- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды.Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы әр-түрлі болды:
-қалалар мен құрылыстарға кету -басқа аймақтарға, шет елдерге көшу -көтеріліске шығу
1929-1931 жылдары өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Солардың ішінде Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, Созақ, Ырғыз, Сарқант аумағындағы көтерілістер жатады. Семей округі-халық наразылығының ірі ошағы.1930 жылы Зырянов, Өскемен, Самар, Қатонкарағай аудандарында толқулар болды.Батпаққара көтерілісі бандиттік-басмашы көтерілісі деп бағаланды. Оңтүстік,орталық,батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аумағы-көтерісшілер аумағына айналды.Көтерісшілер талаптары: 1)заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал-мүлкін қайтару 2)дін бостандығы 3)Шаруаларға үдемелі табес салығын салу 4)еріктілік ұстанымын сақтау 5)дербес аудандар ұйымдастыруға мүмкіндік беру
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8-дивизия күшімен талқандалып, көптеген адамдар Шығыс Сібірге жер аударылды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен көзге түсті.Көтерісшілер Созақ ауданының орталығын алып,аудан басшыларын өлтірді.Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен аяусыз жанышталды.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу,Ырғыз, Балқаш, Қастек,Қордай, Абыралы, Шыңғыстау,Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931 жылы Қарқаралы округінің Абыралы,Шұбартау,Шыңғыстау аудадарының көтерісшілері жазалау әрекетінен түгел қырылды.
Республика аумағынан шетке қашау жиіледі:1)Түркіменстан,Қарақалпақ, Иран, Ауған жеріне-Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының халқы 2)Қытай жеріне-Алматы округінің Балқаш,Шоқпар,Іле,Еңбекшіқазақ,Сарқант,Жаркент,Бөрібаев аудандарының халқы көшіп кетті.
Республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер болып,оған 80 мың адам қатысқан.
65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
Қазақстанда ашаршылық зардабынан 2 млн. 220 мың адам қайтыс болды. Демек, «Ақтабан шұбырынды» заманынан берi өткен 210 жыл бойы тiрнектеп жиналған халық саны екi-ақ жылдың iшiнде оталып түстi. Қазақтың кең даласы күңiренiп қалды. 616 мың байырғы жұрт шетелдерге көшiп кетiп, қайта оралмай қойған шұбырындыларға айналды. Ал 414 мыңы көшiп кетсе, жiберiлген қателiктi түзету науқанында қайта оралған босқындар болды. Республикада 1927 жылдан бастап 1953 жылға дейiн 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған.
1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсiресе, солтүстiктегi аудандарда егiн шықпай қалды, астық тапшылығы көбейдi. Ал 1929-1930 жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөнiндегi жоспарлар өсе түспесе азайған жоқ. Мұның бәрi шаруаның тұрмысын күйзелте бердi.
Дегенмен, халыққа, әсiресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, көшпелi халықты бiрден отырықшыландыру жөнiндегi соқыр саясат, тым ауыр тидi. Ф. Голощекин, О. Исаев, I. Құрамысов, Г. Голюдов, Е. Ерназаров қазақ сахарасында «Кiшi Октябрьдi» жүзеге асыру ниетiмен әуелi 700 жуық байдың бар малын тартып алды.
Қалың ел көшiп келе жатқан жолындағы қонған жерiне күштеп қоныстандырылды. Не суы, не нуы, не баспанасы жоқ шөлде мал түгiлi адамдар қырыла бастады. Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқындар көбейiп кеттi. Баяғы қоғамдастырылған 40 миллион мал жем-шөбi, су-суаны, күнделiктi күтiмi болмағандықтан жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның 4 миллиондайы ғана қалды.
1931-1933 жылдардағы ғаламат қырғын қазақ халқының тарихында қалған қайғы-қасiрет - ащы шындық. Кейiн анықталған ресми деректерге қарағанда, қызыл қырғын кезiнде Қазақстанда тұратын және қонысынан ауып көршiлес өлкелер мен республикаларға барған қазақтардың өлгендерiнiң саны 2,3 миллионға жеткен. Бұл 1930 жылы Қазақстанда тұрған бүкiл қазақ халқының санына шаққанда, орта есеппен 52-53 пайызын құрайды.
