- •Физикалық және коллоидтық химия пәні және маңызы.
- •Физико – химиялық зерттеу әдістері.
- •Физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдері.
- •Молекула құрылысы. Полярлы және полярлы емес молекулалар.
- •Молекулалардың полярлануы. Дебай, Клаузис - Моссоти теңдеулері.
- •Лорентц - Лоренц теңдеуі. Молекулярлық рефракция.
- •§ 1.2 Молекулалардың рефракциясы
- •Термодинамиканың бірінші заңы
- •Гесс заңы
- •Жылу сыйымдылық
- •Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі (Кирхгоф заңдылығы)
- •Термодинамиканың екінші заңы
- •Әртүрлі процестердегі энтропия өзгерісі
- •Гиббс-Гельмгольц теңдеуі
- •Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы Химиялық тепе-теңдік туралы түсінік
- •Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі
- •Тепе-теңдік константасының температурадан тәуелділігі. Изобара және изохора теңдеулері.
- •Реакция реагенттер концентрацияларының тепе-теңдіке әсері
- •Фазалық тепе-теңдік Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Гиббс фазалар ережесі. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі.
- •Бір компонентті гетерогенді жүйелер
- •Екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі
- •Конгруэнтті және инконгруэнтті балқымалы химиялық қосылыстары бар жүйелер
- •Үш компонентті жүйелер
- •Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Ертінділер концентрацияларының бейнелену жолдары
- •Рауль заңы
- •Сұйытылған ерітінділердің қату температуралары
- •Сұйытылған ерітінділердің қайнау температурасы
- •Сұйытылған ерітінділердің осмостық қысымы
- •Электрохимия Электролит ерітінділері
- •Әлсіз және күшті электролиттер. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі
- •Кольрауш заңы
- •Электрохимиялық тепе-теңдік
- •Нернст теңдеуі
- •Электродтар түрлері
- •Химиялық кинетика Реакцияның жылдамдығы және жылдамдық константасы
- •Химиялық реакциялардың реті мен молекулалығы
- •Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •Дисперсті жүйелер
- •Дисперсті жүйелердің жіктелуі
- •А) Дисперстілігіне қарай жіктелуі
- •Б) Фазалардың агрегаттық жағыдайына байланысты жіктелуі
- •Аэрозольдердің практикада қолданылуы
- •В) Фаза аралық әрекеттесу бойынша жіктелуі
- •Беттік құбылыстар Беттік энергия және беттік керілу.
- •Беттік керілудің орта полярлығына тәуелділігі
- •Адсорбция
- •Мономолекулалы адсорбция теориясы
- •Адсорбенттер типтері
- •Порасыз адсорбенттер
- •Поралы адсорбенттер
- •Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Броун қозғалысы
- •Диффузия
- •Осмостық қысым
- •Седиментация
- •Коллоидты жүйелерді алу мен тазалау
- •Алу шарттары:
- •Коллоидты жүйелерді алудың конденсациялық әдістері
- •Физикалық конденсация
- •Химиялық конденсация
- •Диспергирлеу әдістерімен коллоидты жүйелерді алу
- •Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттері Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттерінің ерешеліктері
- •Жарықты шашырату
- •Жарықты сіңіру
- •Дисперстілікті талдаудың оптикалық әдістері
- •Коллоидты жүйелердің электрлік қасиетері Қос электрлік қабаттың түзілуі
- •Мицелла құрылысы
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •§ 5.5. Методы определения дзета - потенциала
- •§ 5.2. Теория дэс
- •Тестовые вопросы к теме: электрические свойства коллоидных систем и строение мицеллы
- •Коагуляция (ұю) және тұрақтандыру
- •Коллоидты беттік активті заттар Коллоидты баз түрлері
- •Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
Үш компонентті жүйелер
Үш компонентті жүйелердің құрамы үшбұрышты жазық диаграммада бейнеленеді. Тең қабырғалы үшбұрыштың төбелері А,В,С таза заттарына сәйкес келеді. Төбелерін қосатын қабырғаларына үшбұрыштың төбелеріне қарасты орналасқан заттардан түзілген екі компонентті жүйенің құрамын қояды. Үшбұрыштың ішінде орналасқан барлық нүктелер үшкомпонентті жүйенің құрамын көрсетеді. Жүйедегі әр компоненттің проценттік мөлшері берілген нүкте сәйкес төбеге жақын орналасқан сайын көп болады.
