- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
79. Астана – қр-ның астанасы.
ҚР Президентінің жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Және осы жылдың 20 қазанында Президенттің жарлығымен ресми түрде Ақмола қаласы ҚР-ның астанасы болып жарияланғаннан кейін миграциялық тасқын аса қарқынды болды. Астана қаласы көпшілік қазақстандықтар үшін жаңа тұрмыс салтына қол жеткізер құтты орынға айналды. Астана қаласының серпінді дамуында Елбасының 1996 жылғы 9 қазандағы Ақмолада арнайы экономикалық аймақ құру туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы «Астана- жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағын құру туралы жарлықтары маңызды рөл атқарды. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның экономикалық, саяси, этникалық өсуге және этникаралалық қатынастарды орнықтыруға қол жеткізе алатын - «Бейбітшілік қаласы» наградасы тапсырылды. Астана 1998 жылы еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына енді. Қазіргі күні ҚР-ның жаңа астанасы күн сайын көркейіп, өсіп келуде. Астана қаласының ең басты белгісі - «Бәйтерек» монументі 2002 жылы бой көтерді. Биіктігі – 105 метр, бұл композицияның негізгі бөлігі алып ағаштың діңгегін бейнелейді, ал композицияның жоғарғы бөлігіндегі үлкен шар – аспан. «Астана- Бәйтерек» өзінің жалпы мағынасында негізгі үш философиялық түсінікті – жер, өмір және аспан ұғымдарын білдіреді. Бұл монументтік құрылыс бір өзінде философиялық, саяси және тарихи ойды тұтас біріктіріп жинақтаған. Астана төрінде 2008 жылы 6 шілдеде Астананың он жылдығына «Қазақ елі» монументі ашылды. Оның биіктігі тәуелсіздік алған 1991 жылдың рәмізін бейнелейтіндіктен – 91 метрді құрайды. Астананың ажарын жарқырата түскен – Бейбітшілік және келісім сарайына және 2008 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күні тұсаукесер рәсімі жасалынған – Тәуелсіздік сарайы да қазіргі ерекше сәулеттік өнер туындылары болып табылады. Мемлекетіміздің жаңа Астанасы еліміздің дәл орталығында орналасуы бүкіл әлемге паш етті. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласы бүгіні күні қазақ топырағында бой көтерген Шығыс өркениетінің заманауи үлгісі.
80. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
81. ҚР-дағы қазақ тілінің мәртебесі.
Ұлт зиялыларының үлкен еңбегі арқасында 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақ КСР тілдері туралы» заң қабылданды. «Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп ҚР Конституциясында атап көрсетілді. 1996 жылы 4 қарашада ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «ҚР-дағы тілдер туралы» Заң қабылданды. Бұл заңдардың барлығы қазақ тілі мәртебесін жоғарылату, ана тілімізді дамыту мәселесін жақсарту үшін жасалған. Қазақстан зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Кеңес үкіметінің ұлт мәселесіндегі солақай саясаты салдарынан мемлекетіміз тәуелсәздік алғаннан бері 20 жылдан аса уақыт өтсе де тіл мәселесі шешуін толық таппай отыр. Бүгінгі ҚР Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазастандықтардың құндылығына айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының саны жыл санап артуда. Мемлекеттік тілді үйренушілер үшін жалпы тиражы 260 мың болатын 8 сөздік басылып шықты. 2009 жылы мемлекеттік органдарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 60,5%-ға жетті. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасымыздың еңбегі орасан зор. «Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.»(Н.Ә.Назарбаев.)
