
- •1) Атом-молекулалық теорияның негізгі қағидалары
- •2.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және периодтық системасы. Атомдардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері.
- •3) Квант сандары. Электрондық орбиталдардың кеңістіктегі пішіні
- •7 Валенттілік байланыс әдісі
- •8 Ішкі энергия. Энтальпия. Термодинамиканың 1- заңы
- •9 Энтропия туралы түсінік.Өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін процестер.Термодинамиканың 2 заңы
- •14) Электролиттер ерітіндісі. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •15) Квант механикасы,Шредингер теңдеуі,толқындық функция
- •16) Тұздар гидролизі. Гидролиздену константасы және дәрежесі.
- •17)Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.
- •18) ) Галогендер. Валенттілік мүмкіндіктері және галогендердің салыстырмалық қасиеттері. Қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипаты. Фтордың ерекшеліктері.
- •19) Хлордың оттекті қышқылдарының қышқылдық – негіздік және тотықтырғыштық - тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары және оларды түсіндіру
- •20)Күкірт қышқылының өндірісі, күкірт қышқылын контакт және нитрозды әдістермен алу
- •21 Табиғаттағы азот. Алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері және бос азоттың қолданылуы. Атмосферадағы азот фиксациясы.
- •22 Фосфор. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері. Аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Өндірісте фосфордың алынуы, қолданылуы.
- •23 Фосфор ангидриді. Фосфор қышқылдарының құрылысы, қасиеті және тұздары. Полиметафосфаттар. Фосфор тыңайытқыштары қолданылуы
- •24 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері. Құрылысының ерекшеліктері. Кремнийдің шалаөткізгіштік қасиеттері.
- •26)Көмір қышқылы және оның тұздары. Көмірқышқылы молекуласының және карбонат-ионның құрылысы. Сулы ерітінділердегі қиын еритін карбонаттарды тұндырудың ерекшеліктері. Қолданылуы.
- •28) Металдардың химиялық қасиеттері. Тотықтырғыштық- тотықсыздандырғыштық. Металдардың коррозиясы. Күресу жолдары.
- •30)F-элементтердің сипаттамаларына. Жалпы шолу және салыстымалы сипаттама беру.
1) Атом-молекулалық теорияның негізгі қағидалары
Ломоносов 1741 жылы шыққан алғашқы жұмысының бірі «математикалық химияның элементтері» деген еңбегінде атом, молекула жайындағы пікірін ғылыми жүйе түрінде ұсынды. Ломоностың негізгі идеясы - барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың өзара ілінесетіндік қабілеттілігі бар,заттың қасиеті негізінде осы ұсақ бөлшектердің қасиетіне байланысты.Ломоносов бөлшектерлің кішісі –атомды -элемент деп,ірісі-молекуланы-корпускула деп атады. Ломоносов
«элемент - заттың өзінен айырмашылығы және ұсағырақ түрі жоқ бөлшегі. Корпускула - 1кішкене масса түзген элементтердің жинағы» деген. Молекулалардың қасиеті оның құрамына кіретін атомдардың қасиеттерінеорналасу тәртібіне тәуелді. Әрбір затың құрамы оны түзуші корпускуланың құрамына сәйкес. Әртүрлі заттардың корпускулаларының құрамы әртүрлі. Корпускулалар үнемі қозғалыста болады,ол қозғалыс механиканың заңдарына бағынады.Заттың жылынуы,сууы корпускулалар қозғалысына байланысты дейді. Дальтон атом жөніндегі тұжырымы:
1Барлық зат өте кішкене бөлшектерден-атомдардан тұрады.
2Жәй заттар одан әрі бөлінбейтін, біріне-бірі ұқсасбасқалардаен айырмашыллығы бар жәй атомдардан ал күрделі заттар күрделі атомдардан тұрады.Күрделі атомдар реакция кезінде жай заттардыың атомдарына ажырайды...
3Күрделі заттың күрделі атомдары әртүрлі жай атомдардың аз ғана санынан құралады. Мысалы: 2 жай заттың атомдары қосылып күрделі зат бере алады, ол күрделі атомдардың құрамы АВ,А2В, АВ2 т.т. болуы мүмкін, демек 2 элемент арасында бірнеше қосылыс түзіледі.
4күрделі атомның массасы оны қоршаушы жай атомдардың массаларының қосындысына тең. Атомдардың массалары оларды сипаттаушы қасиеттердің бірі. Сондықтан атомдардың салыстырмалы массасын білу өте қажет.
Дальтонның атомистикасы негізінде Ломоносовтың пікіріне ұқсас, бірақ өзгешелігі де бар. Дальтонның күрделі атомдар дейтіндерінде, бірдей жай атомдардан тұратын осы кезлегі түсінікке қарағанда жай заттың молекулалары жоқ. Ломоносов қағидасында ондай корпускулалар бар. Дальтон пікірінше жай заттың молекулаларының болмауы атом-молекулалық ілімінің қабылдануына көп уақыт бөгет болды. Дальтонның атомистикасының 2-ші ерекшелігі мында сапалық сипаттан басқа, сандық-сипат та . ал Дальтонның атомдық массаның анықтауы тамаша табыс еді.
Авогадро элементтің ең ұсақ бөлігі атом екеніне ешкімнің таласы жоқ, бірақ сол элементтердің ең кіші бөлігі сол атом болалды деген ұғымды ешкім дәлелдеген емес. Авогадро пікірінше , ол газ күйіндегі жай заттардың кіші бөлігі атом емес, 2 атомнан түзілген молекула. Сөйтіп Авогадроның пікірі бойынша бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар сандары да бірдей болады. Сқйтіп молекула дегеніміз заттың хим қасиеттерін бойында сақтайтын ең кіші бөлігі . кқпшілік заттардың молекулалары дербес күйде болады. Ал атом – жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамына кіретін хим элементтердің ең кіші бөлігі. Яғни Авогадроның жай газдың молекулалары 2 атомнан тұрады деген дұрыс болды.