
- •1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.
- •1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау.
- •II бөлім. Қазақстан тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
- •2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.
- •2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері.
- •III бөлім. Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
- •3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
- •3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі.
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды,материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 наурыз 1994 ж бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік –қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтиежелерін; бюджеттік тиімділік –жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; Экономикалық тиімділік –жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтиежелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
-таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ).
- инвестициялардың рентабельділігі (ИР)
- табыстың ішкі нормасы(ТІН);
- қайтарым уақыты (Т қай).
Осы көрсеткіштермен –пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтиежелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың –инвестициялық ,операциялық, қаржылық іс -әрекеті қаралып, есепке алынады.Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.
Нақты ақшалардың ағыны –инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс -әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма.
Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) –инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс -әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерий ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі.Ал егер сальдо (қалдығы) –жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат алуы тиесілі.Инвестицицялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.
Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаржаттар болған жағдайда ғана анықталады.
Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:
Жалпы инфляция –экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал,қызмет, еңбек т.б және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;
Инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) -өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;
Инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.
Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері –жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.
Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып –бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді.
Интегралдық бюджеттік әсер –жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде еспетелінеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.
Бюджеттің шығыстарының құрамына кіретіндер:
жобаны бюджеттік қаражаттандыруға тікелей бөлінген қаражаттар;
ұлттық, аймақтық және басқа да банкілердің жобаны іске асыруға жеке қатысушыларға берген несиесі.Олар қарызға беріледі де бюджет арқылы жабылады;
отын мен энергия тасмалдаушылардың нарықтық бағасына қосымшаға бөлінген тікелей бюджеттік ассигновациялар;
жобаны іске асыру барысында жұмыссыз қалған адамдарға жәрдемақылар төлеу;
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер;
шетелдік және өз еліміздің қатысушыланрына, инвестициялық тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық кепілділік;
жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар .
Бюджеттің кірістерінің құрамына кіретнідер:
қосымша құн салығы, жобаны іске асыратын шетел және Қазақстан кәсіпорындарының бюджетке төлейтін арнайы салығы мен басқа да салық төлемдері;
жобаны іске асырудың барысында қаржылық жағдайында әсер еткен басқада кәсіпорындардан түскен салықтық түсімдердің көбеюі;
жоба бойынша шығарылған өнімдерден бюджетке түскен кедендік баж алымы мен акциздер;
Жобаны орындауға шығарылған бағалы қағаздардан иүскен эмиссиялық табыс;
Жобаны қаржыландыру үшін шығарылған акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан түскен дивиденд;
Қазақстан және шетел жүмысшыларының жоба бойынша орындағаны үшін алған еңбекақысынан бюджетке түскен табыс салығы;
Жер, су және басқа да табиғат ресурстарын қолданғаны үшін;жобаны орындау барысында геологиялық –барлау жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия үшін бюджетке түскен төлемдер;
Жоба бойынша объектілер салып, іске қосуға, барлауға конкурстар мен тендерлер өткізуден түскен табыс;
Жобаны орындауға бюджеттен бөлінген несиеге қайтару;
Жобаға байланысты,материалдық,отын-энергия табиғи ресурстарды дұрыс қолданбағаны үшін салынған айыптар мен санкциялар.
Бюджеттің кірістеріне-зейнеткерлік қорға,жұмыспен қамтамассыз ету қорына және т.б. бюджеттік емес қорларға түскен түсімдері де жатады.
Халық шаруашылық экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері жобаның тиімділігін бүкіл халық шаруашылығы бойынша және жобаны іске асыруға қатысқан аймақтар,салалар,ұйымдармен кәсіпорындар бойынша көрсетеді.
Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылығы бойынша есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді.
Соңғы өндірістік нәтижелер(барлық шығарылған өнімді сыртқы және ішкі нарықта сатудан түскен түсім);Жобалау барысында қатысушылар жасаған мүліктермен интеллектуалдық меншікті сатудан түскен түсімде;
Әлеуметтік және экологиялық нәтижелер(жобаның халықтың денсаулығына,аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға әсерін есептегенде);
Тікелей қаржылық нәтижелер;Шетелдердің,банкілер мен фирмалардың қарыздар мен несиелері.
Құндық өлшемге келмейтін әлеуметтік,экономикалық саяси және басқа да нәтижелер халық шаруашылығы тиімділігінің қосымша көрсеткіштері ретінде қарастырылады және жобаны қабылдау жайлы шешім қабылдағанда есепке алынады.