
- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды.1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды.
ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
23.Көшпелі өзбектер мемлекеті құрамындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ (Әбілхайыр хандығы). 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.
24. XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан. Моғолыстан 14ғ ортасымен 15ғ аяғы аралығында өмір сүрген.14ғ ортасында Шағатай ұлысы ыдырып екі бөлікке бөлінді.Шағатай ұлысының шығыс бөлігі-Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғыстын аумағында Моғолыстан мемлекеті құрылды.Мемлекетті Шағатай ханға адал қызымет еткен дулат тайпасының әміршісі Поладшы басқарған.Бірак ол хан болуға құқы болмағандықтан, Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді 1348ж хан етіп сайлайды.Тоғылық-Темір билікке саяси тұрақсыздық орнаған кезде келді.Бірак жағдайды біршама тұрақтандырып,Моғолыстанның бүкіл аймағын өз билігіне біріктірді.Ордасы Алмалық қаласы болды.Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.Тоғылық-Темір өзінің билігн Мәуренахрға да жүргзбек болды.Өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлтының кезінде орныққан Орта Аэия жеріндегі билікті қалпына келтіруді көэдейді.1360-1361 жылдары Мәуреннахрға сатті жорықтар жасап,баласы ілияс Қожаны Мәуреннахрдың билеушісі етеді.Алайда Тоғылық-Темір қайтыс болады.Ілияс Қожа мұрагерлік құқын реттеу ушін Моғолыстанға оралады.Осы кезде Әмір Темір Мәуренахрда өз билігн орнату үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады.Арасында бірнеше соғыстар болып Моғол ханы жеңіледі.Ақыры 1365ж 22 маусымында шешуші шайқаста Ілияс Қожа жеңеді.Одан кейн билікке Тогылық Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр Қожа келеді.Бірақ осы кездері Әмір Темір бұларға жорықтар жасайды.Алғашқы жорық 1371-1372ж болды. Екіншісі 1375-1377ж болды. 1380-90 жылдарында тағыда бірнеше рет жорық жасаған.Сонымен Әмір Темірдің шабуылдарынан әбден титығы жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді.Қызыр Қожа Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды.1405ж Темір қайтыс болған соң,Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед кезінде (1408-1410)тәуелсіздікке қол жеткізеді.Мұхаммед олген соң Моғолыстанда талстар қайтадан басталады.Моғол шонжарлары Қызыр Қожаның екінші немересі Уәйісті хан тағына отырғызады.1428ж Уәйіс қайтыс болған соңда талас-тартыс басылмыйды.Хандық үшін талас Уәйіс ханның екі ұлы Есенбұға мен Жүніс арасында жүреді.Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-62ж хан тағына отырады.Бірақ Жүніс таласын тоқтатпайды.Ол Темір ұрпағы Әбу Саидтан комек сұрайды.1462ж Есен Бұға қайтыс болған соң Жүніс Моғолыстанға оралып өзін хан етіп жариялайды.Моғолыстан хандығы Жүністің немересі Абд-ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастайды.Ол Жетісу аймағы Қазақ ханығының құрамына енеді.Сонымен Моғолыстан тарих бетінен жойылады.
25.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды.Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды.
26. ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Қазақстан аумағындағы орта ғасырдағы ең қуатты мемлекеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасының пайда болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мідениетінің өркендеуінеәсер етті. Алтын орда дәуірінде кошпенділер отырықшылық өмір сүріп, егін шаруашылығынын игілігін көрді.Алтын орданың екі арнаға болінгенімен, бір-бірімен өзара үйлесім тапты. Демография жағынан бол мәдинеті Евразияның көшпенділері мен отырықшы халықтары құрады сонын нәтижесінде Сығанақтың, Женттін, Саураннын, Отырардын міденеті қайта қалпына келтіріліп өркендеді. Қалаларда қыш өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау,алтындау,зергерлік,әйнек өндіру,сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу тәрізді кәсіптер дамыды. 15 ғ ортасында сауда саттық қайтадан жолға қойылып, орта Азияда тауар ақша қатынасының айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда және басқа Қазақстанның қалаларында кейіннен табылған тенгелер дәлел. Орталық Қазақстандағы Жошы хан(14ғ) мазары, Тараздағы Дәуіт-бек (14ғ) мазары, орталық Қазақстандағы Алаша хан мазары(14-15ғ), Түркістандағы Қожа Ахмед Яссауи мазары(14-15ғ), Сығанақтағы Көк Кесене, Отырардағы мешіт ғимараты, монша құрылыстары(14-15ғ) сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады. 13-15ғғ рухани өмір қайта жанғырғанымен, моңғол тілі Қазақстанда кең тарала алмады. Мөңке мен Батый хан тұсында бүкіл мемлекеттік және ресми құжаттар түркі тілінде жүргізілді. Алтын орда дәуіріндегі жазба әдебинт қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінде жүргізілді. 13-15ғғ. Қыпшақ тілінде діни-дидактикалық сипаттаы бірқатар кітаптар мен сқздіктер шықты. Бұл орайда мына әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс куманикус»,»Оғызнама»,сондай-ақ авторлық туындылар, Яғни Хорезмидің «Мухаббат-намасы»,Кутбтың «мен Шырыны», Сайф сараның «Гүлістан би-түркі», Дүрбектің «Жүсіпп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» және т.б.13-15 ғғ. Жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі жанры-ауыз әдебиеті қатар дамыды. Әсіресе бұл кезенде жыршылық дәстүрге ерекше мән беріліп, Асан қайғы, Қазтуған,Доспанбет және Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасында кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дәрежесі жоғары шығармашылық құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғадан басталады. Халықтың айтуынша, Кетбұғы Шыңғысханға арналған сазында Жсшының өліміне байланысты жоқтау айтқан еді. Тоқтамыс ханның тұстасы болған Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін белсене күресті. Жыраулардың есімі халықтың ауыз әдебиеті мен бірқата жырлары арқылы қазіргі ұрпаққа жейін жетіп отыр. Ауызша айтылып келген эпостық шығармалардың орны ерекше. Эпостық жырлар (Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Сайын )Алтын Орданың тарихн, хандардың қызметі мен батырлардың сыртқы жаулардың елді қорғаудың ерліктерін мадақтап, жырға қосты. 14ғ орта кезінде Қазақстан даласында ислам діні кеңінен тарады. Қазақств\анда исламды насихаттау үшін діни суфизм ағымы-яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшақ тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары жазылды. 1430ж Құранға, онвң сүрелеріне түсіндірме берілген «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдет-ғұрыптары, шариаттың мінез-құлық ережелері, діни құқықтары тураы жан-жақы жазылды. Дегенмен көшпелі бұқара халықтың санасында дәстүрлі діни нанымдар сақталып қалды. Қорыта айтқанда, 13-15ғ кезеңі Қазақстан тұрғындары үшін материалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гулдену дәуірі болды. Тұтастай алғанда, бұл кезеңде қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.
27. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы. Xvғасыр ортасында ұлттық мемлекет құрылу қарсаңында батыста Ноғай жетісуда Моғол Орталық қазақстанда Әбілқайыр мемлекеті бір бірімен соғысып жатқан еді. Қ.Х-ы туралы бізге жеткен нақты жазба дерек-р-ң бірі М.Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты ЕНБЕГ1. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. 1457 ж.дан кейін Керей мен Жәнібек сұлтан/р.ң Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескенқазақ тайпа/ын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс 7-су жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық б.ды. Көшпелі ел мен отырықшы халық.ң экономикасы дамыған аудан/мен,әсіресе Сыр бойындағы қала/мен сауда-саттық қарым-қатынас жасау маңызды мәселеге айналды.Осы жағдай-р-ң талабына сай Қ.Х-ң үлкен міндет/і б.ды:1)Бұрынғы дәстүр б.ша Дешті-Қыпшақ жерін мал жайылымы ретінде пайдалану;2)Сыр бойындағы Сығанақ,Созақ,Отырар,Яссы қала-рды қайтарып алу.Себебі, Сыр бойындағы бай қала/ –бұдан бұрынғы ірі мемлекет-к бірлестік/р-ң-Ақ орда.ң,Әбілқайыр хандығы.ң саяси-әкімшілік және сауда-экономика-қ орталықтары еді.3)Қазақ тайпалар-ң басын қосып,қазақ-ң этника.қ аумағын біріктіру. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады
28. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. 1544-1546ж Кашмирде билік құрып тұрған кезінде жазған «Тарих-и Рашиди» тарихи еңбегінің мынадай құндылығын атап өтуге болады: 1)Қаз ханд.ң құрылуы туралы; 2)15-16ғ Қаз-Моғол хандық/ң арасындағы қарым-қатынас туралы; 3)Қаз хандығы мен қырғыздардың арасындағы қарым-қат.с туралы; 4)Қаз-Өзбек хандық/ң арасындағы қарым-қат.с туралы; 5)Қаз-қалмақ ж/е моғол-қалмақ арсындағы қарым-қат.с туралы; 6)Қаз халқының этностық құрамы жайлы; 7)Жетісу аймағындағы қазақтардың әлеуметтік-экон.лық жағдайы туралы мәлімет/ге толы. Ал өзі қаз халқының тұңғыш тарихшысы болып есептелетін М.Х.Дулатидың еңбегі халқымыздың тарихынан мәңгілік өшпес орын алады. Қ.Қ.Жалайыридің «Жылнамалар жинағы» атты еңбегінің 3-бөлімі Қаз ханд.ң тарихына арналған. Ол 9 дастаннан тұрады. Бұл дастанның 8-і Шыңғыс хан ұрпақтарының ішінде Қаз ханд.на қатысы бар:Орыс хан, Тоқтамыс, Темір-Құтлық, Орыс хан ұлы Қажы-Керей, Қажы-мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, Ораз-Мұхаммед, т.б арн.н. Ал 1дастан Алтын Орда тарихындағы аса ірі тұлғаның бірі Едіге биге арн.н. Ғалым еңбегінің соңында «Алаш мыңы 3 сан» болса, «Қатаған қауымы 2сан» деп көр.ді. Мұн.ғы 3сан деп отырғаны-Қаз ханд.ң құрамына Ташкент уәлаяты, қарақалпақ пен қырғыздар кірген. Бұл жерде басты мәселе-Қадырғали «алаш» деп «қазақ» атауының орнына пайд.п отыр. Өтеміс қажының «Шыңғыснамада» қаз халқ.ң мал өсіруге байл мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар ауд.н. Онда қыстау, жайлауға көшу, малдың басын қоңын көтеруге, көбейтуге қанша пайдалы екендігін ж/е жазда жылқының семіріп, қымыз ішкен адамның сән-салтанат құрып, қуанышқа бөленет.н жазады. Бұл көріністер қазақтардың халық болып қалыптасуының соңғы кезі екендіігін толық көрсетіп тұр. Шыңғыснама қыпшақ даласын билеген Жошы хан әулетінің тарихы баяндалады. Оның алғашқы тараулары ел аузынан таралған аңыз әңгімелер. Еңбектегі аса құнды хабар осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып келен Жошы хан туралы дерек. Келесі шығарма Шах махмұд Шорастың !Тарих! атты еңбегі. Онда бұйдаш, хақназар, есім, жәңгір хандар,яғни, xvi-xvii ғ.моңгол карым катынастары баяндалады. Келесі ол Усман Кухистанидын Тарихи Абулхайр хани атты кітабы. Онда көшпелі өзбектер мен Әбілқайырдың тарихы айтылады.
