Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эльмира дипломдык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.66 Кб
Скачать

3.2 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы.

Туристтерді орналастыру құралдары ретінде түнеу үшін орын болатын туристтерге ұсынылатын кез келеген объект (ғимарат, жай және т.б.) болып табылады. Олар келесі параметрлер (қасиеттер) бойынша сипатталады:

  • орналастыру объектінің орнының жалпы саны;

  • орналастыру объектісінде басшылық пен қызмет көрсету персоналы бар;

  • орналастыру объектісін басқару коммерциялық негізде құралады.

ДТҰ-ның рекомендациясына сәйкес барлық туристтерді орналастыру құралдары 2 категория бойынша бөлінеді: ұжымдық және индивидуалды (1-кесте).

Кесте – 1 Туристтерді орналастыру құралдарының стандартты классификациясы.

Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т.б. ұжымдық орналастыру құралдары жатады.

Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең ауқымды қосымша қызметтер.

Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді, туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады.

Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар бола алады.

Мамандандырылған қонақ үйлерге:

Кемпинг – қала сыртындағы жерлерде орналасатын, жазғы үйшіктермен, палаткалармен жабдықталған автотуристтерге арналған лагерь.

Ротель – бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен танысады да, түнде поезде түнейді.

Ботель – сәйкесінше жабдықталған кемені ұсынатын жүзгіш қонақ үй; туристтерге ыңғайлы нөмір-каюталар, белсенді демалыс қызметтері, келісімдер үшін залдар, байланыс қралдарын, көптеген барлар мен ресторандар ұсынылады. Флотельдерді 1990 жылы қарқынды дами бастаған круизді демалысты ұймдастыру үшін қолданады.

Арнаулы орындардың жоғарлауы мен сегмент нарықтарының кеңеюінен круиз үшін демалыстың жаңа түрі дами түсті. Ол круиз және самолетпен ұшу. Мұнда әуе транспортының жылдамдығы мен романтикалық теңіз саяхаты тіркесімін табуда. Осында демалыс үшін орналастыру құралы флайтель деп аталады, бірақ бағаның жоғары болуынан қонақ үй нарығында ол шектеулі етіп ұсынылады.

Ерекше назарды жаңадан дамып келе жатқан мамандандырылған туризм түріне – ауылдық туризмге (деревенский туризм, rural tourism) аударуына келіп тұр. Қазіргі уақытта осы туризм түрі пайдалы әрекет түрі ретінде қарастырылады.

Басқа да ұжымдық орналастыру құралдарына ең бастысы демалыс үшін арналған баспаналар жатады, мысалы, пәтер типтес қонақ үйлер, үйлер кешені немесе бунгалолар. Бұл жайлардың тұтас басқарулары бар, ақшаға жалға немесе кез келген тұлғаға немесе ұйымға жалға беріледі.

Басқа орналастыру құралдарына кемпинг үшін аумақтағы объектілер, кіші кемелер үшін аймақтағы объектілер кіреді. Клиенттерге түнеу және ақпараттық, саудалық, бос уақыттық секілді қызметтерді ұсынады. Туристтік

2-кесте Орналастыру құралдарын арналуы бойынша классификациялау.

жатақханалар, қарттар үшін демалыс үйлері және әлеуметтік мәндегі аналогиялық объектілерді де ұжымдық орналастыру құралдары ретінде санауға болады.

Үнемі тұруға арналған қонақ үйлер біздің елімізде жоқ.

Транзитті қонақ үйлер қысқа мерзімге тоқталып кететін барлық адамдарға қызмет көрсетеді. Олар әдетте ірі транспорттық территорияларда, темір жол вокзалдарында, әуе жайларда, теңіздік және өзендік вокзалдарда, автовокзалдарда орналасады. Қызмет көрсету мен қызмет ассортименті минималды, тамақтану әдетте ұсынылмайды, өйткені тамақтану кәсіпорындары вокзалдарда орналасады.

Іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер белгілі бір іс сапармен немесе іспен келетін адамдарға қызмет етеді.

Демалыс үшін арналған әрбір қонақ үй өзіне ғана сипатты ерекшеліктеріне ие болады.

Курортты қонақ үйлер емдік-медициналық, сауықтыруға арналған жабдықтар мен бөлмелері, кейде тіпті диеталық тамақтану да қарастырылуы керек.

Стационарлы қонақ үйлер көбіне отбасымен демалуға арналады, сондықтан олардың балалар үшін ойнайтын бөлмелері, спортты-сауықтыру дәрістері үшін бөлмелері болуы керек.

