фосфорит (Са5(РО4)3(ОН,СО3)), апатит (Са5(РО4)3(F,Cl)); II. өсімдіктерде – дәнінің белоктарының құрамында; III . жануарлар организмдарында: Сүт, қан, ми және нерв ткані белоктарының құрамында, Сүйектің және тістің құрамында (3Са3(РО4)2 · Ca(OH)2 и 3Са3(РО4)2 · CaСO3 · Н2О) түрінде болады, ДНҚ, РНҚ-да (тұқым қуалау информациясын сақтайды және тасмалдайды), АТФ (энергия алмасуға жауап береді)

Алу жолы.

Фосфорды бос күйде алу үшін фосфоритті құм және көмірмен араластырып электр пеште 1500˚-қа дейін қыздырады, онда болатын реакциялардың жалпы теңдігі былай жазылады: 2Ca3(PO4)2 + 6SiO2 + 10C = 6CaSiO3 + P4 +10CO ΔН˚ = 1359,8 кДж/моль Бөлініп шыққан фосфор буы салқындатылып, қатты күйге аударылған фосфор, судың астына жиналады.

Аллотропиялық түр өзгерісі

Ақ фосфор.

Р4 молекулаларынан тұратын, еркін қозғала алатын, куб тәрізді молекулалы кристалдық торы болады. Олар өте әлсіз байланыстармен байланысады және тетраэдр пішінді. Төмен темп. морт сынғыш, 15̊-тан жоғары жұмсарады, өзіне тән иісі бар. Өте улы. Суда ерімейді, бірақ көміртек дисульфидінде, бензолда жақсы ериді. Сондықтан оны су астында сақтайды. Қараңғыда жарық шығарады, ауада өздігінен жануы мүмкін.

Қызыл фосфор.

Аморфты құрылысы немесе атомды-кристалдық торы бар. Полимерлі құрылысы: Р4 тетраэдрлері шексіз байланыста байланысады. Қызыл фосфордың олекуласы ақ фосфордың күрделі полимері деп есептеледі. Ұнтақ түсі қызыл, улы емес. Суда да, күкіртті көміртегінде де ерімейді. Қыздырған кезде ғана жанады, ал өздігінен 200-тан жоғары темп. жанады.

Қара фосфор.

Кристалдық пішінді. Бір-бірімен қабатталып байланысқан, төбелерінде фосфор атомдары бар ірі алтыбұрыштардан құралған (графит тәрізді). Қара фосфор графитке ұқсайды, ρ=2,7, шала өткізгіш. Ауасыз қыздырған кезде буға айналады, кейін ақ фосфорға конденсацияланады.

Химиялық қасиеттері:

Жай заттармен – бейметалдармен әрекеттесуі. Фосфор көптеген бейметалдармен реакцияға түсе алады: оттекпен, күкіртпен, галогендермен, сутекпен фосфор нашар немесе мүлдем әрекеттеспейді. Фосфордың мөлшерінің артық немесе кемдігіне байланысты, фосфордың (III) немесе (V) өнімдері алынады, мысалы: 2P + 3Br2 = 2PBr3 немесе 2P + 5Br2 = 2PBr5 4P + 5О2 = 2P2О5

2 Р + 3Cl2 ( кем) →2 PCI3

2 Р + 5Cl2 ( артық) → 2PCI5

Фосфор трихлориді PCl3 алу үшін көп етіп балқытқан фосфордың үстімен хлор жібереді, сонда фосфор солғын сары түсті жалынмен жанып:

2P + 3Cl2 = 2PCl3 ΔH˚= -644.3 кДж/моль

PCl3 + 3H2O = H3PO3 + 3HCl

Фосфор пентахлориді – фософр қышқылының хлор ангидриді, гидролиз екі сатыда өтеді:

PCl5 + H2O = POCl3 + 2HCl

POCl3 + 3H2O = H3PO4 + 3HCl

POCl3 - фосфор оксо-трихлориді түссіз сұйықтық.

Металдармен әрекеттесуі. Фосфорды металдармен қыздыру арқылы фосфидтер алынады: 3Mg + 2P = Mg3P2 Кейбір металдардың фосфидтері суда газ тәрізді фосфин PH3 түзу арқылы ериді: Mg3P2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + 2PH3 Фосфин PH3 химиялық қасиеттері бойынша аммиакқа NH3 ұқсас.

Сілтілермен әрекеттесуі.

Ақ фосфорды сілті ерітіндісінде қыздырған кезде ол диспропорцияланады:

P4 + 3NaOH + 3H2O = PH3 + 3NaH2PO2

Р0 + 3е Р-3 1 тотықтырғыш; тотықсызданады;

Р0 - 1е Р+1 3 тотықсыздандырғыш; тотығады;

Конц. азот қышқылымен әрекеттесуі: 3Р + 5HNO3 + 2H2O = 3H3PO4 + 5NO

Дифосфор үшоксиді – P2O3 фосфор баяу тотыққанда немесе оттек жеткіліксіз болғанда түзілетін, ақ түсті кристалдық зат. Төмен темп. полимерленіп P4O6 түзеді. Суық сумен қосылып фосфорлы қышқыл H3PO3 түзеді.

P2O3 + 3H2O = 2 H3PO3

4H3PO3 → PH3 + 3H3PO4

Дифосфор тетраоксиді - P2O4 түссіз, жылтыр кристалдық зат.

P2O4 + 3H2O = H3PO3 + H3PO4

Дифосфор пентаоксиді – P2O5 сумен өте шабытты қосылады:

P2O5 + 3H2O = 2H3PO4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]