
- •Физикалық және коллоидтық химия пәні және маңызы.
- •Физико – химиялық зерттеу әдістері.
- •Физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдері.
- •Молекула құрылысы. Полярлы және полярлы емес молекулалар.
- •Молекулалардың полярлануы. Дебай, Клаузис - Моссоти теңдеулері.
- •Лорентц - Лоренц теңдеуі. Молекулярлық рефракция.
- •§ 1.2 Молекулалардың рефракциясы
- •Термодинамиканың бірінші заңы
- •Гесс заңы
- •Жылу сыйымдылық
- •Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі (Кирхгоф заңдылығы)
- •Термодинамиканың екінші заңы
- •Әртүрлі процестердегі энтропия өзгерісі
- •Гиббс-Гельмгольц теңдеуі
- •Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы Химиялық тепе-теңдік туралы түсінік
- •Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі
- •Тепе-теңдік константасының температурадан тәуелділігі. Изобара және изохора теңдеулері.
- •Реакция реагенттер концентрацияларының тепе-теңдіке әсері
- •Фазалық тепе-теңдік Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Гиббс фазалар ережесі. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі.
- •Бір компонентті гетерогенді жүйелер
- •Екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі
- •Конгруэнтті және инконгруэнтті балқымалы химиялық қосылыстары бар жүйелер
- •Үш компонентті жүйелер
- •Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •Ертінділер концентрацияларының бейнелену жолдары
- •Рауль заңы
- •Сұйытылған ерітінділердің қату температуралары
- •Сұйытылған ерітінділердің қайнау температурасы
- •Сұйытылған ерітінділердің осмостық қысымы
- •Электрохимия Электролит ерітінділері
- •Әлсіз және күшті электролиттер. Оствальдтың сұйылту заңы.
- •Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі
- •Кольрауш заңы
- •Электрохимиялық тепе-теңдік
- •Нернст теңдеуі
- •Электродтар түрлері
- •Химиялық кинетика Реакцияның жылдамдығы және жылдамдық константасы
- •Химиялық реакциялардың реті мен молекулалығы
- •Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •Дисперсті жүйелер
- •Дисперсті жүйелердің жіктелуі
- •А) Дисперстілігіне қарай жіктелуі
- •Б) Фазалардың агрегаттық жағыдайына байланысты жіктелуі
- •Аэрозольдердің практикада қолданылуы
- •В) Фаза аралық әрекеттесу бойынша жіктелуі
- •Беттік құбылыстар Беттік энергия және беттік керілу.
- •Беттік керілудің орта полярлығына тәуелділігі
- •Адсорбция
- •Мономолекулалы адсорбция теориясы
- •Адсорбенттер типтері
- •Порасыз адсорбенттер
- •Поралы адсорбенттер
- •Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері
- •Броун қозғалысы
- •Диффузия
- •Осмостық қысым
- •Седиментация
- •Коллоидты жүйелерді алу мен тазалау
- •Алу шарттары:
- •Коллоидты жүйелерді алудың конденсациялық әдістері
- •Физикалық конденсация
- •Химиялық конденсация
- •Диспергирлеу әдістерімен коллоидты жүйелерді алу
- •Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттері Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттерінің ерешеліктері
- •Жарықты шашырату
- •Жарықты сіңіру
- •Дисперстілікті талдаудың оптикалық әдістері
- •Коллоидты жүйелердің электрлік қасиетері Қос электрлік қабаттың түзілуі
- •Мицелла құрылысы
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •§ 5.5. Методы определения дзета - потенциала
- •§ 5.2. Теория дэс
- •Тестовые вопросы к теме: электрические свойства коллоидных систем и строение мицеллы
- •Коагуляция (ұю) және тұрақтандыру
- •Коллоидты беттік активті заттар Коллоидты баз түрлері
- •Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
КІРІСПЕ
Физикалық және коллоидтық химия пәні және маңызы.
Физикалық химия химиялық құбылыстарды физикалық принциптер мен заңдар негізінде түсіндіретін ғылым. Қазіргі кезде ол зерттеудің арнайы әдістері бар жеке сала ретінде қалыптасты. Физ. химияны химия мен физиканың арасынан шыққан ғылым деп санауға болады, өйткені ол материя қозғалысының физикалық және химиялық өзара айналуын зерттейді. Осыған байланысты физхимия химиялық өндірістің (органикалық синтезде, пластикалық масса мен химиялық талшық өндірісінде, құрылыс материалдары өндірісінде және т.б.) дамуында үлкен роль атқарады.
