
- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
1928 жылы 27 тамызда Қаз ОАК мен Қаз ХКС-нің «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулысы шықты. Ол күшіне енген сәттен бастап шаруа қожалықтарына өзіндік ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын қалауы бойынша иелену құқығына кепілдік беретін. Жаңа экономикалық саясаттың принциптерінен бас тартылды. Қаулыға сай, байлардың шаруашылығын тәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерінен қоныс аударып жіберуге рұқсат етілді.Тәркілеу жөніндегі науқан, мақта шаруашылығы аудандарынан басқа, республиканың барлық жерлерін қамтыды. Тәркілеу нәтижесінде 657 анағұрлым ірі байлар қоныс аударылды, олардан 145 мың бас ірі қара тартып алынды, ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға және 24491 жеке шаруашылыққа берілді.Астық өнімдерін, егіндік пен шабындық жерлерді және малды тәркілеу науқаны барлық жерде де заң нормаларын бұзумен: халықты қорқыту және зорлау арқылы, байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды.Тәркілеу жөніндегі шараларды жүргізу барысында тәркілеу шегіне жеткізу үшін жеке шаруашылқтарды әдейі біріктіру де бой алды.Тәркіленіп кетпес үшін кейбір байлар өзінің мүлкі мен малын орта шаруалар мен кедейлерге бөліп берд, малының бір бөлігін базарда сатты.Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:
-орташалар байлар қатарына жатқызылды
-Тәркілеуге жататын нормага дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылыктары әдейі біріктірілді
-Уәкілдер кедейлерді қорқыту арқылы,байларды көрсетуге күштеп көндірді
-Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді
Бай кулактар қатарына темір шатырлы үйлері немесе 2 аты болғандар да енгізілді.
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп,бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды.Ұжымдастыру бай-кулактарды жоюдан басталды.
62.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.
1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты.
Қазақстандағы индустрияландыру жыл-дарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.
Индустрияландыру саясатындағы ерекшіліктер:
-Өлкедегі шикізат көздері жоғары қарқынмен игерілді
-Білікті жұмысшы мамандар,інженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді
-Урбандалу саясаты күшті жүріп,қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар,қала халқы көбейді
-Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлесі артты
Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстан-дағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республика-дан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводта-рында шығарылды.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: Халық дәстүрі бұзылды. Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.
Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.
Индустрияландыру саясатын жүзеге асару нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгерістер әкелінді.Бұрынғы кезде жетекші орында тұрған ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады.Өйткені халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісі белгіленді. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесіне бағынды.Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді.Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды.Осылайша өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.