Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
107tarikh_durysy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.71 Кб
Скачать

70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Қоғмдық ғылымдар өте күрделі жағдайда дамыды. 1946ж.14 тамызда «Звезда», «Ленинград» журналдары БК(б)П қаулысы оның одан әрі дамуына қиындық келтірлі. Қаулы бойынша Қаз. Партия комитеттері өз жұмыстарын жолға қоюға тиіс болды. Қаз.КП ОК-нің «Қазақ КСР ҒА-ның Тіл,әдебиет инст-ң жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулымен Ысмаилов, Жұмалиев, Мұқанов, Мағұлан ұлтшылдықпен оны таратуға қатысты деп айыптады. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 4-желтоқсанда25 жылға соттады. 1954ж. Көктемде Сталин қайтыс болғаннан кейін ақталды.

Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.

71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды.1954–1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954–1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды. Мал шаруашылығыКоммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен Қазақстан мал шаруашылғының дамуы баяу жүрді. Көптеген мал жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналып кетуі де мал шаруашылығының артта қалу себептерінің бірі болды.1955 жылы болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанда мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, 225 совхоз және 47 колхоз мал өнімдерін, яғни ет, сүт өндіретін шаруашылықтар ретінде өзгертілді. Мал шаруашылығы үкіметтің жасаған көптеген шаралары нәтижесінде жақсара бастады. Малшылар еңбегі арқасында мал шаруашылығы ілгері басты.Шаруашылықтың бар ауыртпалықтарын көтерген малшылар өз еңбегі нәтижесінде үлкен табыстарға жете білді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]