- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Сандық теледидар, радиотарату және бейнебақылау жүйелері
- •6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының магистранттарына арналған дәрістер жинағы
- •1 Сурет – Бейненің дискретизациясы
- •2 Сурет - Сандық тд хабар тарату (бір бағдарламасы)
- •3 Сурет - тд таратудың мультиплексерленуі
- •4 Сурет - mpeg-2 стандарты бойынша бейнемәліметтерді кодтау
- •5 Сурет - э, р және в кадры
- •6 Сурет - дкт негізінде кеңістіктік артықтылықты жою
- •7 Сурет - Ирек тәрізді сканерлеу
- •8 Сурет - Ұзындығы ауыспалы кванттау
- •9 Сурет - Дыбысты кодтау сызбасы
- •10 Сурет - Дыбыстық мәліметтер дестесі
- •12 Сурет - Транспортты ағын мәліметтер дестесі
- •13 Сурет - қтк кезеңдері
- •14 Сурет - Биттермен қателіктерді тура коррекциялаудың
- •15 Сурет - 8-фМн үшін Векторлық диаграмма
- •17 Сурет – 64-кам үшін жұлдызды карта
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
13 Сурет - қтк кезеңдері
Сыртқы кодтау Рид-Соломонның қателіктерді табу және түзету кодын қолданады. Мұндай жағдайда кодтар қателіктердің дестесін, яғни көршілес бит қателіктерін түзетпейді. Қайта бөлу бұл шектеулерді ескермеуге мүмкіндік береді, ол бір-бірімен байланысқан биттерді хабар таратудан бұрын бір-бірін жояды. Егер хабар тарату ортасы қателіктердің ұзын дестесін берсе, онда қабылдау жағында қателіктер қайта бөлудің айналуы жолымен бір-бірін сыртқы кодтың декодеріне түскенге дейін жояды. РС (Рид Саломон) коды сандық теледидар тарату үшін таңдалып алынған 204:188 коды, мұндағы транспортта дестеге 16 қосымша байт қосылған (14 суретті қара).
14 Сурет - Биттермен қателіктерді тура коррекциялаудың
транспортты дестесі
РС сыртқы кодын 204 байтты дестеде 16 байт қателікті табуға және түзетуге болады. Сонымен, аталған ішкі кодтау жоғарыдәлдікті кодтаудың басқа типін корсетеді, ол қателікті түзетудің жоғарғы қабілеттілігіне ие, жоғарыдәлдікті ішкі кодтаудың толық (100%) құрылғысы Х және У болатын екі бірмезгілде шығаратын битті ағынды қалыптастырады. Олардың әрқайсысы мәліметтердің бастапқы ағынын қайталайды. Х және У битті ағыны модульденеді және беріледі. Бұл тәсіл қателіктерді тиімді түзеткенімен, арна жолағы енін екі еселеуді қажет етеді.
Дәріс 7. Модуляция
Дәрістің мақсаты: сандық теледидар таратуға қолданылатын және тасымалдаушысы бар модуляция түрлерін оқып үйрену.
Дәрістің мазмұны: модуляция. Тасымалдаушылардың қолданылу аймағын зерттеу.
Қатты қыздыру тәсілімен артықтылықты жоюға болады, сәйкесінше бірмезгілді екібитті Х және У ағымының біреуі модуляция үшін таңдап алынады. Қатты қыздыру қатынасы деп аталатын белгілі қатынас аралығында Х және У биттерінің кездесуі қолданылады. Қатты қыздырудың жоғарғы қатынасы арнаның өткізу қабілеттілігін төмендету арқылы қателіктерді түзету тиімділігін арттырады.
Таратқыш қуатына антенна өлшеміне және қажетті сапасына сәйкес хабар тарату компаниясы қатты қыздырудың 3/4 немесе 2/3 қатынастарын таңдай алады.
Бит жылдамдығының соңғы төмендетуі модуляцияның заманауи тәсілдері көмегімен жүзеге асырылады. Логикалық 0 мен логикалық 1 екі әртүрлі жиілікке тең болғандағы қарапайым жиілікті модуляция битті жылдамдық талаптары мен жұмысшы жиілік диапозондарына қарағанда тиімсіз.
Сандық теледидар таратуға үш типті модуляция қолданылады:
- Жерсеріктік теледидарлар үшін (DVB-S) салыстырмалы квадратты фазалық манипуляция (СКФМн).
- Жергілікті кабельді теледидар үшін (DVB-S) квадратты амплитудалы модуляция (КАМ).
- Жергілікті сандық теледидар үшін (DVB-Т) кодталған ортогональді жиілікті тығыздау (coded orttogonal freguency division mulAplexing COFDM).
Салыстырмалы квадратты фазалық манипуляция жерсеріктік сандық телехабар таратуда NІCAM жүйесіндегі тәрізді модуляция түрі қолданылады. Фазаның төрт түрлі 45º, 135º, 225º,315º мәні бір-біріне тік бұрыш жасап орналасқан бірдей жиілікке ие екі модуляциямен жасалады. Әрбір фаза екі биттен құралған комбинацияны сипаттау үшін қолданылады. Қарапайым квадраттық фазалық манипуляция жұмысы үшін (КФМн) эталонды фазалық бұрыш қажет. СКФМн эталонды фазалық бұрыш ретінде алдыңғы фазаны, яғни әрбір өзгеріс 2 битті комбинациямен сипатталады.
Квадратты амплитудалы модуляция. Фазалық монупуляцияны фазалық бұрыш санын КФМн үшін 4-тен ФМн үшін 8 немесе 16-ға дейін, 8-ФМн немесе 16 ФИН үшін сәйкесінше өсіруге болады. 8-ФМн кодтау жағдайында әртүрлі сегіз фазалық бұрыш ішіне біреуін сипаттайды. Модуляцияның квадратты амплитудасы ФМн кеңейту үшін, яғни амплитудада, әрі фазадан бит санын өсіруге болады. Мысалы 16- КАМ кодтауы модуляцияның битті екілік 4-ке дейін ұлғайтады. Әртүрлі 12 фазалық вектор қолданылады, олардың төртеуі екі амплитудадан тұрып 4 битті көріністі көрсете алады.
16-суретте 16 ФМн үшін мүмкін болатын барлық фазалық бұрыштармен амплитудалар көрсетілген, мұндай диаграмманы жұлдызды карта деп атайды.
Кабельді сандық телехабар таратуда санды модуляцияның жоғары көрсеткіштері қолданылады. 64-КАМ олардың әрқайсысы 64 мүмкіндік болатын 6 битті комбинацияның амплитуда мен фаза мәніне сәйкес көрсетіледі.
Кодталған ортогональді жиілікті тығыздау. Жоғары тиімділігіне қарамастан 64-КАМ кодтау түрі жергілікті хабар таратуда қолданылған кезде интерференцияның тынуы мен көпсәулеленуінен зардап шегеді. Аналогтық жүйелерде тыну мен интерференцияның көп сәулененуі әсерінен бейне бұзылады. Сандық жүйелерде әсіресе тура жолмен салыстырғанда шағылысқан жолдағы фаза өзгерісі 180º болғанда, бейненің күрделі нашарлауы, тіпті толық жойылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайды ортоганальді жиілікті тығыздау (OFDM) деп аталатын бірнеше тасымалдаушысы бар модуляция қолдану арқылы алдын алуға болады.
