Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Цифр. телевидение (каз) лекц.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
356.81 Кб
Скачать

9 Сурет - Дыбысты кодтау сызбасы

 

Сөздік сапасымен қабылдап/тарату және кодтауға бөлшекті талаптар, халықаралық ұйымдармен қатар стандартталған.

Дыбыстық ақпаратты сығу арнайы алгоритм арқылы жүргізіледі, ол дыбыс сапасын төмендетпей дыбыс мәліметтерінің бөлігін жояды, бұл операция перделеу деп аталады. Перделеу кезінде адамның есту қабілетінің екі ерекшелігі қолданылады:

-    жақын жиілікті қатты дыбыс әсерінен әлсіз дыбыс естілмейді;

-    әлсіз жоғары жиіліктер көптеген қатты төмен жиілікпен перделенеді.

Сонымен қатар, адамның есту қабілеті жиілік бойынша соңғы рұқсат етілген қабілетке ие, нәтижесінде кейбір диапазондарда (жиілік) дыбыстарды бірдей қабылдайды. Дыбыстық пернелеу Фурьенің жылдам туындысы (ФЖТ) процессорына түседі, ол дыбыс спектрін жиілік коэффиценті бойынша орналастырады, яғни әртүрлі диапазон ішіндегі диапазондардың кванттау деңгейін анықтау үшін қолданылады. Қажетті ақпаратпен бірге квантталған диапазон ішіндегі диапазондар MPEG-2 дыбысты басқару мен қателікті табулардағы дестені түзу үшін мультиплексорға түседі (10 суретті қара).

10 Сурет - Дыбыстық мәліметтер дестесі

 

Диапазон ішіндегі диапазондарда есебінде цикльді артық код (ЦАК) тақырыбы бар, мұнда биттердің орналасуы мен ауқымдалуы туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен қатар синхрондау мен жүйе ақпараттарын қамтып, ЦАК биттері қателіктерді коррекциялау үшін де қолданылады, биттердің орналасуы туралы мәліметтер рұқсат таңдау қабілеттілігін анықтайды, ал масштабтау биттері масштабтау коэффиценттері туралы ақпараттарды қамтиды.

Қосымша мәліметтер орталық және қоршалған Долби дыбыстарына жатады. MPEG-2 стандарты бойынша кодтау екі арналы стереодыбыстарды қамтамасыз етеді, сонымен қатар бесарнаға дейінгі бейнетарату 64-256 кбит/с дейінгі бесарналы бейне таратуда қамтамасыз етеді.

Ресми мәліметтер дестесі. Ресми мәліметтер дестесі сандық теледидардың ағымының үшінші құрамдас бөлігі (programmer elementary stream – PES) болып табылады. Ол ресми және бағдарламалық мәліметтерден тұрады. Сонымен қатар мәліметтердің жеке-жеке деп аталатын дестесінде ол басқарушы басқа мәліметтермен салыстырғанда арнайы сәйкестендіруге қажетті және басқа мультиплексерленген бағдарламалар ішінен сәйкес бейне және дыбыс дестелерін таңдау үшін, қажетті бағдарламалар үшін арнайы мәліметтерден тұрады.

Қарапайым бағдарламалық ағын құрылымы. Қарапайым бағдарламалық ағын бейне, дыбыс немесе ресми мәліметтер тақырыптары мен дестелерінен тұрады. Мәліметтер дестесі ұзындығы әдетте 2 кб (2048 байт) тең, бірақ 64 кб дейін жетуі мүмкін. Бұл тақырып төмендегі мәліметтермен қоса дестені сәйкестендірумен анықтау үшін қажет мәліметтерден тұрады.

- бастапқы код (24 бит) жекелей айтқанда 000001 (оналтылық);

- сәйкестендірілген PES коды (8 бит), мысалы, бейне, дыбыс, немесе жеке десте;

- десте ұзындығының коды (16 бит);

- скрембирлеумен басқару коды (2 бит).

Бұл тақырып кадр жасалған уақыттағы уақыт ақпаратын беріп, уақыт белгісін жасайды, дыбыстық фрагмент естіледі немесе титр қойылады. Бұл уақыттық белгілер дыбыстық және бейнемәліметтерді синхрондау үшін маңызды.

Бағдарламаны мультиплексирлеу. Алдымен, әр бағдарламаның бейне, дыбыстық және ресми мәліметтері қарапайым бағдарламалық PES1 және PES2 ағын түзу үшін мультиплексирленеді. Содан кейін екі қарапайым бағдарламалық ағын мультиплексирленіп, транспортты ағын алынады.

Осылайша, транспортты ағын әрбір бағдарламаның жеке дестесінен тұрады, олар ресми мәліметтерден тұратын дестелерде бағдарлама туралы арнайы ақпарат бойынша сәйкестеледі.

Содан кейін транспортты ағын арнаның кодтаушы құрылғысына келіп, қатенің тура түзетуі жүреді, әрі қарай «жер-ссерігі» байланысты желісінде тасымалдағыш ретінде модулятор мен таратқышқа келеді, ол жер теледидарлар үшін таратушы немесе кабельді теледидарлар үшін ұлғайтушы болады.

Бір ұқсас арна жағдайында модерленген транспортты ағын 8 МГц жолаққа ауысады. MPEG-2 үшін бір транспортты ағын әртүрлі төрт бағдарламада, яғни еш шығынсыз сапалы бейне үшін құрылады.

 

Дәріс 6. Транспортты ағын дестесінің құрылғысы

 

Дәрістің мақсаты: транспортты ағын дестесінің құрылғысын оқып үйрену.

 Дәрістің мазмұны: MPEG-2 транспортты ағын тақырыптарының мазмұны. Қателерді тура түзету және оның кезеңдерін зерттеу.

 

MPEG-2 транспортты ағыны 0 тізбекті 188 байтты мәліметтер дестесінен тұратын транспортты ағын. Әрбір десте 4 байтты тақырыптан тұрады, олар 184 байтта бейне дыбыстық немесе ресми ақпараттар пайдалы жүктеме деп аталады (12 суретті қара). Тақырып синхрондаудың (он алтылық код 47)  стандартты 1-байтты сөзінен басталады, ол десте үшін синхронға тізбекті өтуімен анықталады.