- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі» және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары негізінде Қазақстанның 2003-2005 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму сратегисын қабылдады.Бұл бағдарлама 2015 жылға дейінгі жұмыс тетігі деп жоспарлануда. Бүгінгі күнгі әлемдік дағдарыс жағдайында өндірістің кейбір салаларында алға шығу мүмкіндігі бар екені халыққа жария етілді. Индустриялдық-инновациялық даму стратегисын жүзеге асыру құралы – мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту арқылы жаңа өндірістерді қаржыландыру болып табылады. Қазір Қазақстанда жаңа өндірісті қалыптастыру және кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған мамандандырылған индустриялдық-инновациялық инфрақұрылымдар, Қазақстанда мемлекеттік бірнеше даму институттары қызмет атқарады. Және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мамандандырылған нысандар құрылды. Қарағанды облысы мен Астанада индустриялды аймақтар құрылды. Бұл жерлерде жоғары технологиялық өндіріс құрылыстары жұмыстары жүргізілуде. Әлемдік дамуда Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі – кластерлік жүйеге көшу. Жалпы кластерлік жүйе дегеніміз – бір салада жұмыс жасайтын, олардың үйлесуіне жол салатын, бір-біріммен байланысты және жақын орналасқан кәсіпорындар. Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы арқылы елімізде Қазақстан кластерінің негізі – 2005 жылы салынды. Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан экономикасының басымды, мықты секторларының бәсекеге қабілеттіктерін анықтау және олардың дамуы бойынша нұсқаулар жасау болып табылады.
85. ҚР-дағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында білім саласында көптеген жайсыз жағдайлар орын алды. Сол себепті ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында білімді дамытуға екерше көңіл бөлді. Білім беру жүйесінің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясы және әрбір білім дамуынң кезең-кезеңін қамтитын стратегиялық жоспарлары дайындалды. Негізінен білім беру реформасы 1991 жылдан басталып, бірнеше кезеңде жүріп жатыр. Қазақстан білімі жүйесінің құқықтық негізін қалыптастыру негізінде 1992 жылы «Білім туралы», 1993 жылы «Жоғарғы білім туралы» заңдар қабылданды. Оқу қаржылай қолдау көздері іздестірілді, баламалық білім мекемелері ашылды, Білім комитеті құрылды, оқу орындарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етіп, мұғалімдер үшін көптеген ғылыми-педагогикалық журналдар шығарылды. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын «Дарын» республикалық ғылыми- тәжірибелік орталықтары ашылды.1999 жылы 23 тамызда ҚР Үкіметі «Алтын белгі» туралы ереже бекітті. Білім жүйесін ақпараттандыру мақсатында ҚР Үкіметі «ҚР-ның бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасын» бекітіп, білім мекемелері жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілді. Ауылдық білім мекемелерін жақсарту мақсатында мектептер материалдық-техникалық жағынан жақсартылып, компьютерлендірілді. Және қалалық білім ордалары секілді ғаламторға қосылды. 2009 жылы 1 қыркүйектегі «100 мектеп» бағдарламасы бойынша 25 мектеп, 58 жаңа балабақша пайдаланылуға берілді. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес ҚР Тұңғыш президентінің интеллектуалдық мектептері ашылды. Жоғарғы оқу орындарында көптеген өзгерістер енгізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде,Қазақ Ұлттық техникалық университетінде және т.б. білім берудің көп сатылы құрылымы енгізілді. Және де осы университеттер жоғары білімімен ерекшеленетін.1993 жылы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Болашақ» халықаралық степендиясы белгіленді. Бұл бағдарламаның арқасында қазақстандық студенттер Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ елдерінің жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. 2001 жылы 9 шілдеде «Ғылым туралы» заң қабылданды. Қазақстан ғылымының кадрлық қорын 2002 жылы 2400 ғылым докторлары, 10000 ғылым кандидаттары құрады.2005 жылы Білім және ғылым министрлігі қарамағында – 55 ғылыми ұйым болды.2007 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейді.Ғылымды дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің қаулыларымен ірі ғылыми-техникалық бағдарламалар бекітілді.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Мәдениет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1995 жылы мәдени- ағарту мекемелері – 180 мыңдай мәдени шара өткізіп,оған 24 миллиондай адам қатысқан. Театр сахналары мен музыкалық ұжымдар репертуарларында Қазақстан тақырыбы басымдыққа ие болды. Абай Құнанбаев атамыздың 150 жылдық мерекесі құрметіне 156 жаңа қойылым көрсетілді.Тәуелсіздіктен кейінгі 3-4 жыл ішінде жиырмадан астам қазақ тіліне арналған оқулықтар мен оқу құралдары оқырманға берілді.меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
