Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Цифр. телевидение (каз) лекц.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
356.81 Кб
Скачать

8 Сурет - Ұзындығы ауыспалы кванттау

 

Мұндай кодтау ДКТ процессорының өзінде туындайтын битті жылдамдыққа тәуелді кванттаудың өлшенбелі коэффицентінің динамикалық өзгерісін қамтамасыз етеді. Квантталған биттер, алдымен, буферлі жадыға түсіп, содан кейін тұрақты жылдамдықпен таратудың кодтаушы құрылғысына беріледі. Егер битте жылдамдық өсіп, буфер тола бастаса, битті жылдамдықпен басқару блогы жіберіледі де, кванттау деңгейі төмендеп, мәліметтердің битті жылдамдығы төмендейді. Басқаша айтқанда, шыға берістегі биттік жылдамдық тұрақты болады.

Векторларды салыстыру.  Әрбір есепті болжау үшін қажет биттің нақты санын кодталған екілік тізбекті пайдаланып қосымша төмендетуге болады, мысалы, бір қалыпты емес кодтау немесе векторлы кодтау кезінде, мысалы, 3, 3, 3, 3, 3, 3, тізбектері 6, 3-ке орын ауыстырады (3 саны алты рет қайталанған). Қалыпты емес кодтауы бірдей сандардың ұзын тізбектері қысқарады, Векторлық қодтау пикселдер тобы квантталған болжанған кодтаудың бір түрі болып есептеледі, мысалы 8x8 матрицасы кодты вектор болып табылады. Вектор ТЕСҚ-ға (тұрақты есте сақтайтын құрылғы) алдын ала жүктелген  пикселдердің матиматикалық блогын береді. Керекті түрде берілетін сәйкес вектор таңдалып алынады. Таралатын вектор вектордың сол жиынын беретін және олардың бейнесіне сәйкес келетін түрлену кестесіне негізделіп, қабылдау жағында бастапқы блокқа қайта түрленеді.

Түзу және түзу емес көрілімнің жылжымалы байланыстың арнажолдарында радиотолқындарды таратудың тұлғалық ой-тұжырымы берілген. Мұнда қозғалатын қабылдағыш және қалыптасқан негізгі станциялар арасында таратудың көптеген кездейсоқ арнажолдары бойынша модульденбеген синусоидалық тасымалдаушының таратуының математикалық үлгісі келтірілген. Осындай теориялық үлгі, тынатын тасымалдаушының орамасын (сигналдың деңгейіне) таратуды, сигналдың қалдықтарының жиіліктерін және тынудың ұзақтығын келесі рет талдау үшін пайдалы. Осы параметрлер және олардың ойлары, байланыстың жүйелері (қатынау мен қателерді түзеудің әдістемелерін таңдау сияқты) және жолдарын жобалайтын кейбір аспектілерді қарастырған кезде талап етіледі. Мысалы, тынудың ұзақтығы мен қалдықтардың жиілігі, сөздегі қателердің ықтималдығы (WER) және биттегі қателердің ықтималдығы (BER) арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді.

 

Дәріс 5. Жүйенің жалпы сипаттамасы (дыбысты кодтау құрылғысының, ресми мәліметтер дестесінің, бағдарламаны мультиплексирлеуінің жалғасы)

 

Дәрістің мақсаты: дыбысты кодтау, перделеу және мәліметтерді синхрондау.

Дәрістің мазмұны: ресми мәліметтер дестесі. Қарапайым бағдарламалық ағын құрылымы. Бағдарламаны мультиплексирлеу.

 

Дыбысты кодтау ені бірдей 32 диапазонға дыбыс жолақтарын бөлу арқылы жүргізіледі (9 суретті қара).  Әрбір диапазон ішіндегі диапозандағы түсетін дыбыс сигналының жиілігі дискретизацияланып көп битті кодқа айналады. Жиілікті үш түрлі таңдау мүмкіндігі бар: 32, 44, 1 және 48 кГц.

Кодтауларда пайдаланылатын әртүрлі әдістемелердің сипаттамаларын толық және қатал салыстырулары нәзік және күрделі мәселе болып табылады. Сөздің сапасы – субъективті түсінігі болады, бірнеше жүздеген тыңдаушылар пікірлерінің статистикалық көрсеткіштерін талап етеді.