29.Қазақстандағы этникалық процестер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ халқының этногенезі көне заманнан басталады. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркі кезені деп екі топқа бөлуге болады. Б.з.д, 3-1 мыңжылдықта Қазақстан жеріндегі тұрғындар өздерінің шаруашылық, мәдени, лингвистикалық және антропологиялық жағынан үнді-еуропалық тегінің ежелгі ирандық бұтағына кірді. Кейін бұларды алғашқы темір дәуіріндегі сақ тайпаларының мейлінше бір текті мәдениетті алмастырды. Қазақстан б.з.1 мыңжылдығының орта кезінде жужандардың, аварлардың, теле қауымдастығына жататын түркі тілдес тайпалардың ықпалында болды. Қазақстан аумағы б.з. 1 мыңжылдығының 2 жартысында Ежелгі- Түрік, Батыс-Түрік, Түркеш және Шығыс-Түрік қағанатының шебінде қалды. Батыс-Түрік қағанаты Жоңғария мен Алтайдан бастап Жетісу мен Қаратаудың шығыс жоталарына дейінгі орасан зор аймақты алып жатты. 8ғ 2 жартысында Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Түркі тілдес тайпалар қарлұқтардың ықпалында болды. 10ғ олар саяси биліктен айырылып, қарахандықтар этносаяси бірлестігінің құрамына енді.9-11ғҚазақстан жері оғыздардың мекніне айналды,олар Қазақстанды түгелдей жаулап алды. 8-9ғ Солт-шығ Қазақстан өңірінде, әсіресе ЕРтіс бойында қимақ тайпаларының одағы құрылды. Моңғол шапқыншылығына дейін Шығыс және Оңт-шығ Қазақстан аумағын қидан тайпалары, ал кейінірек наймандар мен керейлер т.б қоныстанған еді. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан аумағында Шыңғыс ханның ұлдары билік құрды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Шағатай ұлысына қараса,ал қалған аймақтарыдың бәрі Жошы ұлысының құрамына кірді. Жошы ұлысының негізінде кейінірек Көк Орда,Ақ Орда,Алтын Орда және Сибанның ұлысы тәрізді ірі этносаяси бірлестіктер пайда болды. 14ғ орта кезінен бастап Көк Орда, Сибан ұлысы және Ақ Орданың бір бөлігінің тұрғындары шежірелерде «өзбек» деп аталады. 15-16ғ қазақ халқы мен оның этникалық территориясы көп ғасырға созылған қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Қазақстан территориясы этносаяси жіне шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланыств Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз болып 3 бөлінді.15-17ғ қазақ хандығының қалыптасу барысында субэтникалықтоптардан төре, қожа,төлеңгіт сословиесі қалыптасты. «Қазақ» термині 15ғ 2 жартысында этникалық мәнге ие болды. Жәнібек пен Керей хандығының нығаюына байланысты оның қол астындағы халықтардың бәрі қазақтар деп аталатын болды.
30. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Қасым 1411 жылы хан болды. Сол кезедгі тарихшылар. Маселен, атақты Бабыр ханның айтуына қарағанда :қазақ султандары мен хандарының бiр де бiреуi бул халықты дал Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати: Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Ал қадырғали Жалайри: жәнібек ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Деген. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы".. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Алгашкы кезде ханның орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласындаболған.Кейін түркістанды жаулап алған соң Тұркістан болды. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiн Сарайшыкта өткізді. Қасым Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калалард болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Мұндай деректер жазба деректерде де хабарланrан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.
31.XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі Батыр қонтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында Батыр қонтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.
Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. «Жет жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.
32.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның реформалары.XVIIғ ақыры мен XVIIIғ басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар Қазақ хандығының ханына сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Сөйтіп, қазақ хандығы XVIIғ аяғында XVIIIғ басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді.Жоңғарлардың шабуылы үдей түсіп,жеңе бастады. Жоңғар/ң жеңісінің негізгі себеп, жоңғар әскер/ң жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан «ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба дерек/ дәлелдейді: «1718ж көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақ/ы мен жоңғар әскер/ң арасында болған 3 күндік қан төгіс ұрыс, соңы қазақ жасак/ң жеңілісімен аяқталды. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді. Тәуке билікті өз қолына алды/ қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген. Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды. XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық құжат «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңд«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1. Жер дауы заңы2. Отбасы - неке заңы 3. Әскери заң 4. Сот заңы 5. Қылмысты істер заңы 6. Құн заңы 7. Жесір дауы заңы.
33.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегінде қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі. «Ақтабан шұбырынды». Аңырақай шайқасы. Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау – жоңғарлар еді. XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады.Ол өзінің тактикалық жоспарын іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына орналасты. Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші.
Аңырақай шайқасы және оның маңызы. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
34.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі. «Қазақ» этнонимі Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалықбірігуі,халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.араб қыпшақ сөздігінде еркін ,кезбе; көне түріктерде еркін, кезбе т,б.
35.XV-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы мен тұрмысы. XVIII ғғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен, хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер, билер, байлар, батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негізделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді, олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге, әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз шаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп, күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, ержүрек адамдар. Ақсақалдар-жасына байланысты құрметке бөленген адамдар. Құлдар-құқықсыз әлеуметтік топ. XV-XVIII ғғ.қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (олар: көктеу-көктемгі кеш, малдың төлдеу кезі, онда жүн қырқу жүргізіледі; жайлау-жазғы көш мамыр аяғы, маусым басы; күздеу-суық басталысымен тамық соңына көшеді; қыстау-қысқы көш, қар жауып мұз қата бастағанда) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.
36.XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері. Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды.Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XV-XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінің ерекшеліктері. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
37.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. 1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. 1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. 1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа қүяр жерінде салынды.Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды.
38.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. ХVІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырды. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, 39.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.). Көтерілістің алғышарттары:-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі;Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.
-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.
-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.Міне осы белгілер көтерілістің негізгі себебі болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802).
1792ж Сырым Рессей империасына қарсы ашық күрес жарялады . қазақ фео.ң бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдары және батырдың жоспары Орынбор әкімшілеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер түрғызуы да көтеріліске кері әсер етті . сырымның көтеріліыке орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар сьезін шақыру талабы орындалмады. Карасногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді. 1794ж Ералы хан қайтыс болып 1795ж Есім хан болып сайланды.1796-97ж қысқы жұт болып ханның салықты өайта көтеруі көтерілістің қайта өрлеіне себепші болды. 1797ж 17наурызда Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал қазақ әскер пана сұрауы , атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін негіз болды. 1797ж күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді. Сұлтан старшындарының бір бөлігі Қаратайды қалады. Сырым тобы хан сайлауда халық пікірін тыңдауды талап етті. Елдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс . руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді . патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді . қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып 14ж созылды.