Туристтік-экскурсилық қонақ үйлер өздеріндеэкскурсоводы, топты басқаратын, спорт нұсқаушылары, ал спорт туризмі үшін арналған қонақ үйлерде туристтік-спортты қызмет үшін бөлмелері болуы тиіс. Мұндай қонақ үйлер әдетте жабдықталған туристтік трассға жақын маңында орналасады.

Индивидуалды орнастыру құралдары ақшаға, жалға, тегін беріледі. Бұған үй шаруашылық мүшелерімен кезегімен жалға алынатын баспана (пәтер, коттедждер, особняктар) жатады.

Турист жанұялық үйде жалға алушы құқығында орналаса алады, ал жалға жеке тұлғадан немесе агенттіктен толығымен жабдықталған баспана (үйді, пәтерді, коттеджді) ала алады не туыстарға немесе таныстарында тегін қалалады.

Қызметтің деңгейі, ассортименті және бағасы бойынша қонақ үй кәсіпорны бірнеше типтерге бөлінеді:

  • арзан отельдер немесе сервисі шектеулі отельдер минимум қызметті ұсынады, бірақ кейбір кәсіпорындар айтарлықтай кең қызмет терімін ұсынады, алайда қызмет көрсету деңгейі орташа болады;

  • «люкс» отельдер фешенеблді декормен және эксклюзивті жиһазбен жабдықталып, жақсы жабдықталған салодар мен қоғамдық бөлмелері бар. Осындай деңгейдегі қонақ үйлік кәсіпорындарда нөмірлер санына қарағанда персонал проценті қатынасы жоғары.

Қонақ үйлік бизнес, қонақ үйлік кәсіпорындар нақтылы сегментіне ставканы жоғары қоюымен сипатталады. Сондықтан қазіргі заманғы қонақ үй базасы үшін отельдердің негізгі типтерін бөліп қарастырайық.

«Люкс» отель орта есппен 100-ден 400-ке дейін нөмірлерге ие болады, әдетте қала орталығында орналасады, жақсы оқытылған персоналмен, қызмет көрсеті деңгейінің жоғары болуымен, тұруға жоғары бағаның болуымен сипатталады, бөлменің қымбат әрлеуі бар және қонақтардың негізінде ірі кәсіпорын басшыларының, жоғарғы деңгейлі профессионалдардың, конференция қатысушыларының тұуы үшін өте ыңғайлы жағдайлар ұсынылады.

Жоғары класстағы қонақ үйлер 400-ден 2000-ға дейін нөмірлері болуы мүмкін, қала ішінде орналасады, қызметтің кең терімін ұсынады, қызмет орташадан жоғары баға бойынша оқытылған персоналмен ұсынылып, әдетте бизнесмендер, жеке туристтер, конференция қатысушыларына және т.б. бағытталады.

Орташа деңгейдегі қонақ үйлер түрлі пішінде және түрлі орналасуы болуы мүмкін және эксплуатациялық шығындарды азайта отырып замануи технологияны максималды қолдануға ұмтылады.

Апарт-отель 100-ден 400-ге дейін нөмірлері бар, оның өз-өзіне қызмет көрсету нұсқасымен аналогиялық шарттарымен жиөаздалған бөлме жағдайы бар және ұзаққа тоқтайтын әдетте бизнесмендер мен жанұялы туристтер үшін бағдарланған.

Эконом клсатағы қонақ үйлер сыйымдылығы 10-нан 150-ге дейін, әдетте қалаға маңда орналасады, кішігірім персонал штаты бар, тамақтану қызметінсіз қазіргі жағдайда, жақсы жабдықталған нөмірлер жоғары емес бағаны ұсынады. Тұтынушылар болып әдетте толық пансионда қажеттілігі жоқ іскер адам мен жеке туристтер табылады.

Мотель немесе туристтер үшін үй 150-ден 400-ге дейін нөмірлер бар, қалаға кіре берісінде автомобильді жолдарда қала сыртында орналасады.

Курорттық қонақ үй әдетте 100-ден 150-ге дейін нөмірлері бар, теңіз, өзен, мұхит, тауға жақын жерлерде орналасқан, толық қызметтер терімін ұсынады. Көп мөлшерлі спорттық құрылысқа, бағалы ресторандарға, банкетті залдарға кездесу үшін бөлмелер бар және түрлі категориялы туристтерге бағдарланған.

