Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
107tarikh_durysy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.71 Кб
Скачать

73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары

Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығарылды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.

Қ-н тәуелсіздік жолында 1 кезеңі: 1989 – 1990 ж. 2 кезеңі: 1990ж 25 қазан – 1991ж желтоқсан. 3 кезеңі: 1991ж 16 желтоқсан – 1992ж.4 кезең: 1993ж – 1995 ж. 5 кезең: 1995ж наурыздан жаңа кезең басталды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысыл таяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.ДекларациядаҚазақКСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этносөкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінд еайтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оныңерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-іРеспублика үлесіне сәйкес жалпы одақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақполигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттікқауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауғақұқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды.Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік нормалары қатаң сақтай отырып, әлемдік қауымдастықпен байланысқа көшті. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан дүние жүзінің ірілі-кішілі мемлекеттерімен тең дәрежеде байланыс жасауда. Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазақстан дүние жүзінде территориясы жағынан 9-шы, адам саны жағынан 50-ші орын алады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]