
- •1 Қонақ үй шаруашылығы
- •Қонақ үй шаруашылығының тарихы
- •1.2 Қонақ үй классификациясы
- •2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
- •2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
- •2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
- •2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
- •1.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру.
- •3 Туристерді орналастыру индустриясы
- •3.1 Туристерді орналастыру мекемелерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралы ретінде қонақ үй түрлерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы.
- •Қорытынды
- •Қосымша б
- •Қосымша д Сызбанұсқа-1. «Достық» қонақ үйінің номерлер құны
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.2 Орналастыру құралы ретінде қонақ үй түрлерінің классификациясы
Қонақ үй - бұл тұтынушыларға қаражат деңгейіне байланысты номер түрін ұсынатын, тәулік бойы технологиялық процессте жұмыс істейтін, негізгі қызмет пен қоса қосымша қызмет түрлерін көрсететін, өнімдерін ұсынатын және ыңғайлық пен комфорт тудыратын ғимарат.
Қазіргі кезде қонақүй лер түрлі клиенттерді орналастыра алады:
- конгресс, жәрмеңкеге қатысушылардың жинағы;
- конкурс , жарысқа қатысушылар;
- қызмет жоспарымен келгендер, дәрігерлік конференцияға және дем алуға келген жеке азаматтар.
Қонақ үйлер төмендегідей белгілеріне байланысты жобаланып, құрылады.
- жалпы типті іскер адамдар үшін, ведомствалық жиналыстар үшін т.б;
- демалуға арналған қонақ үйлер – туристік, курорттық, автотуристер үшін мотельдер, кемпингтер;
- спортсмендер және транзиттік жолаушылар үшін-арнайы типтік қонақ үй.
Қонақ үйдің жалпы типтегі бір түрі – ведомствалық қонақ үйлер көбіне белгілі бір мекеме немесе кәсіпорынға іскерлік мақсатпен келгендерге көзделеді. Мұндай қонақ үйлер сол ведомстваға немесе орынға жақын орналастырылады және қоғамдық транспорт немесе
ыңғайлы транспорт түрі көзделеді.
Шетелде кең тараған жиналысқа арналған арнайы құрылысты қонақүй типі кейде «конференц – отель», немесе «конгресс-отель» деп аталады. Ал іскер адамдарға -«бизнес-отель». Бұл қонақ үй жоғары деңгейлі комфортты және конгрес өтілетін зал, жиналысқа арналған бөлме, конференция, симпозиум, ресторандардың түрлі типтері, байланыс және банк бөлімшесі, телетайп, телефакс, бассейн, сауна, кегельбан қарастырылады.
Туристік қонақ үйлер. Туристерге демалыстарын белсенді өткізуге арналған. Туристік қонақүйлер қалаға , қала сыртында , туристік назар аударарлық жерлерге, жақсы табиғи факторлары бар орындарға, жасыл сілемдерге тұрғызылады. Туристік және курорттық қонақ үйлердің жер учаскесі жалпы типті қонақ үйлерге қарағанда үлкен болады.
Туристік, курорттық қонақ үй мен мотель, кемпингтер мен курорттық аймақтардың алаңындағы отырғызылған жас-желектер 5%
алаң учаскесін құрауы керек. Қонақ үй учаскесін спорттық алаңдар, балалар ойнайтын алаңдар салынады (есеп бойынша 1орынға 8-10м). Туристік және курорттық қонақ үйлер тұрғын корпусын шумнан, шаңнан қорғау үшін жол мен көшелерден 50м қашықтықта салынады. Егерде жан ұясымен келсе, демалушыларға көбіне 2 орынды номерлер қарастырылады.
Қоғамдық тамақтандыру орындарында «ойын-сауық тамақтандыру» орны болуы сирек кездеседі (би-бары, варьете, және т.б) және тез әрі арзан тамақтандыру кәсіпорын (экспрес кафе, жеңіл асхана).
