Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 100 сұрақ-100 жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.7 Кб
Скачать

51 Қазақстан­дағы XIX ғ. 60–90 жж. әкімшілік-са­яси ре­фор­ма­лар 1867–1868 жж.

1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.

1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.

1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды. Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

1886–1891 жж. әкімшілік ре­фор­ма­лар.1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды

52 (53) XIX ғ. бірінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті.Қазақ әде­би­еті. XIX ғасыр­да орыс ғалым­да­ры мен қазақ зи­ялы­лары­ның же­келе­ген өкілдері ақын­дар, су­ырып­салма жыр­шы­лар, жы­ра­улар ту­ралы мәлімет­тер жи­нап, тіпті олар шығарған әндер мен жыр­лардың мәтіндерін жа­зып ала бас­та­ды. Ақын­дар мен жыр­шы­лар­дың кейбіре­улері өз ту­ын­ды­ларын жа­зып отыр­ды. Со­ның арқасын­да олар­дың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақта­лып қалған. XIX ғасыр­дың ор­та­сынан бас­тап же­келе­ген ақын­дардың өлеңдері мен жыр­ла­ры жа­ри­яла­на бас­та­ды. Бұл же­келей по­эзиялық шығар­ма­шылықтың айқын көрініс тапқан және да­ми бас­таған дәуірі бол­ды

53 XiXғ xXғ басындағы ғалымдар мен ағартушылар

Шоқан Уәли­ханов (1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады.

Абай Құнан­ба­ев (1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды.