Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
107tarikh_durysy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.71 Кб
Скачать

1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі. Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Бірақ, тарих тек қана өткен туралы әңгіме ғана емес, ол нақты оқиғалардың жүйелі дамуы мен өзгеруін зерттейтін ғылым. Сонымен бірге өткен оқиғалар қорытындылай келе, оларға әр адамның, халықтың, жалпы адамзаттың қызығушылығын туғызады. Сол себептен біз өткенді терең білгіміз келеді.

Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тар2

“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.

Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.

Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.

2. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзт қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылысдәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит дәуірінің алғашқы ескерткіштері Батыс Қазақстан облысының аймағында 2001 жылы тарих және археология орталығымен (М.Н.Сдықов, ААБисембаев) және Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының тас дәуірі ескерткіштерін зерттеу бөлімімен бірлесе жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталды. (О.А.Артюхова., Г.Т. Бексеитов). Аса үлкен қызығушылық туғызған, Шалқар I мекенінен табылған 20 данадан құраған топтама (коллекция) болды. Олардың арасында: жапырақ пішіндес найза ұшының дайындығы, әмбебап құрал (қырғыш, ұрғы), екінші беті бұдырлы, дөңес қырғыш, тісті құрал-сайман. Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б. Жаңа тас ғасыры-неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. Бұл жерден 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70000 жылқының сүйегі табылды.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті – ғылымда Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мəдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан 4 зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:

1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.

2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.

3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.

Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мəйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі.

Андроновшылар шаруашылығы Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кең кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.

Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткішкешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысындаҰлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра,  Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, Aқкезең, Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған.

4. Сақтар. Жазба деректері, материалдық ж/е рухани мәдениеті,қоғамдық құрылысы. Б.з.б І мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Сақ тайпалар одағы б.з.б VII-IV ғасырларда құрылды. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт.Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген киф тайпаларымен ұқсастығы болды. Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы болды:*Парадарайа (Теңіздің ар жағындағы сақтар) *Тиграхауда(Шошақ бөрікті сақтар)*Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар). Қоғамдық құрылысы: Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған.Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшыл сақтарға-сары мен көк түстер тән еді. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да елдермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Б.з.д VI-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғары сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді.Мәдениеті: Сақ мәдениеті- орт.жіне Алд.Азияның мәдениеті мен өнер жетістіктерінің бірі болды. Сырдария,Іле,Талас,Лепсі және т.б өзендер аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. мысалы: Жуантөбе қорымы-300 обадан,Берікқара қорымы-500 обадан, Кетпен-Төбе алқабында700 обадан тұратын қорымдар табылған. Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады.Шығыс Қаз. мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан. Б.з.б 7 ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде "аңдық стиль" деп аталатын өнер пайда болды. Басты тақырыбы-аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. "Аңдық стиль" дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезіде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Жылқы- күн және отпен байланыстырылды. есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар-күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылыры Есік және Шірік-Раббат қоныстарынан табылды. Жазба деректері: Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антик дәуірінің авторлары(гректер)-Геродот,Страбон,Ксенофонт,Птоломей және т.б. 2) Ахеменидтер әулетінен(көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы т.б.) Парсы жазбалары "Сақ" атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азиялық скифтер" деп атайды. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюрьгий сақтары деп аталды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған:*Гректер-Азиялық скифтер; *Парсылар-Құдіретті еркектер;*Ирандықтар-Жүйрік атты турлар

5. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. . Ұлы Жібек жолы VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Ұлы «Жібек Жолы» —ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз(620-630ж.ж) Б.з.б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар-Лазурит жолы-Нефрит жолы-Дала жолы. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,.«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан,Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан. Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды.

6.Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Үйсін-р б.з.б. IIIғ – б.з. IVғ. Саяси тарихы. б.з.б. II ғ-дан бастап қытай жазб-нда бат-ғы көрші-р үйсін-р тур дерек-р кездеседі. Үйсін қытайша «аспан елі» деген ұғым.Қытай-ң сипаттауы бойынша үйс-р «аққұбаша, сары шашты». Антропологиялық жағынан еуропоидтық. Б.з.б. II ғ-да үйсін-р Жетісуға қоныс аударды. б.з.б. 138ж Қытай императоры Уди-ң елшісі Чжань – Цянь үйсін және қаңлы ел-ін 13 ж-й аралап, дер-р жинап қайтты. Сол дерек-р бой-ша Қытай тарихшысы Сымя–Цянь кітап жазды. Ондағы дере-р: 1)Үйсін-р астанасы – Ыстықкөл бойындағы Қызылаңғар ). Ол қаз-гі Ыстықкөл мен Іле өз-ң оңт жағ-на сал-ған бекіністі қала екен. 2)жоғары билеушісі – гуньмо3)халқы-ң саны – 630 мың 4)түтін саны – 120 мың 5)әскер саны – 188 800 мың 6)Байлар-ң жылқысы 5 мыңға дейін жетеді. Байлар жылқы-ына таңба салған. Үйсін мем-ті Бат, Орт, Шығ болып 3-ке бөлінген. 3 бөлік-ң басшысын – «бек» деп атайды. Үйс-р Қытай-н, Орта Азия-ң ғұн,қаңлы, ұйғыр тайпа-мен, Енисей қырғ-мен қар-қат жасаған. Еділ бой-ғы ел-мен сауда қат-сын орн-қан. Қыз алып, қыз беру арқ кейбір көрші-мен татулық байл жасаған. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үш. ғұн-мен бірнеше рет одақ құрған. Үйсін-де таптық қоғам болған. Мем-кет құру дәрежесіне жеткен. Қаңлылар(б.з.б. II-II ғ. – б.з. V ғ) Саяси тарихы. Оңт. Қ-ды мекендеген иран тілдес тайпа. Қаңлы-р тур. дерек-ді қытай жазб-нан және ирандық-ң қасиетті кітабы «Авестадан»кездестіреміз. Б.з.б. 138 ж қаңлы еліне қытай императоры Удидің елшісі Чжань-Цянь келіп, 13 жалдай саяхаттап қайтты. Оның жазб-на сүйеніп, тарихшы Сыма – Цянь кітап жазды. Ондағы дерек-де: «қаңлы-р саны -600 мың, түтін саны- 120мың, жауынгер-р саны- 120 мың». Қаңлы-р б.з.б. 46-36ж-ры ғұндармен одақтасып, қытай-мен соғ-қан. Қаңлы-р Сол-гі көрші-і сармат-р мен алаң-ды тәуелділікте ұстаған. Ұлы Жібек жолы бақылауында ұстап, Қытай, Рим, Кушан, мем-мен сауда және егіншілік қатынаста болған. Қоғам-қ құрылысы. Қаңлы мем-кеті 5 иелікке бөлінген. Иелікті кіші хан-р басқарған, олар жоғары бас ханға бағынған. Бүкіл елді оыс кіші хан-ға бағ-тын ру, тайпа