Үш компонентті жүйелердің құрамын анықтаудың екі әдісі бар. Гиббс ұсынған әдісте 100% үшін (немесе 1 үшін) дұрыс үшбұрыштың биіктігі алынады. Бұл әдіс үшбұрыш ішінің кез-келген нүктесінен (мысалы, Р нүктесі сурет 5) түсірген перпендикуляр ұзындығының қосындысы осы үшбұрыш биіктігіне тең болатын тең қабырғалы үшбұрыштың қасиетіне негізделген.
Р нүктесіндегі әр компоненттің проценттік мөлшері таза компонентке сәйкес келетін төбеге қарама қарсы осы нүктеден үшбұрыш қабырғасына түсірілген перпендикуляр ұзындығымен анықталады. 5-суретте Ра бөлік сызығы А компонентінің проценттік мөлшеріне сәйкес келеді, Рb – B-ның проценттік мөлшеріне, Рс – С-ның проценттік мөлшеріне сәйкес келеді.
Сурет 5. Үштік жүйелер құрамын бейнелеуге арналған үшбұрыш.
Розебом әдісі үшін 100% үшін (немесе 1 үшін) дұрыс үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы алынады. р (pa+pb+pc) нүктесінен үшбұрыш қабырғаларына параллель жүргізілген бөлік сызықтар қосындысы үшбұрыш қабырғаларына тең – дұрыс қабырғалы үшбұрыштың басқа қасиеті. А компонентінің құрамы pa бөлік сызығының ұзындығына тең, С компонентінің құрамы – pc бөлік сызығының ұзындығына тең, В компонентінің құрамы – pb бөлік сызығының ұзындығына тең.Екі әдіс те бірдей нәтиже береді, өйткені тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғалары мен төбелері бір біріне пропорционал.
Сурет 6. Сұйық үштік жүйедегі ерігіштіктің құрамға тәуелдлігі
Егер үш компоненттен екі В және С бір біріне шектеулі еритін болса, ал 3-компонент А оларда шексіз ерісе, онда оны көбейту алғашқы В және С компоненттерінің гомогенді жүйе түзгенге дейін өзара ерігіштігін арттырады. Компоненттердің өзара ерігіштігі Тарасенкова ережесі бойынша анықталуы мүмкін. Осы ережеге сай, екі бірдей қабатты құрамдарды а1в1, а2в2, а3в3, а4в4 қосатын сызықтар (6-сурет) олардың соңында бір нүктеде қиылысады. Ол мына теңдеумен өрнектеледі:
-
A
затының В және С ерітіндісіндегі
концентрациясы;
с1 – В затының С-дағы концентрациясы;
с2 – С затының В-дағы концентрациясы;
К – коннодтардың қиылысу нүктесі.
ЕРІТІНДІЛЕР
Негізгі түсініктер мен анықтамалар
Ерітінді – құрамы ерігіштік шегіне дейін өзгеруі мүмкін, екі немесе одан да көп компонент санынан тұратын гомогенді термодинамикалық тұрақты жүйе.
Ерітінділер үш агрегаттық күйде болуы мүмкін: газ тәрізді (газдардың қоспасы), қатты (қатты ерітінділер) және сұйық.
Еріткіш басқа компоненттермен салыстырғанда артық болатын ерітіндінің сұйық компоненті.
Ерітіндіде аз мөлшерде болатын компоненттерді еріген заттар деп атайды.
Ерітінділер: идеалды, шекті сұйытылған, идеалды емес ерітінділер деп бөлінеді.
Идеалды ерітінділер – бірдей агрегаттық жағыдайда кез-келген қатынаста алынған компоненттерден түзілген ерітінділер жылу эффектісімен және көлем өзгерісімен бірге жүрмейтін, ал энтропия өзгерісі идеал газдарды араластырғанда энтропия өзгерісіне тең болатын ерітінділер.
∆Н = 0; ∆U=0; ∆S=∆Sид
Шекті сұйытылған ерітінділер - еріген зат концентрациясы шексіз аз ерітінділер.
Барлық ерітінділер идеалды ерітінділердің және шекті еріген ерітінділердің термодинамикалық заңдылықтарына бағынбайтын ерітінділер идеалды емес деп аталады.
