- •2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
- •15. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
- •17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (іх-хіі ғғ.).
- •20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы..
- •21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •22. Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
- •49.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •55. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай.
- •56. 1917Ж. Екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
- •57. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.
- •58. Қазақ акср-ның құрылуы.
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •61.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
- •63. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары
- •64.1929-1931Ж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер
- •65.1931-1933Ж аштықтың себептері,экономикалық және демографиялық салдары
- •66.20 Ғасырдң 20-30ж мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары
- •67.1937-38Ж Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •68.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерлігі
- •69.Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі
- •70.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)
- •71.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономикалық, және әлеуметтік-демографиялық салдары
- •72.1965-1985 Ж.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73.1986Ж Желтоқсан көтерілісі, себептері мен салдары
- •74.Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері.Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация.Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң.
- •75.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •78.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
- •79. Астана – қр-ның астанасы.
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •84. Қр Президентінің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.
- •87. Тәуелсіз қр-ның құрылуы мен қалыптасыуындағы Тұңғыш президент н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
- •90. «Қазақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
Ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді.. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді. Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде ҚазақАКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады. Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму процесі ұлт болып ұйысумен бірге Орта Азия халықтарының ұлттық мемлекеттілігін құру үрдісін де күшейтті. 1924 жылғы қаңтарда Қазақ АКСР-інің үкіметі іс жүзінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандарын Қазақстанға қосу туралы мәселе көтерді. Орта Азияны межелеуге Түркістанның барлық тұрғылықты халықтары мүдделілік танытты. 1924 жылғы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы межелеу туралы мәселені алдын ала қарап, РК(б)П ОК-нің хатшысы Я. Рудзутаққа Ташкентте осы мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды. Кеңес 1924 жылғы 10 наурызда өтті. Онда «Түркістанды ұлттық-аумақтық межелеу туралы» Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы А. Рақымбаев баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу қажеттігінің басты себептерінің бірі ретінде Түркістан АКСР-ін, Хорезм, Бұхар халық республикаларын қамтыған өңірде ұлтаралық қатынастардың ұшығып отырғанын атады. 1924 жылдың жаз айларында Орта аз бюросы кешенді күрделі мәселелермен айналысты, сөйтіп аумақты, сонымен бірге материалдық-қаржылық құндылықтарды бөліске салумен, сондай-ақ жаңа әкімшілік аудандастыру принциптерін белгілеумен байланысты біраз қиындықтарды еңсерді. Межелеуге жатқызылған барлық аудандарда, мұрағат құжаттарының бірінде айтылғандай, «ерекше құштарлықпен және адамдардың мейлінше мол және ықыласты қатысуымен» ]. қайсыбір халықтар өкілдерінің қызу жиналыстары өткізілді. Осындай талқылаулардың барысында Түркістан АКСР-інде тұратын қарақалпақтар Хорезм республикасының Ходжейлі облысындағы отандастарымен бірігу және Қазақ А КСР құрамында Қарақалпақ автономиялық облысын құру қажеттігі туралы айтты. Ұлттық-мемлекеттік межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде де жалғасты. Мәселен, Бұхар халықтық Кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйектегі бесінші құрылтайында: «Бұхар халықтарының ерік-жігерін білдіре отырып, Түркістан мен Хорезмнің өзбектерімен бірге Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім білдіреміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бірауыздан қолдайды» деген қаулы қабылданды.10 күннен кейін Бүкілхорезм Кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. КСРО ОАК-нің 1924 жылғы 27 қазандағы екінші сессиясында Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу мен «ұлттардың өзін-өзі басқару принципі бойынша» құрамындаТәжік АКСР-і кіретін Өзбек КСР-ін,Түркімен КСР-ін және РКФСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысын құру туралы қаулы қабылданды.