40.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері (1836-1838 жж.) ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы отарлау саясаты қазақ еңбекшілері үшін өте ауыр жағдайға әкеліп, екі бірдей қанауға түсірді. 1837 жылдағы Кіші жүз қазақтарына түтін салығын енгізу, ол сұлтандар мен билер әртүрлі сылтаулармен қазақ кедейлерінен салық алып тонап отырды. Сол сияқты ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір старшиналардың әлеуметтік билігін тежеп, жерлерін тартып алып, өзінің тума-туыстарына үлестіріп беріп, Ордадағы қазақ кедейлеріне ханның салығы көбейді, салықты төлеу, қарапайым күн көріс ауырлады. Осының барлығы қазақ халқының ашу-ызасын келтіріп, отарлық саясатқа және қанауға қарсы шығып, ұлт-азаттық қозғалыстың кең етек ала бастауына әкелді.ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары арасында Кіші және Орта жүз даласында Ресей империясының отарлық саясатына қарсы өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының ұлдары Исатай мен Махамбет болды. 1835 жылы Жәңгір хан Адай руына Қарауыл Қожаны тағайындап, бұл өңірде тұрған старшиналар мен ауылды бағындырды. Соның ішінде 1812 жылдан Беріш руының старшыны болып келген Исатай ауылы да кіреді. 1837 жылы қыркүйектің 16 күні Исатай мен Махамбет Қарауыл Қожа ауылына шабуыл жасап, кедейлердің өшін алып, қозғалыс бүкіл Бөкей ордасына кең жайыла түсті. Бұны естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактарының құрамын жібереді. Олардың мақсаты Исатайды тұтқындап Орынборға алып кету еді. Бірақ Исатайды қолға түсіре алмайды. Қазан айының бас кезінде Исатай хан ордасына келіп 12 шақырым жерге келіп орналасады. Екі жеті хан ордасына шабуыл жасамай, ханмен хат алысып, өзінің талаптарының орындалуын күтіп жатады. «Хан ордасына келген кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. Қазан айының 17 күні Перовский Орынбордан подполковник Генсті Бөкей ордасына аттандырды. Подполковник Геке Орынбордан шығып Орал қаласына келеді. Полковник Меркульевке әскери казактарды алып Исатайдың ауылына шабуыл жасау керек екенін білдіреді, бұл кезде Исатай ауылы Теректі-Құмда болатын. Бұл кезде Исатай ешқандай шара қолданбай хан ордасын қоршап жатқан болатын. Жалпы Исатай мен Махамбет соғыссыз ханды көндіруді ойлаған. Полковник Меркульевтің әскери құрамдары қараша айының 7-күні Исатайдың ауылына келіп, ауылын ойрандап, Исатайдың семьясын тұтқындайды. Бұл хабар Исатайға жеткеннен кейін бір түнде хан ордасынан шығып ауылына көмекке кетеді.Қарашаның 8- күні Исатай әскері Меркульев жасақшыларын қоршап, ауылдарының адамдардын босатуын талап етеді, егер босатпаса, онда соғысатынын айтады. Қоршауда отырған Меркульев күштің тең емес екенін біліп, Исатайдың талаптарын орындап, өзі хан ордасындағы Генске қосылуға кетеді. Сөйтіп орыстардың әскери құрамдары соғыссыз беріліп, Исатай әскері жеңіске жетеді. Халық қозғалысының мәні өзгереді. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы тек қана ханға қарсы емес, ханды қолдап отырған Орынбор әкімшілігіне қарсы күреске шығады. 1837 жылы қараша айының 15 күні Тас-Төбеде болған соғыста күштің тең болмауы себепті Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы жеңіліс табады. Тас-Төбе шайқасынан кейін Бөкей хандығындағы қозғалыс жеңіліс тауып, оның басшылары Исатай мен Махамбет жасырынып жүріп, Жайық арқылы Кіші жүз жеріне өтіп кетуге күш салады. Жайық казактары бірнеше рет қолға түсіруге әрекет жасайды. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы Кіші жүзге өткеннен кейін де тоқтамайды. Кіші жүзде Хиуа ханының қолдауымен орыстарға қарсы күреске шығады. Исатай Кіші жүзде 2000 қол жиып, Кіші жүздегі Орыс патшасының қолшоқпары болып жүрген Баймұхаммед Айшуақовқа қарсы күреседі.Осы кезде Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кең етек алып, Торғай және Елек өзені бойындағы Кенесары қозғалысына қосылуға бағыт алған болатын. Сондықтан Орынбор генерал-губернаторы Перовский соғыс министрлігімен келіспей, маусымның 28 күні подполковник Генсті шақырып, әскери құрам құрып, далаға баруға бұйрық береді. Осы шайқаста Исатай ерлікпен қаза табады.Қазақ халқының ер жүрек батыры Исатай Тайманұлы өлгеннен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет Өтемісұлы аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жібереді. Орынбор әкімшілігі сотының үкіміне риза болмаған Баймұхаммед жігіттері 1846 жылы қыркүйек айында Махамбетті үйінде отырған жерінде қонақ болып келіп өлтіріп кетеді.
