
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Сандық теледидар, радиотарату және бейнебақылау жүйелері
- •6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының магистранттарына арналған дәрістер жинағы
- •1 Сурет – Бейненің дискретизациясы
- •2 Сурет - Сандық тд хабар тарату (бір бағдарламасы)
- •3 Сурет - тд таратудың мультиплексерленуі
- •4 Сурет - mpeg-2 стандарты бойынша бейнемәліметтерді кодтау
- •5 Сурет - э, р және в кадры
- •6 Сурет - дкт негізінде кеңістіктік артықтылықты жою
- •7 Сурет - Ирек тәрізді сканерлеу
- •8 Сурет - Ұзындығы ауыспалы кванттау
- •9 Сурет - Дыбысты кодтау сызбасы
- •10 Сурет - Дыбыстық мәліметтер дестесі
- •12 Сурет - Транспортты ағын мәліметтер дестесі
- •13 Сурет - қтк кезеңдері
- •14 Сурет - Биттермен қателіктерді тура коррекциялаудың
- •15 Сурет - 8-фМн үшін Векторлық диаграмма
- •17 Сурет – 64-кам үшін жұлдызды карта
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
12 Сурет - Транспортты ағын мәліметтер дестесі
Тақырып әртүрлі бағдарламаларды жинақтау үшін қажет ақпаратпен сипатталды (1 кестеге қара) және қабылдау жағында таңдап алынған қарапайым бағдарламалық ағынды жаңғыртады.
Транспорттық дестелер қарапайым бағдарламалық ағын дестелерінен қысқа болады, ұзындығы әдетте 2 кб-ты құрайды, сондықтан транпортты ағын дестемен салыстыру үшін PES дестелері 184 байттан тұратын мәліметтер блогына бөлінеді.
PES-тің бір дестесі транспорттық ағынның бірнеше дестесіне жіктеледі. PES дестесі ұзындығы байт бойынша 184-тен қысқа болмаса, соңғы транспортты десте (PES қалдық дестеден тұратын) біртіндеп тола бастайды.
Транспортты дестенің толмаған бөлігі адаптация өрісімен айналысады, оның ұзындығы 184 байт пен PES қалдығы айырылымына тең. Бұл функциядан басқа адаптация өрісін толтыру синхрондау бағдарламаның эталоны қызметін атқарады, ол қабылдау жағында 90 кГц базалық синхроимпульсті синхрондау үшін қолданылады және бағдарламаның уақытша белгісін өлшеу құралы (PЕS – programmer time stam) болып табылады.
Қателерді тура түзету. Санды сигналдар әсіресе сығудың жоғары деңгейіне ие сигналдар тиімді табылып қателіктерді түзетуді қажет етеді. Сандық телехабар таратуда бит бойынша қате интенсивтілігі 1010 - 1012 -не сәйкес яғни 1 сағат хабар таратуды 0,1 -10 қате битіне эквивалентті болып келеді. Бит бойынша қате үдемелілігі өте төмен арналар квазиқателіксіз арналар деп аталады. Өте қатаң шарттарды орындау үшін хабар таратудың ортасынан туатын қателіктер табылып, әрі түзелу үшін алдын ала шаралар орындалуына беруі керек. Бұл қателікті тура коррекциялау блогының қызметі болып табылады (ҚТК).
1 кесте – MPEG-2 транспортты ағын тақырыптарының мазмұны
|
Биттер |
Қолданылуы |
Синхрондау сөзі |
8 |
Sync Byte – синхрондау байты = 0100 0111. Тақырыптың бастапқы тізбегі. Оналтылық 47 коды. |
Қателік индикатор |
1 |
Transport error indicator – таратудың қателік жауабы. Өйткені кезеңдердегі қателіктерді көрсетеді. Егер дестеде кемінде 1 түзетілмейтін қателік табылса, «1» күйіне ие болады. Мысалы: қабылдағыштың демодуляторы сыртқы құрылғымен басқарылады. |
Пайдалы жүктеме блогының бастама индикаторы |
1 |
Payload start indicator – таратудың басталу жалауы, егер пайдалы жүктеме ПЭП дестесімен немесе тәуелді бағдарламалық ақпараттың (PSI) бірінші байтында басталса, “1” күйіне енеді. Бұл пайдалы жүктеме басын көрсетеді. |
Приоритет |
1 |
Transport prioriti – приоритетті тарату жалауы, басқа дестелермен салыстырғанда осындай мәнге ие болатын PID-тің жоғары приоритетін білдіру мақсатында «I» күйге келеді. Транспортты приоритетті көрсетеді. |
Десте идентификаторы |
13 |
Pasket Identifier (PiD) – десте типті 13 биттен тұратын уникалдық идентификатор. Десте мазмұнын көрсетеді. |
Скрем.... басқару |
2 |
Transport Scrambling Control – пайдалы жүктемен мәліметтерін скрембирлеу тәсілін көрсетеді. “00” мәні скрембирлеудің жоқтығын, қалған үш мәні скрембирлеуді көрсетеді. Бұл мәндер қолданушымен анықталады. |
Адаптация өрісі жалауы немесе пайдалы жүктеме жалауы |
2 |
Adaption Fielol Control – жүктеме дестесіндегі адаптация өрісінің бар екендігін көрсетеді. Үш нұсқа болуы мүмкін: пайдалы жүктемеде қосымша адаптациялау өрісі болмайды, тек қана адаптациялау өрісінен тұрады, өрістің аралас адаптациясынан, яғни бейне немесе дыбыс мәліметтерінен тұрады. |
Байланысу есепшісі |
4 |
Continuity Counter – дестелердің үздіксіздігінің 4 битті есепшісі, белгілі PID мәнімен пайдалы жүктеменің әрбір таратылуында “I”-ға озып отырады. PES-тің қысқартылған үлесі есебін беріп отырады. |
Қателіктерді тура түзеуді пайдаланған кезде энергияны бытыратып орналастыру керек, ол арналар бойынша энергияны біркелкі орналастыру үшін мәліметтерді бастапқы формасына қайта тарату үшін жалған кездейсоқ екілік біріктіру, NICAM жүйесінде стередыбысты таратуды біріктіруді аналогиясы қолданылады. ҚТК үш кезеңнен тұрады:
- Сыртқы кодтау (Рид-Соломонның коды).
- Жоғары дәлдікпен қайта бөлу.
- Ішкі кодтау.
Ішкі кодтау (үшінші кезең) кабельді теледидарды қажет етпейді. Қабылдау жағында үш кезеңді түрге (13 суретті қара) айналады.