Коллоидтық химия гетерогенді жоғары дисперсті жүйелердің қасиетін және оларда жүретін процесстерді зерттейтін ғылым (жоғары дисперсті – өте майдаланған, үгітілген). Коллоидты ерітнділер шын ерітінділерден арнайы қасиеттері арқылы ажыратылады: 1) жарықты шашаратады, яғни опаласцеция береді; 2) электр өрісінде бір электродтан екінші электродқа коллоидты заттарды тасымалдауды қамтитын электрофорез құбылысы көрінеді; 3) диализ құбылысына қабілеттілігі байқалады, яғни мембрана көмегімен коллоидты бөлшектер онда еріген төмен молекулалы заттардың қалдықтарынан бөлінуі мүмкін; 4) сыртқы факторлардың әсеріне тұрақсыз, яғни каогуляцияланады, және т.б.
Коллоидты жүйелерге тән процесс бұл – каогуляция, яғни молекула аралық күштердің әсерінен жеке агрегаттардың жабысуы. Физикалық адсорбция, электрофорез және т.б. физикалық процесстер болып табылады. Каогулятордың стабилизатормен өзара әсерінен, сонымен қатар коллоидты ерітінділер алуда химиялық реакциялар жүреді. Сондықтан, коллоидты химия физхимия сияқты екі ғылым физика мен химияның негізінде құрылады.
Физико – химиялық зерттеу әдістері.
Кванттық–механикалық әдіс материя құрысының корпускулалы–толқындық түсінігіне, энергияның дискреттілігіне негізделген және атом, молекула, химялық байланыс, заттардың реакцияға қабілеттілігін оқып үйренуде кеңінен қолданылады.
Стастикалық әдіс жеке молекулалардың қасиеттері туралы мәліметтер негізінде заттардың жалпы қасиетін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс заттарды молекулалардың көптеген хаосты қозғалатын жинағы ретінде оған сәйкестік теориясын (теория вероятности) қолдана отырып қарастырады.
Термодинамикалық әдіс заттардың әртүрлі жалпы (макроскопиялық) қасиеттерін сандық жағынан байланыстыруға және осылардың негізінде эксперименталды шамаларына қарай есептеуге болады.
Физикалық және коллоидтық химияның негізгі бөлімдері.
Заттардың құрылысы. Бұл бөлімде атомдар мен молекулалардың құрылысы, сонымен қатар заттардың агрегаттық күйлері оқылады. Молекула құрылысын эксперименталды зерттеуде молекулярлы спектроскопия әдісі кең қолданылады. Агрегаттық күйлерін қарастырғанда газдардағы, сұйықтықтағы, кристаллдардағы молекулалардың өзара әрекеттері қарастырылады.
Химиялық термодинамика. Термодинамиканың жалпы заңдарының негізінде химиялық тепе-теңдік заңдары оқытылады. Химиялық термодинамиканың бөлімі термохимия, мұнда химиялық реакциялардың жылу эффектілері қарастырылады.
Ерітінділер. Бұл бөлімде ерітінділердің молекулалық құрылымы, әр түрлі қасиеттері, ерітінділердің түзілу процессі мен онда жүретін реакциялар, ерігіштік туралы сұрақтар қарастырылады.
Электрохимия. Материя қозғалысының электрлік және химиялық формаларының бір-біріне айналуының маңызды процесстерін, сонымен қатар электролит ерітінділерінің құрылысы мен қасиетін, электролиз процессін, гальваникалық элементтердің жұмысын, металлдардың электрохимиялық коррозиясын және т.б. оқытады. Электрохимиялық анализдеу әдістерінің фундаменті – кондуктометрия, потенциометрия, полярография, амперометрия.
Кинетика мен катализ. Бұл бөлімде химиялық реакциялар жылдамдығы, реакция жылдамдығының сыртқы ортаға тәуелділігі, рекация жылдамдығының молекула құрылысымен байланысы, катализаторлардың реакция жылдамдығына әсерін қарастырады.
Беттік құбылыстар физикалық химиясы. Беттік құбылыс дегеніміз фазалар бөлімі шегінде болатын құбылыстарды айтады. Мұнда адсорбция құбылысы оқытылады.
Хроматография. Бұл әдіс сорбенттер көмегімен көп компонентті қоспаларды бөліп алу әдісі болып табылады. Хроматография әдісінің практикалық маңызы зор, аналитикалық және өндірістік практикада кеңінен пайдаланылады.
Заттардың коллоидтық жағыдайлары және дисперсті жүйелер бөлімінде дисперсті жүйелердің жіктелуі, электрокинетикалық құбылыстар, коллоидты ерітінділерді алу және тазалау, коллоидты жүйелердің тұрақтылығы мен каогуляциясы туралы мәселелер қарастырылады.
Дәріс № 1