басшы-ры-көсем-р басқ-ған. Билік мұрагерлік жолмен берілген.. Астанасы – Битянь. Ғалым-ң пікірінше, Түркістанға немесе Таразға жағын жерде орн-н. Салық жинау жүйесі қалыптасқан. Қоғамда мұндай адам-ң дәрежесі арта түсті. Қарапайым халық, қатардағы малшы-р, егінші-р қолында байлығы мен билігі бар адам-ға тәуелді, яғни бағ-ты болды. Олар, қолында билігі бар адам-р, ақсақал-р, әскери көсем-р еді. Ғұндар (Б.з.б.- IVғ. б.з.IIIғ) I. Саяси тарихы. б.з.б. IV ғ - дан Моңғолия территориясын жауынгер ғұн тайпа-ы мекендеді. Ғұн-р тур. ең алғаш рет б.з.б. III ғ. аяғында Қытай жазб-да п.б. Б.з.б. 209ж. ( III ғ.- аяғы) Л.Гумилев-ң дерегі бой-ша қолбасшы Мөде ғұн тайпа-н біріктіріп, мем-кет құрған. Мем-кет басында шексіз дара билікке ие болған шаньюй тұрды. Көне түркі тілінде тәңірқұты деген ұғым. Ғұн мем-ң құрамына 24 ру кірген.3 қанатқа бөлінген. Маңызды мәселе-р жылына 3 рет жиналатын ақсақал-р кенесіңде талқылаған. Ғұндар қытай-мен 300 ж-дай соғысқан.Б.з.б. 55 ж. Ғұн-р солт. және Оңт. боп 2-ге бөлінді. Оңт. Ғұн-ды қытай-р, ал Солт ғұн-ды Чжи-Чжи бастап Жетісудағы Талас өзен-ң бойына келіп қоныстанды. Ғұн-р мен қаңлы-р әскери одақ құрып, үйсін-қытай одағына қарсы соғысты. Ғұн-р жеңілген соң, қаңлы-мен одағы үзілді. Ғұн-р Талас бойына 2 қала салып, бекінді. Бұл қала-ға қытай-р шабуыл жасап, толықтай қиратты. Чжи бастаған 2 мыңдай ғұн-ды өлтіріп, қалған-ын құлдыққа сатты. Осылайша, ғұн-р-ң 1-ші келуі (Қаз-ға) сәтсіз аяқталды.Ғұндар-ң 2-ші келуі- б.з.б. 93 ж. болды. Осы жолы ғұн-р тоқтамастан көшіп, Европаға жетті. Ғұн-ң осы көшін тарихта «Халықтар-ң ұлы қоныс аударуы» д.а. Ғұн-ң ұлы патшасы – Аттила (Еділ) Европаны дүр сілкіндіріп, Рим империясын құлатты. 451 ж. Каталау даласында үлкен шайқас болды. 453 ж . Аттила қайтыс болған соң, Европадағы ғұн мем-ті ыдырады. Аттила-ң жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила-ң жорық-ы тур деректі рим тарихшысы Прискі-ң еңбек-нен оқимыз. Ғұн жорық-ң тарихи маңызы: 1) Құл иеленуші құрылысты құлатты. 2) Европаны римдік-ден азат етті. Аттила тур еңбек-р VI ғ-дан бастап әлі күнге дей. жазылуда. Ең көрнектісі – Джзуппе Верди «Аттила» операсы.

