Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
107tarikh_durysy.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.71 Кб
Скачать

58. Қазақ акср-ның құрылуы.

1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.

Казревкомміндеттері: 1.Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу; 2.Өлкеде мемл;шаруашылық,мәдени құрылыс құру; 3Өлке кеңестерінің Құрылтай съезін әзірлеу

1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.

Қазақ АКСР–нің құрылуының тарихи маңызы: 1)Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі 2)отаршылдыққа қарсы күрес нәтежиесі 3)Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам

59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.

Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді.

Жаңа экон. саясаттың белгілері: - Азық - түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экон. саясаттың мәні - салғыртты салықпен ауыстыру болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл - селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алдыЖаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді.

Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.

Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.Жаңа экон. саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]