Туристік - спорттық қонақ үйлерде туристік және спорттық инвентарь мен жабдықтарды (коньки, шана, аңшылық, балық аулайтын жабдық, қайық, байдарка т.б) жалға алу жағдайлары қарастырылған. Бұл қонақ үйлердің қызмет көрсету түрлері жақсы дамыған және мұнда «ойын-сауық» (күндізгі және түнгі барлар ), магазин, киоскі және т.б. қарастырылған. Қонақүйде жоғарғы комфортты бассейн, сауна, кегельбан, бар, ресторан, мәдени орталықтарды иемденеді .
Туристік база орналасуы үшін құрылған ауқымды құрал- жабдықтар. Ол жерде туристер тамақпен және мәдени–тұрмыстық қызметпен қамтамасыздандырылады және туристерге ауқымды , комплекстік қызмет көрсетіледі. Негізінен туристік базалар комплекстік және туристік – емдік аудандармен қамтылған қала маңындағы демалыс орны болып табылады.
Туристік станцияның бір түрі туристік пана. Мұнда 2 күндік мерзім бойынша және негізгі қызмет түрлері ғана көрсетіледі.
Қиын аудан немесе жолдарда қолданылатын лашықтар. Бұл туристік панаға ұқсас, бірақ онда болу уақыты аз уақытқа шамалаланған .
Курорттық қонақүй - бұл барлық мүмкіндікті профилактикалық емдеу жағдайы көзделген және ұзақ болуға шамаланған демалыс орны.
Сондықтан мұнда негізгі курорттық профилмен байланысты емдік-шипалы ғимараттар қарастырылады. Курорттық қонақүйлер мәдени-көпшілік қызмет түрі (көп функционалды белгілері бар зал, дем алуға арналған хол, кітапхана, билярд және т.б), балаларға арналған ойын мен демалу алаңдары және спорттық жабдықтармен жабдықталған (жүзү бассейні, спортзал, спорт алаңдары және т.б) осындай ғимараттары қарастырылады.
Курортты қонақүйлердің номерлері 1 және 2 орынды болады. Егер балаларымен келсе, ондай жағдайда қосымша тағы ұйықтайтын бөлме қарастырылады. Номерлерде демалуға арналған лоджа, балкон, верандалары болады. Курортты қонақүйлер негізінен табиғат-климаты қолайлы жерде тұрғызылады: теңіз жағасына, көл жанына, пайдалы емдік қасиеті бар бұлақ жанына, таулы жерге.
Қонақ үйлік кәсіпорындар орналасуына, жеткізіліп берілетін қызмет құрамына және ұсынылатын қызмет деңгейіне байланысты классификацияланады. ДТҰ классифмкациясы бойынша:
Орналасуы бойынша қонақ үйлердің келесі түрлерін көрсетуге болады:
Қала орталығында орналасқан қонақ үйлер;
Жол бойында орналасқан, аз қабатты, автостоянкасы бар қонақ үйлер;
Қала айналасындағы және аэрапорт жанындағы қонақ үйлер;
Жүзбелі қонақ үйлер – бұл көл немесе өзен жағалауларында орналасқан қонақ үйлер.
Қонақ үй кәсіпорындарының ассортименті, қызмет құны және деңгейіне байланысты бірнеше түргн бөлінеді:
Арзан қонақ үйлер немесе аз қызмет ұсынатын сервисі шектеулі қонақ үйлер. Сонымен қатар бұл кәсіпорындарда тамақтандыру орындары болуы да, болмауы да мүмкін:
«Люкс» қонақ үйлері – фешенебель түрде декорланған, жоғары сапалы жиһаздармен, жақсы жабдықталғанқоғамдық бөлмелер және номер санына қатысты көп мөлшерде персоналдармен қамтамассыз етілуі қажет.
ДТҰ қонақ үй қызметін тұтынушыларына тәуелді қазіргі қонақ нарығында қонақ үйлердің келесі түрлерін ұсынады.
