Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет Дюсенов Думан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
19.02.2020
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Директорлар кеңесінің құрамы

  1. Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы– «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды (жалғыз акционердің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 90 хаттамасы, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 114 хаттамасы шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің төрайымы болып тағайындалды);

  1. Қорғанбекова Зарема Ерланқызы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды (жалғыз акционердің 2010 жылғы 13 қазандағы № 29 хаттамасы);

  1. Салдарова Гүлжанат Нұрайдарқызы- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Аппарат Басшысы («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды (жалғыз акционердің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 127 хаттамасы);

  1. Еңсебаев Руслан Сәтбекұлы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды (жалғыз акционердің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 84 хаттамасы);

  1. Құсайынов Асқар Маратұлы- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор ( «Казпочта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары);

  1. Дүйсенев Абай Симбайұлы- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды (жалғыз акционердің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 149 хаттамасы);

  1. Аюпов Мірболат Хайратұлы- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 16 хаттамалық шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды);

  1. Мухаметқалиев Даниял Асқарұлы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «NGS Distribution Central Asia» басқарушы серіктестігі («Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 166 хаттамалық шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды).

Техникалық қауіпсіздік

Қауіпсіздік техникасы қауіпті өндірістік аймақтарда немесе факторларды жұмыс істеуге келтірілетін зияндардың алдын алатын ұйымдастырушылық ісшаралар мен техникалық құралдар.

Қауіпсіздік техника нұсқаунамасының түрлері:

  • Кіріспе нұсқаунама (білім немесе жұмыс өтіліне байлансыты);

  • Бірінші реттік жұмыс орнында (жұмысқа қабылданған күні);

  • Екінші реттік (6 айда 1 реттен кем емес);

  • Жоспардан тыс (еңбекті қорғау ережелері өзгерген кезде);

  • Ақымдық (жұмыс алдында наряд-рұқсат рәсімдеу үшін қызметкерлермен жүргізіледі).

Дербес компьютермен жұмыс істеген бөлмеде температура артады, ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмендейді, ауаның иондық және сапалық құрамы нашарлайды, ауа құрамында органикалық заттар мен көмір қышқыл газы пайда болады. Ауа құрамындағы аталмыш заттардың мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жоғары болуы мүмкін. Сондықтан микроклиматтың келесі параметрлерін қадағалап отыру керек:

    • Ауаның температурасы 180С-210С арасында;

    • Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-62%;

    • Ауа қозғалысының жылдамдығы 0.1 м/с кем болуы керек.

Ауа райына байланысты бөлмені желдетіп отыру қажет, ұзақтығы 10 минуттан кем емес болуы керек. Дәл осындай мақсатта терезелерге автономды кондиционерлер орнату қажет. Есептеу техника кешенін қоршаушы конструкциялардың дыбыстық оқшаулары да қандай да бір талапатраға жауап беруі керек. Шу деңгейін төмендету үшін бөлменің төбесі немесе қабырғасы еденнен 1.5-1.7 м жоғары және олардың беттері дыбыс жұтқыштық коэффициенті 63-8000 Гц жиілік арасында болатын дыбыс жұтқыш материалмен қапталуы шарт.

Жарықтаушы қондырғылар ретінде төбелік немесе төбеге ілінетін люминесценциялық шамдар сияқты жалпы жүйесін қолдану қажет.

Қабырғадан 0.8-1.0 м қашықтықта, бөлмені ұзындығы бойымен бір қатар болып орналасқан кездегі және экран қабырғаға перпендикуляр болғандағы жарықтандыру табиғи деп есептелінеді. Табиғи жарық ағымы оң жақтан, алдыңғы немесе артқы жақтан емес, тек сол жақтан түсуі керек. Экран мен адамның көзінің арасы 60-70 см болуы керек, бірақ 50 см кем емес. Сондықтан нәрсені 50 см-ге жақын қашықтықтан қарауға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]