Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
328.39 Кб
Скачать

8. Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның

мысалы, қалыпқа келтіру ерекшеліктері:

Топология дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және басқа да компоненттердің физикалық орналасуы.

Топологиялар базалық негізгі үш топологияға бөлінеді:

  • Шина

  • Жұлдызша

  • Сақина

«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді.

«Жұлдызша» - барлық тораптардың орталық бір тораппен байланысатын желі топологиясы болып табылады.

«Сақина» - сигналдар бір уақытта сақина бойымен жіберіліп отыратын желі топологиясы болып табылады.

Әр топологияның өзіндік кемшіліктері бар. Сонымен қатар, топологяилар пассивті және активті деп те бөлінеді.

Шағын зертханалық топологияның мысалы ретінде шина топологиясын қарастырсақ болады. Қарастыруымызға басты себеп оның шағын болуы. Яғни компьютерлерді жалғау барысында аса көп сым кетпейді және ақпарат алмасу жылдамдығын төмендетпейді. Ал, егер компьютерлер саны көбейіп кетсе, онда жіберу жылдамдығы төмендейді. Шина пассивті топология болғанымен, көп қолданылады.

Қалыпқа келтіру ерекшелігі:

Шина топологиясын қалыпқа келтіру қарапайым болып келеді. Ең алдымен барлық ақпаратты жіберуші жұмыс станциясын баптау (настройка) керек. Себебі, сол арқылы барлық ақпарат бір кабель бойымен барлық компьютерлерге жіберіледі. Сонымен қатар, барлық компьютерге кабель бойымен келетін ақпаратты алу үшін ортақ IP адресс енгізілуі тиіс. Барлық комьютерлерге ортақ, түсінікті IP-адресстерді беру жұмыс станциясынан жіберілетін ақпараттың сол компьютерлерге арналып берілгендігін білдіреді.

9) Wins қызметі, ұйымдастырылу ерекшеліктері:

WINS (англ. Windows Internet Name Service - Служба имён Windows Internet) – NetBIOS компьютер есімдерінің түйіндердің IP-адрестерімен салыстыру қызметі болып табылады.

WINS қызметі тармақталған мәліметтер базасын тіркеу үшін және компьютерлер мен желі топтары үшін NetBIOS есімдерін динамикалық сәйкестендірілу сұрауларын қамтамасыз етеді.

NetBIOS есімдері Microsoft® Windows® операциялық жүйелерінің ескі версияларында идентификациялау және компьютерлерді табу қызметтерін атқарған және де NetBIOS есімдері желілік қызметтерді (Сетевых служб) орнату үшін міндетті болып табылған.

WINS қызметі желіде TCP/IP протоколының негізінде NetBIOS есімдерін кеңістік арқылы басқарылуын оңтайландырады.

WINS қызметі кең ауқымды локальді IP-сілтелулерді NetBIOS есімдерінің шешемдері үшін қолдануды азайтады және қолданушыларға желіден тыс аймақтағы компьютерлерді оңай тауып алуға мүмкіндік береді. Солайша WINS тіркелулер әрбір қосылу кезінде және желіге ену кезінде автоматты түрде орындалып отырады. WINS мәліметтер базасы динамикалық адрестер конфигурациясына өзгерістер енгізген кезде автоматты түрде жаңарылып отырады. Мысалы, WINS қызметі арқылы жұмыс жасап отырған клиент компьютеріне DHCP-сервер жаңа немесе өзгертілген IP-адрестерді енгізсе, онда WINS клиенті жайлы мәлімет жаңарады.

WINS протоколдары NetBIOS есімдерінің қызметтері үшін анықталған протоколдарға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]