
- •3) Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
- •6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері.
- •8. Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның
- •9) Wins қызметі, ұйымдастырылу ерекшеліктері:
- •10. Құрылғылардың интерфейстерін және байланыстарын басқару
- •12. Динамикалық хаттамалар, олардың ерекшеліктері және түрлері
- •13)Динамикалық хаттаманың анықтамасы, жеке аймақтар үшін ospf хаттамасын конфигурациялау.
- •2‐ Қадам. Желілерді жариялау
- •14)Ospf хаттамасымен байланысты терминдер
- •15. Желілердің иерархиялық құрылымының моделі және принциптері
- •16.Физикалық және логикалық топологияларды ұйымдастыру ерекшеліктеріне мысал
- •17. Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp пайдалану. Dns қызметтері.
- •20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
- •21. Vlan түсінігі және олардың типтері, қолданылу ерекшеліктері.
- •Бағалық ұсыныстарды сұрау жолымен қызметтерді сатып алу ісі өтетіндігін жариялайды
- •22 Vlan-дарды қолдану қандай тиімділік береді, басқару ерекшеліктері.
- •Vlan ды күйге келтіру
- •3.4.1 Транктық порт
- •23 Dhcp хаттамасына шолу. Dhcp хаттамасының функциялары жəне конфигурациясы.
- •24. Dhcp арқылы деректерді тасымалдау. Воотр жəне dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық.
- •25. Vlan-дарды және Trunk-тарды конфигурациялау.
- •Vlan ды Config-vlan режимінде конфигурациялау
- •26. Vlan-дарды ұйымдастыру барысында Trunk-тарды қолдану нені
- •Настройка транка (trunk)
- •27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
- •30. Желілік технологиялар
1.LAN-дарды физикалық ұйымдастыру қалай жүргізіледі, туындайтын қиындықтар.
Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.
Жергілікті компьютерлік желінің физикалыќ негіздері.
Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналыќ платасындағы кеңейту слотына ќондырылады.
ЖКЖ үшін ќазіргі кезде келесі аќпаратты берудің физикалыќ орталары ќолданылады:
- Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, біраќ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-150 м-ге дейін;
- Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға ќарағанда ќымбат орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-500 м-ге дейін;
- Көпталшыќты сым (сур.4) – ең ќымбат нұсќа, көбінесе ќуатты компьютерлерге ќолданылады; компьютерлердің араќашыќтыќ ұзаќтығы 2 км-ге дейін;
- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалыќ радиоканал ќолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды ќажет етпейді, біраќ сымды байланыстарға ќарағанда ќымбат.
Компьютерлерді ќосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр ќосылу – деректер үшін жаңа маршрут.
Желі топологиясы – бұл оның геометриялыќ пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне ќатысты физикалыќ орналасуы.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, саќина, және шина).
«Жұлдызша» топлогиясы бар желідегі барлыќ компьютерлер орталыќ компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей ќосылу болмайды.
Мұндай жүйе ќарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді.
Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыќќанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Саќина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас саќина ќұраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйыќталған. Мұндай саќинада бір нүктеден ќозғау алған деректер аќыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер саќинада барлыќ уаќытта бір бағытта ќозғалады.
«Саќинаның» Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлыќ желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол ќажет, өйткені желінің бір жері істен шыќса, бүкіл желі тоќтап ќалады. «саќинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютерлері арќылы өтетіндіктен де, аќпаратты бөгде ұстап ќалуына мүмкіндік береді.
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлыќ желілік компьютерлер «шинаға» тікелей ќосылады. Мұндай желінің үлгісі:
«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұќтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «саќина» жағдайындағыдай желінің бір жеріндегі ќосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоќтатады. «Шина» желісіндегі деректердің ќауіпсіздігі «саќина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерлерден өтеді.
2)Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.
Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:
- қайталауыш;
- коммутаторлар (көпірлер);
- маршруттауыштар;
- көмейлер (шлюздер).
Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.
Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.
Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.