Жоғары класстағы қонақ үй 400 ден 2000 дейін номерлері болады. Қала ішнде орналасып, оқытылған персоналдар арқылы бизнесмендерге, конференция қатысушыларына, индивидуальді туристерге қызметтің кең тараған түрлерін ұсынады; ол қымбат құрал-жабдықтар және жиһаздармен жабдықталған. Тұру бағасы – орташадан жоғары.
Орта деңгейдегі қонақ үйлер кең көлемдегі тұтынушылар тобына бағытталған, номер саны әр түрлі болып келеді. Эксплуатациялық шығындарды төмендетіп және орта деңгейдегі бағаларды ұсына отырып заманауи технологияны пайдалануға тырысады.
Экономикалық класстағы қонақ үй 10нан 150 дейінгі номерлері бар шағын көлемдегі қонақ үй. Қала шетінде орналасқан, кішігірім персонал штаты бар, номерлік фонды жақсы жабдықталған, бірақ тамақтандыру қызметі болмайды. Тұтынушылары әдетте бизнесмендер, индивидуальді туристер.
Курортты қонақ үй 100 ден 500 дейінгі номерлі, әдетте қала ішінде, су қоймаларына жақын жерде орналасқан: қызметтің барлық түрін ұсынады, көптеген спорттық және балаларға арналған алаңдары бар; бағасы – орташадан жоғары, әртүрлі категориядағы туристерге бағытталған.
Таймшер – 50-250 номерлі, бөлек құрылыстарда орналасуы мүмкін. Номерлері және қызметтері квартиралық типтегі курорт іспеттес қонақ үйлер. Бөлек квартиралар индивидуальді басшыларға сатылады, бірақ толық жекеменшік басқару компаниясында болады.
Таймшер бағасы мезгіл ерекшелігіне және келу уақытына тәуелді болады. Номер иесі жылжымайтын мүлікті төленген ақша көлеміне пропорционалды белгілі уақытқа дейін пайдалана алады. әдетте «жекеменшік» 10 жыл немесе одан көп уақыт аралығында алынады.
Таймшердің жалпы сатылу көлемі тек Европада ғана 1991 жылы 3.74 млрд $ құраған. Таймшер иелері 157 елдің азаматтары болып табылады. Таймшерлі курорттар 75 елде бар.
Апартаменттік отельдер – бұның басқа отельдерден басты айырмашылығы - үлкен алаңды келеді. Қосымша алаң қонақ бөлмесі сияқты ыңғайлы кресло, диван және көп функционалды шкафтар мен қамтылған кіші асханасы бар отель. Апартотельдер тұрғын клиенттеріне үй жағдайындай жағдайды туғызады. Көбіне қонақтар номерді ұзақ уақытқа жалдайды. Европада апарт-отельдің бір түрі «анонимдік пансион» сияқты, яғни қандайда бір үйдің иесі агентпен немесе турагентпен келісім шартқа отырып, өз үйінің тұрғын алаңын жалға береді. Апарт-отельдер туристерге берілген көп пәтерлі үй болса, ал «анонимдік пансион» кәдімгі тұрғын үйдің бір пәтерін жалға береді. Мыс : анонимдік пансион ретінде үйдің иесі бірнеше бөлмелерін жалға беріп, қалған бөлмесінде өз жанұясымен тұрады екен.
Пансиондар сияқты орналасу орындары әлемдік практикада ауқымды таралуы орын алып отыр. Мұнда тұру басқа отельдерге қарағанда арзанырақ бірақ , басқа қонақүйлермен салыстырғанда төмен дегенді білдірмейді.
Спортсмендерге арналған қонақүй. Бұл спорттық комплексте немесе табиғат жағдайына байланысты спорттың белгілі бір түрін дамытуға болатын жерге тұрғызылады. Қонақүйде спортсмендерге арналған спорттық инвентарьларды жалға беретін және бос уақытын өткізетін ғимараты болады. Ережеге сәйкес мұнда қоғамдық тамақтандыру орны мен демалатын орындары бар.