7.Бірінші Түрік қағанатының тарихы Түрік қағанаты (552 – 590) – Орталық Азиядағы түркі тайпалары құрған ортағасырлық мемлекет. Алғаш қытай жылнамаларындағы “Тукюә” (түрік немесе қажыр қайраттылар) деген атпен белгілі болды. Атау алғашында саяси мағынада қолданылып, кейіннен этн. мағына иеленді. Аңыз бойынша оған тайпа көсемдерінің бірі Ашина басшылық жасаған. Олар әуелі Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.Түрік қағанаты Түрік Қағандығы-ның қоғамдық өмірінде әскери іс маңызды орын алды. Түріктер мал ш-мен, аңшылықпен айналысты. 460 ж. көктүріктер Жужан қағанатының қол астына қарады, сөйтіп, олар Шығыс Түркістаннан Алтайға көшірілді. Олар Жужан қағанатына темір және металл бұйымдардан алым-салық төлеп отырды. Түркінің дулу (дулат) тайпасының басшысы Ағын шадтың ұлы Бумын әуелі теле түріктерімен, сосын бұрын Шығыс ғұндар құрған Вэй мемлекетіне елші аттандырып, олармен құдандалық, сауда-саттық және әскери-саяси қарым-қатынастарға орнатты. Осындай дайындықтардан кейін Бумын көктүріктерді бастап 552 ж. жужандардың негізгі күшін (бұл оқиға тарихта “темір қарушылар көтерілісі” деп аталады) талқандады. Жужан қағаны Анахуан өзін-өзі өлтірді де оның ұлы Яньлочен бастаған туыстары Қытайдың Цинь мемлекетіне барып бас сауғалайды. Бұрын жужан билігінде болған түркі тайпалары енді Бумын төңірегіне шоғырланып, 552 ж. ол өзін “ел қағаны” деп жариялады. Қрі тайпа басшылары шад, қағанның ұлдары мен інілері “тегін” лауазымына ие болды. Қрі ұлықтар жабғу, құшлы, уор, елтебер, тудын, іркін, жағунда, тархан, т.б. 28 дәрежеге жіктелді. Билік мұрагерлік жолмен жалғасты. Мемлекеттің халқын қара бодын құрады. Сарбаздары бөрі деп аталды. Ел ордасы Орхон өз. бойындағы өтукси қойнауында болды. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөр куәлік ретінде қолданылды.Бумыннан кейін билікке баласы Ыстық Қара хан (553 – 554) келді. Бумыннан інісі Истеми баїадүр лауазымын алып, 100 мың қолмен батыс майданға аттанды. Ол әуелі Жетісу, Сырдария бойын бағындырып, 563 – 567 ж. ақ ғұндар мемлекетін талқандап, Түрік Қағандығы-ның батыс шекарасын Шашқа (Ташкент) дейін жеткізді. Истеми түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” деп аталды. Бірақ ол ресми қаған сайланған емес. Мұқан қаған (554 – 572) билеген кезең Түрік Қағандығы-ның дәуірлеу кезеңі болды. Қағандықтың шекарасы шығысында Ляодуннан Каспий т-не дейін, Оңт. Моңғол құмынан Байкал к-не дейінгі жерді алып жатты. Мұқан қаған Түрік Қағандығы-на Қытайдың Ци және Чжоу мемлекеттерін бағынышты етіп қойды. Нәтижесінде тек Чжоу мемлекеті ғана Түрік Қағандығы-на жыл сайын 100 мың топ тарғын торқа төлем төлеп тұрды. Осы кезде Түрік Қағандығы атты әскерлерінің саны 100 мыңға жетті. Көрші мемлекеттерге 370 рет елші аттандырып, Қытайға барған түркі елшілерінің саны кей жылдары мың адамға дейін жеткен. Мұқаннан кейін оның ұлы Табар қаған таққа отырды. Ол қытайлармен ынтымақтастық жағдайда тұрып, елдің саяси басқару жүйесіне өзгеріс енгізді. Ағасына нистадэрфу лауазымын беріп, елінің сол қанатын, інісі Бөле ханға оң қанатын басқартты. өзі орт. билікте қалды. Бұл көшпенді жұртты басқарудың дәстүрлі жолы болғанымен ақсүйектер арасындағы билік үшін күреске алып келді. Шаболио қа-ғанның тұсында қазіргі Орт. Моңғолияны мекендеген тайпалар Дату, Або хандардың басшылығымен бірнеше дүркін бас көтерді. Шаболио қаған қытайлардың көмегімен көтерілісті басып, Або ханды қолға түсірді. Бірақ бас көтеру мұнымен тоқтамады. Қытайдың Сун әулеті билеушілері мұндай тұрақсыздықты шебер пайдаланып, тайпа билеушілерін бір-біріне айдап салып отырды. 587 – 590 ж. Түрік Қағандығы-нда үш билеуші (Чулоху, Дулан, Дату) алмасты. Елде саяси тұрақсыздық пайда болды. Ақыры 590 ж. Түрік Қағандығы Батыс Түрік қағандығы (Орта Азия) және Шығыс Түрік қағандығы (Орт. Азия) болып екіге бөлініп, біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Түрік Қағандығы дүйім түркілердің басын біріктірген ғұндардан кейінгі екінші мемлекет болды. Мемлекет ретінде не бары 38 жыл өмір сүрді. Бірақ дербес мемлекет ретінде тарихта өшпестей із қалдырды. Түрік Қағандығы-ның мемлекеттілік тәжірибесін кейін Батыс Түрік қағандығы, Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол мемлекеті қайталады. Түрік Қағандығы мемл. басқару жүйесі, өзіндік қолтаңбасы бар жазу мәдениетін қалдырды. Қағандықта өзіне тән қылмыс ережелері болды.

