2012-2014 Жылдар аралығына эқабж бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу жоспарланды.
Қазіргі
уақытта 87 мемлекеттік органдарда жүйенің
жұмыс істеуі және әкімшілендірілуі
қамтамасыз етіледі (министрліктер,
агенттіктер, комитеттер). ЭҚАБЖ қолдануының
тиімділігін ЭҚАБЖ Орталығы арқылы
жөнелтілген мемлекеттік органдардағы
электрондық құжат айналымы пайызының
серпінді өсімі растайды.
Байланыстар
Қорытынды
Маған
өндірістік – технологиялық практиканы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар»
акционерлік қоғамында өткенім үлкен
қуаныш. Өйткені бұл акционерлік қоғам
Қазақстандағы ең үлкен және тез дамып
келе жатқан компаниялардың бірі болып
табылады, соған байланысты мұнда жоғары
білімді және тәжірибесі мол адамдар
жұмыс істейді.
Жалпы
практика кезінде Lotus Notes бағдарламасымен
және бұл бағдарламамен байланысты
қосымшалармен жұмыс істеуді үйрендім
Көптеген
бағдарламалық қамсыздандыру әдістерімен
таныстым
Алынған
тәжірибелер келешекте керек екеніне
күмәнім жоқ