Мотель және автотуристерге арналған отель. Бұл шосселік жол бойында орналасады және автотранспортық құралдарға техникалық қызмет көрсетіледі : автозаправка, жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету станциясы . Мотель тұрғызуға учаске таңдар кезде ол жерге жан-жақтылықты талдау жүргізіледі және функционалды-техникалық, санитарлы-гигиеналық талапқа сай жасалады. Демалушы автотуристерге жақсы жағдаймен қамтамасыздандыру барысында номерлерді шаңнан, шумнан сақтау үшін жолдан 50 ден 250 м аралықта салынуы тиіс.
Кемпинг – автотуристерге арналған жазғы лагерь. Бұл қонақүйлер түрінің ұйықтайтын бөлмесі жаздық типтес ғимаратта орналастырылады және көбіне жылу жүйесінсіз ағаштан жасалады.
Кемпингтерге автозаправкалық станция және автомобильдерге ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізетін орындары бар. Шетелдерде әсіресе АҚШ келесідей қонақүй кәсіпорнын салу бастау алуда:
Ротель - жылжымалы қонақүй - вагон. Бұл қонақүй 1 немесе 2 орынды болады. Онда туалет, ванна және вагонның артқы жағында асхана, тоңазытқыш бар.
Ботель - суда орналасқан кішігірім қонақүйдің жаңа түрі. Бұған мәдени-тұрмыстық қызмет жүйесі кіреді. Бұл маусымдық және жыл бойылық жұмыс істейтін мекеме. Бұл мекеме жоғарғы деңгейлі комфорт деңгейімен мінезделеді.
Ботакемпинг - кемпинг типтес маусымдық қонакүй мекемесі.
Флотель - үлкен отель, яғни суда орналасқан курорт. Бұл жерде демалатындарға су шаңғысы, қайық, балық аулайтын қармақ және су асты спортына қажетті заттар беріледі.
Флайтель- «Үлкен отель» немесе аэро қонақүй. Су маршруты мекемесі. Басты типологиясына комплекстік қызмет көрсету кіреді. Қызмет түрлері негізгі және болмашы болып бөлінеді. Заңдылықтарын оқи келе нәтижесінде қызмет түрлерінің 4 түрі шықты.
- жүзу құралдарына техникалық қызмет көрсету.
- туристерге қызмет көрсету: жүзбелі қонақүйден ұйықтайтын бөлме беріледі, тамақпен қамтамасыз етеді, курорттық – көпшілік және тұрмыстық қызмет түрлері кіреді.
- персоналды тамақпен, түнеу орнымен қамтамасыздандыру.
- ғимаратты инженерлік жабдықпен жабдықтау.
Барлық су туризмі мекемесіне келесідей басты типтерін жатқызуға болады:
- cу туризмінің комплексі
- туристерге қызмет көрсету мекемелері.
Жүзбелі қонақүйлер мен су туристеріне қызмет көрсететін комплекстік қонақ үй көптеген елде жобаланып құрылады. Олар:
Франция, Греция, Швейцария, Дания, Нидерланд, Швеция, Испания және т.б. Көбіне жүзу құралдары арқан, пирс, түсіріп-көтеретін орнатулармен жабдықталады және кемені сақтау оны жөндеу жұмыстарын жүргізетін ғимараттары болады.
Ботокемпинг- жорықтағы су туристеріне арналған қызмет. Бұл мекеме типіне Германиядағы «жазғы туристік қалалар», және Польшада кең таралым алған. «Су станциясы» сыйымдылығы 200 адамға тең келеді. Станцияда палатка, демалуға арналған алаң, әкімшілік ғимарат орналасатын учаске бар. Сыйымдылығы бойынша 4 класқа бөлінеді
- 1класс -800орынды ботель
- 2 клас- 500 орынды ботель
- 3 клас -200-300 орынды ботель
- 4 клас -100 орынды ботель
Каирде жүзбелі қонақ үй жоспары дөңгелек формасында салынған 6 қабатты ғимарат. 1ші қабатта бөлімдер бойынша бөлінген.
Одан кейін техника мен персоналдар бөлімі орналасқан. Ал үсті тұрғын үй .