8.Көне түрік жазуының ескерткіштері.Түріктердің тарихы мен мәдениеті туралы жазба деректер?Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып,шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). V-IX ғ-да түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы.Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді.Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылумен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны - 85 шамалы. Олардың ішінде кіші – гірім жазбалармен қатар ірі тестер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді.Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып» деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.Көне түрік қағанаты дәуірінде, дәлірек айтсақ VІІІ – ғ-да әрбір әрпі құлпытасқа қашап жазылған, әрбір сөзі адамның жан жүйесін еріксіз тебірентетін, әрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым замандардан сақталып, бізге жеткен сөз патшасы бүгінгі оқырманына да әмірін жүргізеді – оған эстетикалық ләззат беріп, ой мен сезім әлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сөзін айшықтап, ажарлап, сан түрлі бояумен құбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тәнті боласыз.

9. Батыс Түрік қағанатының тарихы. Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.Жегуй қаған(610-618жж.) мен оның інісі-Түн жабғы қаған(618-630жж.)билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті.Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін кеңейтеді.Батыс Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шұғылданды.Қалаларда сауда –саттық кеңінен өрістеді.7 ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс,тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді.Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады.Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, 8 ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.

10.Түргеш қағанатының тарихы (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.

11. Қарлұқ қағанатының тарихы. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

12. Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. Күйреген Батыс Турік қағанат.ң орнына көшпелі және жарт. көшпелі туркі тілдес тайпа/ қазіргі Қаз.н аумағында құдіретті 3 мем.т:Жетісуда – Қарлұқ,Сырд.ң орта және төменгі ағысында – Оғыз,Солт.Шығыс.Орт.Қаз.да – Қимақ қағ.ты құрылды. IX ғ.соңы-қимақ тайпасы.ң атымен Қимақ қағ.ы құр.ды. 840 ж Орт. Монғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур,Байандур,Татар) Қимақтарға қосылды.Жеті тайпалы Қимақ қағ.ң негізі осы кезде қалыптасты.X ғ. Бас.да Қимақ мем.і құр.да 12 тайпа болған. Астаналары – Қимақия (Ертіс бойы),Карантия(Алакөл жағасы)Қимақтар құрамы 7 тайпадан тұрған. Ең атақтылары: қимақтар мен қыпшақтар. (парсы тарихшысы Гардизи) Тайпа/ы: эймур, байандур, татар, ланиқаз,ажлар,имек,қыпшақ.

Қимақ/ тарихы.ң ерте кезеңі Янмо тайпасымен байланысты.ол Батыс Түрік/ арасында 7 ғ. болған оқиғаға орай,Қытай деректерінде аталып өтеді.Синолог/ янмо тайпасы мен имек тайпасы екеуин бір тайпа деп есептейді.Имек термини Кимек атауы.ң фонетикалық бір түрі.8ғ екінші жартысы мен 9ғ бас кезінде Кимек тайпа/ы 3 бағытқа :Солт.батысқа – Оңт.Орал жағына,Оңт.бағытқа – Сырдария мен Оңт.Қаз.ға , Оңт.ке – Жетісудың Солт.-Батысына қарай қозғалады.766-840жж Кимек/ Батыс Алтай , Тарбағатай мен Алакөл ойпаты.ң жер/ін жайлап,Оғыз/ң теріскей шебіне дейін жетеді.9ғ аяғынан 11ғ бас. дейін кимек/ қалыптасқан мем.т болды.11ғ.басында кимек/ біртіндеп ыдырай бастады.Құлауының 2 себебі болды:1.өзін-өзі билеуге,өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хан/ының кимек/дің орталық билігіне бағынбауына бай.ты ішкі себеп,2.11ғ қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпа/ының қоныс ауд.ң ықпалымен болған сыртқы оқиға. 11ғ тайпа/.ң қоныс ауд.ң нег.себебі-916ж Солт.Қытайда Қидан/.ң Ляо мем.ң құр.уы еді.Осы мем.ң жері.ң батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпа./ң одан әрі ығысуына әкеліп соқты.11ғ 2 жартысында Сырд.я өзені бойындағы ,Арал.ң Батысы мен Каспиий.ң Солт.өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақ/ айтарлықтай күшейіп,бұрынғы қимақ-қыпшақ орн.н нег.айм.та күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты.Қимақ/осы оқиға./ кезінде өзі.ң саяси жетекшілігінен айрылып қана қоймай,қыпшақ.ға тәуелді болып қалды.Осылай қып./ Қимақ мем.ң мұрагері болып қалды.Бұдан былай қимақ/ қыпшақ тайпа/.ң құрамына еніп,қыпшақ деп аталды./.Қимақ/.ң басты шар.ғы – мал ш.ғы .Кыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлады.Орта ғасыр автор/ы қимақ.ң жылқы,қой,ешкі,сиыр,түйе өсіргенін айтады.Олар.ң шар.да жылқы,қой өсіру ерекше маңызды болды.Қ.р аң аулаумен де айналысқан.

