Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.39 Кб
Скачать

15. Желілердің иерархиялық құрылымының моделі және принциптері

Иерархиялыќ желілер. Иерархиялыќ жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялыќ желілердегі сервер – бөліктенетін ресурстардың тұраќты саќтау ќоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылыќты винчестерлерден, жоғары жылдамдыќты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.

Серверде аќпаратты ұйымдастыру және саќтау амалын арнайы адам – желінің басќарушысы белгілейді. Бірнеше пайдаланатын аќпараттың саќталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жергілікті иерархиялыќ желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны ќосуға болады. Біраќ сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» д/а.

Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент ќандай да бір күрделі н/е арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру ж/е т.б. сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, ќорынытдысын клиентке ќайта жібереді. Әдетте сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді саќтауға, оларға енуге ж/е мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-аќ сервер де орындайды.

Иерархиялыќ желілердің жұмысын басќаратын программалыќ ќамтамасыз ету 2 бөліктен тұрады:

1. Серверде орнатылған желілік операциялыќ жүйе;

2. Жұмыс станциясындағы программалыќ ќамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар ОЖ-нің басќаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі ОЖ-лер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялыќ желілерде желілік ОЖ ретінде Unix пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде ќазіргі уаќытта Windows NT желілік Ож ќойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

16.Физикалық және логикалық топологияларды ұйымдастыру ерекшеліктеріне мысал

Компьютерлік торап дегеніміз – компьютердің қандай да бір территориясы бойынша таратылған және олардың өзара бір-бірімен байланысқан жиынтығы.

КТ территориялық белгісі бойынша былай бөлуге болады:

  1. Жергілікті

  2. Регионалды/Аймақтық

  3. Корпоративті торап – қандай да бір корпорацияға жататын, компьютерлерді біріктіретін торап.

  4. Ауқымды

Ауқымды торапта орналасқан абоненттердің арасында өзара әрекеттер байланысының телефондық желісі негізінде радиобайланыс және спутниктік байланыс жүйесі негізінде жүзеге асады.

Ауқымды, аймақтық және жергілікті желілерінің бірігуі көпжелілі иерархияны құруға мүмкіндік береді.

Жергілікті желінің ерекшелігі: телефон желісі қолданылмайды, олар бір-бірімен желілік кабельмен біріктіріледі, әдетте коаксиалды кабель пайдалынылады. Коаксиалды кабель орталық сым-жиладан жан-жағынан металл тормен оралған орамнан тұрады. Орам кедергілерден қорғауға арналған. Коаксиалды кабельге компьютерлерді қосу үшін онда желілік плата болуы қажет.

Жергілікті желіде компьютерлер барлығы тең құқылы болса, желі бір рангілі деп аталынады. Желідегі компьютерлерді басқаратын компьютер сервер деп аталады. Жергілікті желідегі әрбір компьютер жұмыс станциясы немесе әрбір станцияның өзінің аты болады. Өз кезегінде жұмыс станциялары жұмыс тобын құрайды. Компьютерлерді бір-бірімен біріктіру тәсілі желі топологиясы деп аталады. Жұлдызша, шиналық, сақина, бұтақ тәріздес топологиялар болады.

Желінің дамуындағы маңызды кезең Ethernet типті стандарты желілік технологияның пайда болуы. Мөлшермен 1980 ж ортасы, ол әр түрлі типті компьютерлерді жылдам және тиімдірек біріктіруге мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің қолданысы мекемеде мынадай мүмкіндіктерді береді:

  1. Қымбат тұратын ресурстарды бөлісу.

  2. Коммуникацияны жетілдіру.

  3. Ақпаратқа қатынауды жақсарту.

  4. Жылдам және сапалы шешім қабылдау.

  5. Компьютердің аймақтық орналасуындағы еркіндігі.

Тақырып 2. Глобальді компьютерлік желі

    1. Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі.

    2. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар.

    3. Физикалық және логикалық топология.

    4. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.

Желіде құрылғылар арасында өзара әрекеттерді ұйымдастыру күрделі есеп болып табылады. Күрделі есептерді шешуге декомпозиция деп аталатын әмбебап тәсіл қолданылады. Яғни бір күрделі есепті бірнеше қарапайым есеп модульдерге бөлу. Декомпозиция процедурасы жекелеме есептерді шешетін әрбір модулінің функциясын дәл анықталуын және олардың арасындағы интерфейсті қамтиды. Яғни декомпозиция нәтижесінде есепті логикалық ықшамдау болады және жүйенің қалған бөліктерін өзгеріссіз жекелеме модульдерін модификациялау мүмкнідігі пайда болады. Мысалы:

Сурет.

Декомпозицияда көп жүйелі модульдердің барлық жиынын деңгейлерге бөледі. Ал деңгейлер өз кезегінде иерархияны құрайды.

Деңгейлер жоғарғы және төмен болып бөлінеді. Әрбір деңгейді қарастыратын модульдер жиыны өз есептерін шығару үшін олар өзінен төмен орналасқан модульге сұраныс жасайды. Ал барлық модульдің жұмыс нәтижесі өзінен жоғары тұрған модульге беріледі. Осындай есептін иерархиялық декомпозициясы әрбір деңгейдің қызметін және деңгейлер арасындағы интерфейстерді нақтылауды көздейді. Мұндағы интерфейс төмен жатқан деңғгейдің жоғарғы деңгейге ұсынатын қызметтер жиынтығын анықтайды. Мысалы:

Сурет.

Бір деңгейде бірақ әртүрлі түйіндерде жататын желілік компоненттердің алмасатын хабарламасының тізбегін және форматын анықтайтын фломалданған ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады. Көрші деңгейдің протоколын жүзеге асыратын және бір түйінде болатын модульдер бір-бірімен нақты анықталған ережелерге сәйкес және хабарламаның стандартталған форматтар көмегімен өзара әрекеттеседі. Осы ережелер интерфейс деп аталады. Яғни интерфейс берілген деңгейдің көрші деңгейге көрсететін қызметтің жиынын анықтайды.

Қорытынды. Протоколдар әртүрлі түйіндердің бір деңгейдегі әрекеттесу ережелерін, ал интерфейстер бір түйінде көрші деңгейдегі модульдерді әрекеттесу ережелерін қарастырады.

Сурет.

Әрбір деңгейдегі құралдары біріншісі өзінің меншікті протоколын, ал екіншісі көрші деңгейлер мен интерфейсті өңдеуі қажет.

Желідегі түйіндердің әрекетін ұйымдастыру үшін жеткілікті болатын иерархиялық түрде ұйымдасқан протоколдың жиыны коммуникациялық протоколдың стегі деп аталады.

Стэк дегеніміз – ЭЕМ-нің «дүкен» тәрізді жадысы. Адрестелетін жадыға соңынан келдік бірінші шықтық тәртібі бойынша жұмыс істейді. Коммуникациялық протоколдар бағдарламалық және аппараттық болып жүзеге асады. Ал жоғарғы деңгейлер протоколы таза бағдарламалық құралдармен жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]