
- •Физикалық және коллоидтық химия пәні және маңызы.
- •Физико – химиялық зерттеу әдістері.
- •Физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдері.
- •Молекула құрылысы. Полярлы және полярлы емес молекулалар.
- •Молекулалардың полярлануы. Дебай, Клаузис - Моссоти теңдеулері.
- •Лорентц - Лоренц теңдеуі. Молекулярлық рефракция.
- •§ 1.2 Молекулалардың рефракциясы
- •Термодинамиканың бірінші заңы
- •Гесс заңы
- •Жылу сыйымдылық
- •Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі (Кирхгоф заңдылығы)
- •Термодинамиканың екінші заңы
- •Әртүрлі процестердегі энтропия өзгерісі
- •Гиббс-Гельмгольц теңдеуі
- •Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы Химиялық тепе-теңдік туралы түсінік
- •Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі
- •Тепе-теңдік константасының температурадан тәуелділігі. Изобара және изохора теңдеулері.
- •Реакция реагенттер концентрацияларының тепе-теңдіке әсері
- •Фазалық тепе-теңдік Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Гиббс фазалар ережесі. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі.
- •Бір компонентті гетерогенді жүйелер
- •Екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі
- •Конгруэнтті және инконгруэнтті балқымалы химиялық қосылыстары бар жүйелер
- •Үш компонентті жүйелер
- •Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Ертінділер концентрацияларының бейнелену жолдары
- •Рауль заңы
- •Сұйытылған ерітінділердің қату температуралары
- •Сұйытылған ерітінділердің қайнау температурасы
- •Сұйытылған ерітінділердің осмостық қысымы
- •Электрохимия Электролит ерітінділері
- •Әлсіз және күшті электролиттер. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі
- •Кольрауш заңы
- •Электрохимиялық тепе-теңдік
- •Нернст теңдеуі
- •Электродтар түрлері
- •Химиялық кинетика Реакцияның жылдамдығы және жылдамдық константасы
- •Химиялық реакциялардың реті мен молекулалығы
- •Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •Дисперсті жүйелер
- •Дисперсті жүйелердің жіктелуі
- •А) Дисперстілігіне қарай жіктелуі
- •Б) Фазалардың агрегаттық жағыдайына байланысты жіктелуі
- •Аэрозольдердің практикада қолданылуы
- •В) Фаза аралық әрекеттесу бойынша жіктелуі
- •Беттік құбылыстар Беттік энергия және беттік керілу.
- •Беттік керілудің орта полярлығына тәуелділігі
- •Адсорбция
- •Мономолекулалы адсорбция теориясы
- •Адсорбенттер типтері
- •Порасыз адсорбенттер
- •Поралы адсорбенттер
- •Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Броун қозғалысы
- •Диффузия
- •Осмостық қысым
- •Седиментация
- •Коллоидты жүйелерді алу мен тазалау
- •Алу шарттары:
- •Коллоидты жүйелерді алудың конденсациялық әдістері
- •Физикалық конденсация
- •Химиялық конденсация
- •Диспергирлеу әдістерімен коллоидты жүйелерді алу
- •Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттері Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттерінің ерешеліктері
- •Жарықты шашырату
- •Жарықты сіңіру
- •Дисперстілікті талдаудың оптикалық әдістері
- •Коллоидты жүйелердің электрлік қасиетері Қос электрлік қабаттың түзілуі
- •Мицелла құрылысы
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •§ 5.5. Методы определения дзета - потенциала
- •§ 5.2. Теория дэс
- •Тестовые вопросы к теме: электрические свойства коллоидных систем и строение мицеллы
- •Коагуляция (ұю) және тұрақтандыру
- •Коллоидты беттік активті заттар Коллоидты баз түрлері
- •Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
Сұйытылған ерітінділердің осмостық қысымы
Осмос қысымы дегеніміз – еріткіш молекулаларын жартылай өткізгіш мембраналар арқылы өтуге мәжбүрлейтін бір ауданға шаққандағы күш.
Шексіз сұйытылған ерітінділерде осмос қысымын Вант-Гофф теңдеуі арқылы есептейді:
π = cRT
Сұйытылған ерітінділердің осмос қысымы тұрақты температурада еріген заттың концентрациясына тура пропорционал, мұнда π – осмос қысымы, Па
с – ерітіндінің молярлық концентрациясы, моль/л
R – универсал газ тұрақтысы,
Т – абсолюттік температура, Т,К.
Электрохимия Электролит ерітінділері
Электрохимия – химиялық энергия мен электрлік энергияның бір-біріне ауысу заңдылықтарын зерттейтін физикалық химияның саласы. Электрохимия электролиттердің қасиеттерін , электродтық процестердің кинетикасы мен термодинамикасын зерттейді.
Электролит деп иондық өткізгіштік көрсететін ертінділер мен таза заттарды айтады. Электрондық өткізгіштік көрсететін қатты заттар мен сұйықтардан электролиттердің айырмашылығы, оларда электр тогы – оң (катиондар) немесе теріс (аниондар) – иондардың ағынынан болады. Электролиттерді ионогендік және ионоферлік деп екіге бөледі. Ионогендік электролиттер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады (мысалы, СН3СООН, НСl). Ионоферлік электролиттер ерімегеннің өзінде де олардың құрамында иондар болады.
Электролит ертінділерінің ерекшеліктері С.Аррениустың электролиттік диссоциация теориясымен түсіндіріледі. Электролиттік диссоциация кезінде барлық молекулалар емес, тек олардың диссоциациялану дәрежесіне тең бөлігі ғана иондарға ыдырайды деп қарастырлады.
Диссоциациялану процесі былай жазылады:
НА↔Н+ + А- . Бұл массалардың әрекеттесу заңына бағынып, диссоциациялану тұрақтысымен сипатталады:
КD = [Н+][A-]/[НA]
Молекулалардың иондарға ыдырауы диссоциациялану дәрежесімен (α) анықталады. Диссоциаицялану дәрежесі деп иондарға ыдыраған молекулалар санының ерітіндіге енген молекулалардың жалпы санына қатынасын айтады:
α
=
α – ның мәні 0 мен 1-дің (0≤ α≤1) аралығында болады. Егер молекулалар толық диссоциацияланса, α = 1 болады.
Электролит иондарының салдарынан болатын электр өрісінің әсерінен полярлы молекулалар белгілі бір бағытпен иондарға бағытталып, оларды өздеріне тартып, арасындағы байланыстарды азайтады. Иондар арасындағы тартылу электростатикалық күшпен Кулон заңы бойынша анықталады:
F = k ∙ q1 ∙ q2 /ε r2
F – Кулон күші (электростатикалық күш), q1 , q2 – иондардың зарядтары, ε – диэлектрлік тұрақтылық; r – иондардың арақашықтығы.
Молекулалар ионға ыдырағанда олар еріткіш молекулалармен әрекеттесіп сольваттар (су болған жағдайда гидраттар) түзеді.
Әр түрлі иондардың гидратациялану дәрежелері де әртүрлі болады. Гидратациялану дәрежесі деп берілген ионмен байланысқан су молекулаларының санын айтады. Егер еріткіш судан басқа сұйық болса, онда сольватациялану дәрежесі деп аталады.
Гидратациялану кезінде жылу бөлінеді. Ол гидратациялану жылуы деп аталады. Гидратациялану жылуы деп ионның газ күйінен ерітіндіге айналу процесіне сәйкес келетін жылуды айтады.
Ерітіндінің концентрациясы азайған сайын гидратациялану дәрежесі артады. Гиратациялану кезінде иондардың электрондық қабаттары деформацияланып, олардың қасиеттері де өзгеретін жағдайлар кездеседі.