MS-A4;
MS-A5;
MS-BRK;
MS-CAN-LAN;
MS-GLONASS;
MS-TR;
MS-RIL;
UNICAN;
MS-TL4S;
RL100;
Rl200;
Rl300.
3) Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
Маршрутизатор — корпоративті желіні тарату деңгейінің негізгі құрылғысы. Маршрутизаторсыз пакеттер локальді желіден кете алмас еді. Маршрутизаторлар корпоративті желілер рамкасында байланысқан кезде критикалық рөл атқарады, мəліметтерді берудің резервті жолын қамтамасыз етеді жəне Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар маршрутизаторлар əртүрлі типтер мен хаттамаларды түрлендіру үшін де қолданылады. Мысалы, маршрутизатор Ethernet пакетінің инкапсуляциясын келесіге өзгерте алады. Маршрутизаторлар IP-адрестің желілік бөлігін пакеттерді керек жерге жеткізу үшін қолданады. Егер канал бос емес немесе байланыссыз болса, онда олар альтернативті жолды таңдайды,
Маршрутизаторлар басқа да функциялар атқарады:Тарауларды шектейді; Өшірілген аумақтарды байланыстырады;Қолданушыларды логикалық түрде бөлім жəне қосымша бойынша топтастырады;
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды. Коммутаторлар мен маршрутизаторлар барлық иерархиялық үлгіде кездескенімен, коммутаторға қол жетімділік деңгейіде көбірек. Коммутаторлардың негізгі функциясы түйіндерге қосылу, яғни қолданушы
жұмыс станциясы, серверлер, IP-телефондар, веб-камералар, қол жетімділік
жəне машрутизаторлар. Бұл коммутаторлардың ұйымда маршрутизаторларға
қарағанда көбірек болатынын білдіреді. Коммутатор портарының тығыздығы — ең негізгі фактор. Корпоративті ортада, жүздеген жəне мыңдаған қолданушылар коммутаторға қосылуды қажет етеді,коммутатор 1U жəне 48 ұзындықтағы порттары 1U жəне 24 порттарға қарағанда жоғары тығыздыққа ие.
Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:
- қайталауыш;
- коммутаторлар (көпірлер);
- маршруттауыштар;
- көмейлер (шлюздер).
Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.
4. WAN-желілерінің технологиясының ұйымдастырылуы, иерархиялық құрылымның деңгейлері
Желіні басқару жұмысын оңайландыру үшін оны бөліктерге бөліп тастайды.
Жоғарғы деңгей – өзара магистральді каналдармен байланысқан федералды түйіндер. Ортаңғы деңгей – аймақтық желі құратын аймақтық деңгей. Олар федеральді түйіндермен байланысқан және Т1, Е1, B-ISDN деген сияқты жоғары немес орташа жылдамдықты каналдармен зара байланысқан. Төменгі деңгей – аймақтық түйіндермен байланысқан жергілікті түйіндер. Кіші немес орта кәсіпорындардың локальді желісі және жекелеген қолданушылар компьютерлері осы жергілікті түйіндерге қосылады. Ал ірі кәсіпорындардың корпоративтік желілері аймақтық түйінге қосылады.
WAN желісін ұйымдастырудың иерархиялық деңгейі
WAN желісін ұйымдастыру оңай жұмыс емес. WAN желісін оңтайлы ұйымдастыру үшін қандай мәліметтер берілетінін, жіберуші кім алушы кім дегендерді білу керек. WAN желісі арқылы әртүрлі типтегі мәліметтер жіберіледі. Ұйымдастыру барысында бар WAN желісін өзгерту және кеңейту жүреді. Топология таңдауға географиялық жағдай, сондай ақ желі қолжетімділігі талаптары әсер етеді.
Төменде WAN желіні ұйымдастырудың негізгі себебі болатын екі бастапқы фактор келтірілген:
Қосымшалардың қолжетімділігі - бір компьютерден басқа компьютерге қосымша жайлы ақпарат беріледі. Егер қосымша қолданушыға қол жетімді болмаса, онда ол қажет ететін функцияны орындамайды.
