- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
1997 жылы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын ұсынды. «Қазақстан – 2030» стратегиясын дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Қоғам тағдырын шешетін жаңа міндет алу оны жаңа өмірлік идеологияның өзегіне айналдыру, қоғамдық жігерді осыншама кең қарымды іске жұмылдыруда, ең алдымен мақсат саралығы мен бағыт айқындығы басты шарт болып табылады.стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл-ауқатын арттыруға бағытталды.стратегияны жүзеге асыру мақсатында 1998- 2000 жылдарға жоспарланған 7 басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы 8 нақты міндеті талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы адам факторын дамытуды ең жоғарғы орынға қояды. Бұл стратегияда елбасымыз келелі мәселелерді айқындап көрсетті. Қайта жаңғыру және өрлеу стратегиясы арқылы барша қазақстандықтардың жақсы тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық бірлігіне кепіл болған ұзақ мерзімді даму стратегиясына негіз етіп алынған басым бағытттар мемлекетіміздің кез- келген жоспарын жасаудағы тұрақты бағдарына айналды. ҚР қазір «Қазақстан – 2030» қайта жаңғыру және даму бағдарламасын негізге ала отырып, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуға ұмтылып келеді. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді қамтығанымен, оның тұрғындарын, мүмкіндіктері мен қабілетін толық ескерген, басым бағыттары шынайылыққа негізделген байыпты бағдарлама болып табылады. Президенттің 1997 жылғы 1 қазандағы «Қазақстан – 2030 : барлық қазақстандықтардың өсір өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы» атты қазақстан халқына жолдауы тәуелсіз еліміз тарихындағы мемлекетіміздің жаңару бағытын айқындаған маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді 7 негізгі ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасынан кейінгі жылдары Елбасының жасаған жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.
83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
«Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау- «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс.» (Н.Ә.Назарбаев.) «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу Бағдарлама негізінен 3 кезеңде жүзеге асырылды: 2004 жылдан 2006 жылға дейін; 2007 жылдан 2009 жылға дейін; 2009 жылдан 2011 жылға дейін. Бағдарламаны іске асыру жолдары: ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; археологиялық зерттеулер; қазақ халқы мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; ұлттық әдебиет пен жазулардыортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру. Бұл бағдарлама қабылданғаннан бері 4 жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағында 39 қалашықта, қоныста, тұрақтарда, обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді. Монғолия, Түркия, Ресей, Жапония, Арменияға, Қытайға, Египетке, Өзбекстанға, АҚШ пен батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, соның нәтижесінде Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. Философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі, мәдениет пен әдебиет, сияқты 16 бағыт бойынша көптеген бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер және басқа да тарихи ескерткіштерзаман талабына сай қайта қалпына келтіріліп жөндеуден өткізілді. Жалпы айтқанда, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жастар үшін жүзеге асырылған. Жастарды өзінің елінің бай тарихын мақтан етуі және оны басқа елдерге танытуы. Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Біз келер ұрпақтарымыз ұдайы жалғастыруға тиіс ұлы істі бастап бердік. Алыс жол алғашқы адымнан. Ол тоқтамайды да.»