13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында 9-10ғғ. Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік”бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, яғма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі.Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмән жоқ.Алайда 8ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған.Сөйтіп 9ғ. Аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархалды-феодалдық мемлекет құрылады.М.Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады. Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» деген атағы бар жоғарғы билеуші болған. Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де, мұраға қалып отырды.Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған.Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды.10ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985ж. Оғыздармен келісе отырып, Еділ,Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады.Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды. Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп, көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, қыпшақ тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт,түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.

14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (ІХ-ХІ ғғ.). Қыпшақтар ҮІІІ ғасырда Ертіс бойын, Шығыс Қазақстан далалары мен Алтай тауының баурайларын мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. ХІ ғасырда Қимақтардың әлсіреуіне байланысты үстемдікке ие болды. ХІІ ғасырда Ертістен Еділге дейінгі ұлан байтақ территорияны иеленді.Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8ғғ құрыла бастаған.Қыпшақ бірлестігіне қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт,қаңлы,қарлұқ,жікіл тайпалары енген.Ең беделді тайпа бөрілер болды.Қыпшақ мемлекетінің саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының едәуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін Хі ғ. ортасында нығайды.

Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Олар елбөрілі руынан шыққан. Әскери-әімшілік жағынан қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстап, екі қанатқа бөлінді. Оң қанат, ордасы – Жайық өзені маңында Сарайшық қаласы. Бұл қанатты елбөрі руынан шыққа хан басқарған.  Сол қанат, ордасы – Сығанақ қаласы.Оның ханы қайыұран руының өкілі болған. Оң қанат саяси жағынан мықты деп есептелді. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі – хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар болды.

ХІІ ғ. соңында қыпшақтар дағдарыс кезеңін бастан өткізеді. Қарақидандар мен Хорезмге қарсы күрескен Сығанақ иелегі, хорезмдіктерге тәуелділікке түседі. 1182 жылы Алып қара Ұран хан хорезмшахқа өз ұлы Қадыр Бугу бастаған елшілік жіберіп, Қара қидандарға қарсы одақ туралы бітімге отырады. Дәл осы жылы қара қидандарға шабуылдар жасалынып, Тараз және оның маңы қидандардан азат етіледі. Бірақ кейінірек одақтастар өзара жауласып, 1195 жылы хорезмшах Текеш Қадыр Буке ханға қарсы жорыққа шығады. Нәтижесінде қыпшақ ханы жеңіске жетеді. Бірақ Қадыр Буке хан мен немере інісі Алып Дерек арасында қайшылықтар пайда болып, ол қыпшақ хандығын әлсіретеді. ХІІ ғасырда Қыпшақ хандары мен Хорезм шахының арасында Сырдария бойындағы сауда-экономикалық маңызды аймақтар үшін соғыстар басталып алма кезек жеңістермен аяқталып жүрді. 1215 жылы Жент және Сығанақ аудандарында қатты жеңіліс тауып, солтүстікке ауа көшті. Кейін монғол шапқыншылығына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]