Ортақ шығындар - көбіне ақпараттық жүйелерге сәйкес бюджет миллиондаған долларлар болады.
Ортақ жағдайда WAN желісін ұйымдастыру барысында келесі кіллті факторларға көңіл бөлген жөн.
Сыртқы физикалық талаптар
Желі өнімділігін шектейтін факторлар
Желілік факторлар
Ұйымдастыру процесіндегі қадамдар
Талаптарды жинау
Қолданушылар бірлестігінің көрінісін қолдану
Адамдық факторды тестілеу
Қолданушылар талаптарын талдау
Желіні басқару программасын қамтамасыз ету
Шамалар
Процесті бағалау
Салыстырмалы дерекнама
Желі сезімталдығын тексеру
Ұйымдастырылған желілердің топологиясы
Желіні сәйкестендіру және желілік мүмкіндіктерді таңдау
5) Үлестрілген желілерде байланыс орнату жəне жобалау ерекшеліктері.
Үлестірілген желілерде байланыс орнату– желілік қызмет жобаларында жиі кездесетін маңызды элемент. Қазіргі уақытта көптеген қолданушылар SOHO-офистарда жұмыс жасайды немесе үнемі қозғалыста болады, сондықтан оларға жеке желінің ресурстарына қол жетімділік керек. Кейбір ұйымдар үлестірілген қол жетімділікті тк қана өз қызметшілеріне ғана қойғысы келеді және басқа ұйымдармен байланыс орнатпайды. Үлестірілген желілердегі қауіпсіздікті телефон желісі арқылы алуға болады. Серверге үлестірілген қол жетімділік, модемдер және телефондарды пайдалана отырып ұйым үлестірілген қолжетімділік (удаленный доступ) инфраструктурасы параметрін толығымен басқара алады.
Телефон арқылы үлестірілген желі қолжетімділігі қызметін көрсететін ұйымдар қолданушылардың «шын» екенін тексеру керек, құпия мәліметтерді шифрлеп, жеке желілік ресурстарға қолжетімділікті шектеу керек, ал үлестірілген қолданушыларға (удаленный пользователь) жеке желілік ресурстарға «мөлдір» қол жетімділік керек. Телефон арқылы үлестірілген желіге қолжетімділікті Microsoft Windows
2000 RRAS қызметі қолданылады. Ол қолданушылардың «шын» екендігін Active Directory мәліметтер базасы арқылы немесе RADIUS серверінің кез келген құрылғысы арқылы тексереді.
Үлестірілген желілерде байланыс орнатудың әр түрлі тәсілдерінің ішінде телефон арқылы қолжетімділік ұйымға үлестірілген қолжетімділікті басқарып отыруды толығымен қамтамасыз ететін ең ыңғайлы тәсілі. Оның мүмкіндіктері:
Үлестірілген қолжетімділік серверін басқару;
Қолданылатын әдістердің типін және жіберу жылдамдығын анықтау;
Телефон нөмірін қол жетімділік үшін анықтау және ондай нөмірлерді қаржылай қамтамасыз ету;
Үлестірілген қолданушылардың тіркелгендігін басқару;
Үлестірілген қолданушылар арқылы қол жеткізуге болатын жеке желі ресурстарын басқару.
VPN үлестірілген қолжетімділігі бар жобалар
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және үлестірілген қолжетімділікке шығынды азайту үшін қолданылады. Ұйым телефон желісі арқылы үлестірілген қолжетімділікті басқарып отырмайтындықтан, клиент пен үлестірілген қолжетімділік сервері арасында қауіпсіздік пен байланыс орнату үшін жеке желілерде VPN қолжетімділігі бар үлестірілген желі қолданылады. VPN үлестірілген қолжетімділігі бар жобалар келесілерді басқаруға мүмкіндік береді:
-Үлестірілген қолжетімділік құқығы берілген қолданушылардың учеттік запистерін;
-Конфиденциалды ақпараттарды қорғаудың сенімділігі;
-Үлестірілген қолданушыларға қолжетімді жеке желі ресурстары.