- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
Этностарды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. 1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.Сонда, Елбасы Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан халқы Асамблеясы сан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.