41. 1822-1824ж.ж Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар. 1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері Сперанскийдің басшылығымен “Сібір қырғыздары” туралы жарғы, 1824жылы “Орынбор қырғыздары” жөніндегі жарғы құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші Жүз хандықтары жойылды.Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды.Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді:қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды.1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.
42.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы (1837-1847 жж.) Көтерілітің басты мақсаты: қазақ елінің патшалы рессейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау,қазақ жерлерін бекіністермен окруктік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт азаттық сипат алды. 1837ж қар. Кенесары Петропавл қаласына шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26мамыр Кенесары сарбаздаы Ақмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жіберді. 1838ж жазы мен күзінде орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды. 1838ж күзінен қозғалыс кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленіш ұлы қосылды. 1841ж Кенесары тобы Ташкетке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Патша үкіметі көтеріліске қарсы шаралар ұйымдастыра бастады.1841ж Орынбор генерал –губернаторлы Обручев әскері жіберілді. 1842ж 27 мау. –І Николай старшина Лебедептің 300казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді. 1843ж тамыз сұлтан Жантөреұлы, Айшуақ полковник Генс Бизанов бастаған 5мыңдық топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқара маңында жазалаушылардың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3мың сом белгіленді. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып , қазақ сарбаздары шегінді.1844ж көтер. Сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап , 44сұлтанды мерт қылды. Дуниковскийдың тобы Жантөреұлына көмекке баруға батылы жетпеді,сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшина Леведев Орынборға шақырылып сот жазасына тартылды. 1847жыл Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары жыл Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанымен бірге қаза тапты.Көтеріліс жеңілуінің негізгі себептері-Ресей билеушілерінен жеңілдік алған ақсүйектердің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.Тарихи маңызы Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғ 1 жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі,Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті,Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
43.ХІХ ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. . Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария көтеріліске шыға бастады.Мұндағы қазақтардың көтерілісін Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды.Көтерілістің негізгі себебі Хиуа ханы Мұхаммед Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Барысы:1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.1857 ж. қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында шешуші шайқас болып өтті. Жанқожада 5000-ға дейін қарулы салт аттылар болғанына қарамастан, шайқас барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді ізінде түсіп қуа бастады, оларды Сырдарияның оң жағалауына, демек Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр етті. Жанқожамен бірге 20 шақты ауыл көшіп кетті. Хиуа хандығының жерінде Жанқожа Хиуа ханы немесе Бұхара, немесе Қоқан басқарушылары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оған мұның сәті түсе қоймады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі ортағасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.Жазалаушылық шаралар ауылдарда тонаумен сабақтасты. Мысалы, тек мүйізді ірі қарадан 21400 мал тартып алынды және тұтас алғанда жазалаушылардың қолдарына түсірген малдарының жалпы саны бұрынғы қай кездегіден де үш есе көп болды.Тарихи маңызы Оңт.Қазақстанды қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.