Кондаминимум типіндегі қонақ үй. Оның сыйымдылығы 50-ден 500 нөмірлерге дейін, 4-5 нөмірде жеке құрылыстар да болуы мүмкін. Пәтерлер және спорттық құрылыстар типіндегі нөмірлер курорттық қонақ үйлерге аналогиялық болып табылады. Осы қонақ үйлердегі пәтерлер демалыстарда болған клиенттерге қызмет көрсету үшін арналған. Осындай қонақ үйлерге жекеменшіктің екі түрін ажыратады. Кейбір пәтерлер тікелей сатылғандар, олардың иелері жыл бойы тұруға құқығы бар. Басқа тәсілінде пәтерлер уақытта бөлек сатылады (таймшер), мұнда бір жекеменшік иесі нақтылы уақыт аралығында ғана пәтерді иемденуге құқығы болса, екіншісінің ұалған кезеңге құқығының бар болуын айтады. Таймшердің бағасы әдетте келу мерзіміне байланысты болады: аз тартымды кезеңдер арзан болады, ал мерзімі жоғары кезеңдерде оның бағасы өседі. Таймшердің концепциясы мүлікті сатып алудан демалыс үшін ұзақ мерзімге құқығы бар сатып алуға өтуінен тұрады.

Жеке не іс сапар мақсатында саяхаттайтын адамдар бірдей мұқтаждыққа ие болмайды, қонақ үйге деген талап индивидуалды туристтерде де түрлі болады.

Түрлі елдерде қонақ үйді классификациялағанда қазіргі уақытта 30 түрлісі бар түрлі жүйелерді қолданады. Қонақ үйдің классификациясының бір жүйесін енгізуге мемлекеттің мәдени-тарихи дамуымен байланысты кедергі болатын факторлар тізімі бар. Ең көп таралған классификациясы болып табылады:

  • Францияда, Австрияда, Венгрияда, Египетте, Қытайда, Ресейде және халықаралық туристтік алмасуда қатысатын мемлекеттерде қолданылатын «жұлдыздар» жүйесі;

  • Грецияда қолданатын әріпте жүйесі;

  • Ұлыбританияға сипатты «тәж» не «кілттер» жүйесі;

  • разрядтар жүйесі.

Дүние жүзінде тәжірибе көрсеткендей, көптеген қонақ үй түрлілігін, оның жайландырылуы мен сервисін осы ресми 5 категорияға кіргізу м.мкін емес. Шындығында, орналастыру құралдарының сапасын сипаттайтын параметрлер саны жүздеген болады.

Ең көп таралған қонақ үй классификациясы француздық ұлттық классификациясы болып табылады. Оған сәйкес барлық қонақ үйдің комфорттылығына байланысты «жұлдыздар» деп аталатын категорияларға бөлінеді.

Австрия – туристтерді қабылдау бойынша дүние жүзі лидерлерінің бірі болып саналады. Онда таулы бөліктердегі қонақ үйлердің 20 мыңын санауға болады. Австриядағы қонақ үйлер 5 жұлдызды жүйемен бағаланады, бірақ ауыл жерлерінде категорияларға кірмейтін қонақ үйлер кездеседі. Австриялық 3 және 5 жұлдызды категориялы қонақ үйлер бір көзге қарағанда бір-бірінен аз ерекшеленеді. Осы қонақ үйлердің көп бөлігіндехауыз, сауна, ресторан, бар, кафе, соляриялар бар. Барлық қонақ үйлердің ұқсастықтары – көп таралған Австриялық романтикалық стиль, яғни ескі заттардың болуы. Кейде үш жұлдызды қонақ үйдің жабдығы төрт жұлдыздысына қарағанда әлде қайда жоғғарырақ болуы мүмкін.

Египетте де жұлдыздар жүйесін қолданады, алайда еуропалық жүйемен салыстырғанда бағалауы 1 жұлдыздыға көтеріңкі болады.

Ағылшындықтар оригиналды жүйені қолданады. Отельдерді 5 категория бойынша (1-ден 5 жұлдызға дейін), ресторандарды 1-ден 5 розеткаларға дейін, жол бойындағы қонақ үйлерді, фермерлік үйлерді 1-5Q дейін (quality -сапа) бойынша классификациялайды.

АҚШ-та үкімет бекіткен белгілі бір классификация жүйесі жоқ. Комфорттылығы бойынша олар 5 категорияға бөлінеді. АҚШ-тағы қонақ үйлерді орналасуы, бағасы және қызмет типі бойынша классификациялауға болады. Орналасуына қарай олар орталықты (қала орталығында орналасқандар), курортты (курортты зонада орналасқандар), казино (ойнау бизнесі орталығында), аэровокзалды (әуе жай жанында), автострадалық (автострада бойында орналасқандар) болып бөлінеді.