- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
Сталиннің үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатынка сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер мәдениеті әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Түрік тілдес шығыс халықтары сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавитті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым бөлігі араб жазуымен жарық көрген ата- баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты.
1920-30жылдары араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар “пантюркист” ”панисламист”
деп жарияланып, қудалауға ұшырады. Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды.Ал біздің сол зиялыларымыз,соның ішінді Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, М.Дулатов,С.Мендешов,Ж.Аймауытов,С.Қожанов т.б орынсыз сынға алынды.Кешікпей бұл сын зиялыларымызды ашық айыптауға және қудалауға ұласты.
Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастағанмен,мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені,ауылдағы мектептердің үйі жоқ,үйі болса орындықтары жоқ,орындықтары болса,оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді.Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді.
Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады.
Осылайша 20-30жылдары мәдениет саласында күрделі және қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды.
20-30 жылдардағы мәдениеттің жағымды жағына келетін болсақ,сауатсыздықты жою жоғары қарқынмен жүргізілді,бастауыш білім беру жүзеге асырылды,жоғары оқу орындары мен техникумдары ашылды,зиялылардың жаңа топтары қалыптасты.Ал жағымсыз жағы қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды.Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұқсан келтірді.
67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, Қазармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. 1937-38 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды.Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмухамедов т.б. ұшырады. 1937-1938 жылдары жазалау шаралар өте күшті өтті. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:
-Кеңес өкіметін орнатуға ат салысқандар: Т.Рысқұлов, С.Шәріпов, Ә.Әйтиев, Н.Төреқұлов, Б.Алманов, С.Мендешов, С.Арғыншиев, А.Асылбеков
-Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О.Жандосов, Т.Жүргенов, Қ.Тәштитов, Н.Нұрмақов, А.Досов, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов т.б.
-Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, М.Масанчи, С. Жақыпов т.б.
-қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Аспандияров, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М.Төлебаев т.б.
-орталықтан Қазақстанға жіберілген партия қызметкерлері: Л.И.Мирзоян, К.Я.Рафальский, В. Н.Андроников т.б.
Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг т.б. Осылардың ішінде ең ірісі «ЧСИР»-халық жауларының отбасы мүшелеріне арналған лагерь. Кейіннен ол «Алжир» халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері атанды.Бұл жерде С.Сейфуллиннің,Т.Жүргеновтың,С.Қожановтың әйелдері,Т.Рысқұловтың әйелі мен қызы болды.ГУЛАГ-лагерьлер бас басқармасы.Үштіктен-үш адамнан құрылған комиссия.БМСБ-Біріккен мемлекеттік саяси басқарма.Карлаг азабын кқргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалаымдар,мемлекет қайраткерлері т.б болды: ғалым А.Л.Чижевский,В.Л.Пржецлавский,Нәдірбай Айтақов-Түркімен КСР орталық атқару комитетінің төрағасы, П.С.Степанов-қарт большевик.
Оскаро ауданындағы 25 қоныс обсервацияда Волга бойынан, Пенза, Тамбов, Курск,Воронеж облыстарынан “кулак ретінде қудаланғандар мекендеді”.
Жеке адамға тоталитарлық жүйе кесірінен 101000 қазақстандық лагерь азабын көрді. Олардың 27000-ы атылды.