44.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары. XIX ғасырдың басында оңтүстік қазақ қоныстары үш орта азиялық халықпен-Бұқар,Хиуа ж.е Қоқанмен шектесіп жатты.Ұлы жүздің көп бөлігі ж/е орта жүздің оңтүстіктегі тайпалары Қоқан хандығының езгісінен зардап шекті, ал Қазақстанның оңтүстік –батыс бөлігі Сырдарияның төменгі ағысы,Маңғышлақтың оңтүстігі Хиуа бақылауында болды. Қоқандықтардың тәуелділігіне түскен қазақтар бірқатар салықтар төледі. Шексіз салық ,қанау мен тонау ж/е қырып жою қазақтардың Қоқан мен Хиуа хандықтарына қарсы көтеріліске шығуға әкелді. Орыс әскерінің Орта Азияға жақындауы қоқандықтарды көтерілісшілермен тіл табысуға мәжбүр етті.1860 жылы күзде Қазақтар қоқандықтармен бірігіп, Жетісу өңірін орыс отрядтарынан босатуға тырысты.Қоқан хандығы орыс бекінісі Верныйға қарсы 12 мыңдық әскер аттандырды. Оған қазақтар мен қырғыздар қосылды.Көптеген билер мен старшындар,енді қоқандықтар жағына өте бастады.Қазақтардың жекелеген жасақтары Сұраншы би,Диқамбай батыр,Кенесары ханның ұлдары басқарды.Бұл қосылған әскер саны 22 мың адамды құрады. Мұсылман әскері 20 қазан күні Қарақастек түбінде орыс отрядымен кездесті Қоқан мен қазақ әскерлерінің жорығы үлкен жеңіліспен аяқталды.Патша үкіметі Сыр бойын,Түркістан ж.е Ташкент өңірлерін бағындыру үшін 1864 жылдың басында әскери жорық ұйымдастырды.Олар Мерке,Әулеата,Түркістанды басып алды. Бірақ Шымкент түбінде жеңіліс тапқан соң шегінуге мәжбүр болды.1864 жылы қыркүйекте Түркістаннан Генерал Черняев, Әулеатадан подполковник Лерх әскерлерді бастап Шымкент қаласын қайта қоршап алды.Осылайша барлық Қазақстан аумағы Ресей құрамына өтеді. 1865 жылдан бастап Қазақ даласы Ресейдің ішкі колониясына айналады.Қазақ даласын жаулап алуға жүз жылдан артық уақыт жұмсаған Ресей орта Азияны үш жылда тізе бүктірді.
45.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. Отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).4) Отарлық басқару күшейді.5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
46.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын.Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкеде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
47.1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері. 1867-1868 ж. Реформа отаршылдық езгіні тереңдетті: жерді патша үкіметінің меншігі етіп жариялады, бекіністерді көптеп салды, салықтар көбейтілді,шаңырақ салығы 1-3 сомға дейін, земстова салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға кқтерілді. Осындай себепке байланысты қазақ шаруалары азаттық үшін күресті. 1868 ж желтоқсан мен 1869 ж қазаны аралығында Орал мен Торғай көтеріліс анти феодалдық сипатта болды. Оны басқарған Сейіл Түркібайұлы және Б. Оспанұлы. 1869 ж 6 мамырда Жамансай көлі маңында , 20 мың көтеріліші Фонтштемпейдің тобын 7 күн бойы қоршады. 1869ж наурыз-маусымда 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл жасады. Көтерілісшілерге қарсы Р. Комаровский Веревкиннің тобы жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.Жеңілу себептері қарудың аздығы, ауызбірліктің болмауы,шаруалардың түпкі мақсаттарын жете түсінбеуі. 1870ж маңғыстаудағы шаруалар көтерілісінің жетекшілері Д. Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы. Себебі: 40 мың шаңырақ Адай руы 2 жылда 160 мың сом салық төлеуге тиіс болды. 1870ж 16 наурызда Рукин тобы Адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбінде 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды талқандады. Рукин атылып өлді. 1870ж 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск вортына шабуыл жасады. 1870ж мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери күш жеткізіліп, көтеріліс аяусыз жансылды. Тіленбайұлы мен Тәжіұлы бастаған 3 мың жуық шаңырақ Хиуа қандығына көшіп кетті. Салдары: Маңғыстау қазақтарынан 57 мың 901 сом салық жиналды.Адайлықтар соғыстың шығыны ретінде 90 қой берді. Тарихи маңызы тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы.Көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болуы адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық патриархаттық құбылыс сақталды.
48.ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы, М.Мөңкеұлы, т.б. еңбектері. Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды.