Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
107tarikh_durysy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.71 Кб
Скачать

15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Қарахан мемлекетінің құрылуына Қарлұқ одағының ыдырауы себеп болды. 840 жылы Қарлұқтың қағаны Қадырхан өлген соң оның екі баласы билікке ұмтылды. Базар Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Таразды билей бастады. Кейін Саманид ибн Ахмет Таразды басып алғаннан соң Оғұлшақ Қашғарға кетуге мәжбүр болды. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін салды.  Ол ислам дінін қабылдаған соң саманилермен арадағы байланыс пайдаланып, Баласағұнның билеушісін құлатып,  942 жылы Боғра хан өзін қаған деп жариялады.

960 жылы оның баласы Мұса мемлекеттің діні етіп ислам дінін, астанасы етіп - Қашғар қаласын белгіледі. Мұса өлген соң билік Әли Арслан мен Хасан ханға тиіп, екеуінің өзара қырқысуына ұшырады. Х ғасырдың аяғында Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктер болып екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелікке,  ал Мәуреннахр батыс иелікке кірді. Шығыс иеліктің орталығы – Қашғар, ал батыс иеліктің орталығы - Үзгент кейін Самарқант қаласы болды. Кейін екеуі екі мемлекетке айналды.

 Мемлекет басшысы - хақан болды.Хақанның ең жақын көмекшісі және кеңесшісі-уәзір, сонымен қатар сарай адамдары, сарай күзетінің басшысы, есік қорушылар, қазынашылар, аспаздар, хат жүргізушілер, емшілер болды.Шенеуліктердің негізгі бөлігі сарай ақсұйектерінен құрылды. Хатшылар бітікші деп аталды.  Ал егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандарды-әкімдер мен бектер басқарды.

Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери-лендік жүйе болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына ауданның, аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар „иқта” деп аталды, ал оны ұстаушы араб терминімен муқта немесе иқтадар деп аталды.

Х ғ. аяғында қарахандықтар арасында, атап айтқанда Али мен Хасан ұрпақтары арасында өзара қайшылықтар пайда болады. Өзара араздықты Орталық Азиядағы көшпелі қидан тайпалары ұтымды пайдаланды. 1017 жылы қидандар Жетісуға басып кіріп, Баласағұнға дейін жеткен. Бірақ Туған хан оларды шығысқа шегінуге мәжбүр етіп, үш айлық қудалаудан кейін тас-талқанын шығарады. 1130 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шахпен шайқаста жеңіліп Қарахан мемлекеті тарих саханасынан кетті.

Шаруашылығы. Бұл мемлекетте көшпел және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы өсіруге баса назар аударылды. Қарахан мемлекетінде хандар мен сұлтандар туыстары мен жақындарының пайдасына “ихта” деген салық жинады. Ихтаның бірнеше түрі болды: жер сыйлықтары, әскери ихта, еңбек түріндегі ихта.

Араб графикасының негізінде жаңа түрі жазуы пайда болды.

Қарахандар дәуірінде әлемге әйгілі “Диунани лұғат ат-түрік”, “Құтадғу білік”деген Махмұт Қашғаридің, “ Құтты білік” деген 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның еңбектері дүниеге келді.

16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті (VІ-XII ғғ.). Ежелгі түріктер мәдениеті сақтардан бастау алып одан кейінгі ғұн,үйсін,қаңлы,сармат,қыпшақ тайпаларының мәдениетімен ұласып жатыр.Түрік мәдениеті қазіргі қазақ мәдениеті нің бастамасы, діңгегі десек те болады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтарда мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Соңғы жылдары Есік маңынан табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті. Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген.Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер,Суға да мінәжат еткен.Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек.Түркілер өздерінің діни наным –сенімінде ата-бабалар әруағына табынды,олардың о дүниелік болғаннан кейін де өмір сүретініне сенді.Сондықтан жерленген адамдардың тірі кезінде пайдаланған заттарымен,мініс аттарымен бірге қоятын әдет-ғұрыптары қалыптасты. Түркілер нанымының басты бір түрі-отқа табыну болды.Мұндай әдет-ғұрып адам бойындағы ауру немесе жаман пиғылды «шайтан»әрекеттері болса,оны отпен аластап тазарту қажет деп түсінді.Түріктердің нанымы бойынша Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-Ұмай ана.Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Олардың дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы. Түріктер ұстанған дін, шаманизмнің әлде бір формасында болды. Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз. Ол олардың мәдениетімен қатар жүріп отырады, бірақ онымен ешқашан бірікпеген. Шаманизмге негізінде өсімдік пен жануарларға, сонымен қатар тау тау, өзен, көлдерге күш берген анимизм жатты. Түрік хандары және олардың билеушілері әр түрлі діндерге назар аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған немесе әртүрлі сенімдерді араластырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]