
- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
VI-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті.Олар сауда мен қолөнердің,дін мен мәдениеттің тірегіне айналды.Батыс Түркістан жерінде Суяб,Құлан,Мерке;Тараз,Отырар,Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай,Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,байланысын үзген жоқ.Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Исфиджаб (қазіргі Сайрам)болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. Қазақстанға белгілі болған ортағасырлық қалалардың бірі-Тараз.Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады.Тараз Жетісудың саяси,экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған.X-XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар-Қаршоқы, Қарнақ, Асанас, Баршанкент, т.б.пайда болды. Олардыңалып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылыының дамуына себепкер болды. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе,тостаған,аяқ-табақтар,т.б.ыдыстар жасалынып,сырты оюланып,неше түрлі қызыл,жасыл,сары,қоңыр түсті бояулар жалатылды.Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлықМәселен,Тараз қазбалары кезінде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты.Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.
Қаланың өсуіне 2 себеп болған: 1.Шығыстың экономикалық,мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. 2.Қала маңында жартылай көшпелі өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әкелді.Қалалар көлемі,экономикалық жағынан да өсіп отырған.Оны негізгі 3 топқа бөлуге болады.Көлемі: 1.30 га-дан асатын қала жұрты: Испиджаб, Отырар, сауран т.б. 2.10 га-дан 30 га-ға дейін: Бурух, Харлуг
3.10 га-ға дейін қалалар: Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан,т.б.
Қала құрылысының өзгерістері 10-12 ғ қалалардың басты бір жаңалығы жаңадан салынған қала құрылысының ерекше бір жүйесі-мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы.Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі-шығыс моншасы болды.
18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары:Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи және т.б.Отырар(Фараб)ойшылдарының ең атақтысы,топ жарғаны-«Шығыстың Аристотелі»атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби(870-950жж.). Араб,парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда,әл-Фараби 870жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар)қаласында,отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған.Әл-Фараби логика,әуез,астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. сонымен қатар педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп,мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.Әбунасыр метофизика,тіл білімі, логика, география, этика,т.б.ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. Махмұд Қашқари-түркі халқының XIғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі.Ол Жүсіптің замандасы. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз,ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік»(«Түркі сөздерінің жинағы»)1072немесе 1078жылдары жазылған деп шамалап жүр. Бұл «жинақ» «орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы» деп атауға тұратын шығарма,сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Қожа Ахмет Йасауи Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын,философ,дін уағыздаушы.Ортағасырлық Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз,1166жылы өлген,XII ғасырдың өкілі.Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап,зерттеушілер оны 1093жылы дүниеге келген деп жобалайды.Түркістан маңында туып,ер жеткен соң,Түркістан қаласында өзінің шығармашылық,діни қызметін бастаған. Қожа Ахмет Яссауи ата-анасынан ерте айырылған,бірақ өте талапты,дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстанбаб және Жүсіп Хамаданидан тәлім,білім алады.Кейін білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырып,діндар адам болып Йасы қаласына оралады.Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі-«Диуани хикмет»-«Даналық кітабы».Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған.Сонымен Қожа Ахмет Йасауи-XIIғасырда өмір сүрген үлкен философ,ғұлама ойшыл,ақын,мейірімге,кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.Жүсіп Баласағұни(1015-1075жж.).-XIғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі.Толық аты-Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни.Ғалым өзінің атақты дастаны «Құтадғұ білік»еңбегімен белгілі.Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі,әдет-ғұрпы,наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі-мемлекеттің саяси- қоғамдық және мәдени мәселелері болған.Ол өзінің еңбегінде: «Арабша,тәжікше кітаптар көп,ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы»,-деп,түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.Бұл кітап ел арасында тез тарап,авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған.
19. Найман және керей ұлыстары. Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.
Ғалымдар “найман” терминінің мәні “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді.
Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен және халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Ал 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.
Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.
Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті.
Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады.Бірақ1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.
Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті.