
- •К омпания туралы
- •Компания құрылымы
- •Компанияның клиенттері
- •Серіктестер
- •Сапа менеджмент жүйесі және аж-сервистері басқару жүйесі
- •«Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақ Басшылығы және еңбек ұжымының өкілдері ұжымдық шартқа қол қойды
- •«Ұат» қоғамының үлкен жобалары
- •Директорлар кеңесінің құрамы
- •Техникалық қауіпсіздік
- •8.2 Тоқ соққысынан қорғану және электр тоғының адам өміріне қауіпі
- •Өндірістік қызметі Практика кезінде маған келесі міндеттерді орындау қажет болды
- •Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі
- •2012-2014 Жылдар аралығына эқабж бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу жоспарланды.
- •Байланыстар
8.2 Тоқ соққысынан қорғану және электр тоғының адам өміріне қауіпі
Компьютерлік бөлмедегі құралдарды реттегенде және желілік кабельдерді жалғағанда адам өміріне электр қауіпі тууы мүмкін.
Адам
ағзасы тоқты жақсы өткізетін материя
болып саналады. Сондықтан тоқ соққысының
әсерінен әр түрлі дәрежелі жарақаттар
болуы мүмкін.
Тоқтың адамға әсері, билогоиялық жүйеге әсер ететіндей төрт сатыдан өтеді:
0.5-1.5 мА өзгерісті және 5-7 мА тұрақты тоқ – бұлшық ет тамырларының тартылуы, бірақ жүрек пен тыеыс алу мүшелеріне қауіпі жоқ.
8-16 мА өзгерісті тоқ – адамның талып қалуы, бұлшық ет тамырларының тартылуы, адамның тыныс алу және жүрек мүшелерінің жұмыс істеуіне қауіп төндірмейді. 40-80 мА тұрақты тоқ – адамның талып қалуы, бұлшық ет тамырларының тартылуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысына тоқтап қалуына әкеледі.
Клиникалық өлім – бұлшық ет тамырларының тартылуы, адамның талып қалуы, тыныс алу және жүрек жұмысын тоқтатады.
Билогоиялық өлім – 3-7 минуттан соң клиникалық өлімнен кейін басталады.
Өндірістік қызметі Практика кезінде маған келесі міндеттерді орындау қажет болды
Lotus Notes Domino тұтынушы бағдарламасын баптау.
Lotus Notes Domino бағдарламасын тұтынушының жұмыс станциясына орнату
Тұтынушыларды тіркеу
Тұтынушыларға ЭЦҚ(Электрондық цифрлық қол) орнату
'Напоминания по контрольным поручениям” (СВЕТОФОР) и “ИПГО”
қосымшаларын орнату
Және де IBM Lotus Notes бағдарламасы арқылы құрылған электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесінде администратор болып жұмыс істедім.
Lotus Notes – тұғырнама жұмыстық тобының бірлескен қызметтерінің автоматтандыруы үшін құрылған бағдарлама. Бұл бағдарламаның ішінде электрондық почта, лезде хабарлама жеткізу қосымшалары бар.
ЭҚАБЖ - нің Мақсаты:
Мемлекеттік органдардың іс жүргізу үрдістерінің тиімділігі мен айқындылығын арттыру
Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі
«Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» жобасының міндеттері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай стандарттарының және технологиялық үрдістерінің негізінде автоматтандыру, құжаттарды өңдеу (Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен мәліметтерді қамтитын құжаттарды қоспағанда) болып табылады.
Жобаның тарихы 2001 жылдан, программалық бағдарламалық қамтамасыз етудің ең аз конфигурациясын әзірлеген кезде, басталады. Соңыра мемлекеттiк органдар қажеттi жабдықпен қамтамасыз етілді, пайдаланушылар оқытылды. Жүйе алғашқы жылдарда 21 мемлекеттiк органдарға ендiрілді. Жылма-жыл барлық уақыт бойы мемлекеттiк органдардағы электрондық документ айналымы жүйесiнiң жетiлдiруi бойынша шаралар жүргiзiлдi: мемлекеттік органдарға электрондық цифрлық қол қоюларды беру үшін мемлекеттік органдардың Куәландырушы орталығы пайдалануға енгізілді, жүйенің ведомстволық бағдарламалық қамтамасыз етуінің болжамасы жетілдірілді, басшының, орындаушының, мұрағатшының автоматтандырылған жұмыс орындары енгізілді. 2007 жылы жүйе өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
2011 жылдың соңына деін келесі шараларды аяуқтау жоспарланды:
ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу;
241 мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелерінде ЭҚАБЖ енгізу ;
1 әкімдікте және 51 мемлекеттік органдарда ЭҚАБЖ енгізу.