Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Цифр. телевидение (каз) лекц.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
356.81 Кб
Скачать

6 Сурет - дкт негізінде кеңістіктік артықтылықты жою

 

ДКТ-дан бұрын 8х8 блоктағы әрбір сан сәйкес есептеуіндегі мәнді береді, яғни осы есеппен көрсетілген жарықтылық пикселі. ДКТ процессоры түгелдей блоктың кеңістіктік жиілік компонентін тексереді және уақытша аймақтық матрицаны жиілікті аймақ матрицасына  айналдырады. Бұл операция тұрақты, яғни 0 Гц жиіліктен басқарған тұрақты құраушысы болып табылатын сол жақ жоғары ұяшықтан басталатын 8х8 матрицасындағы коэффициенттердің жаңа жиынының жасалуымен байланысты. Бұл ұяшықтағы коэффициент блоктың орташа жарықтылығын береді. Қалған ұяшықтардың әрқайсысы жиілігі өсетін блок құраушысын көрсетеді. Басқа ұяшықтардағы коэффициент мағынасы блоктағы бейнелердің бөлшектері санымен сипатталады. Сәйкесінше, барлық жерде бірдей жарықтылық беретін блок, мысалы, көк аспан бөлігі тұрақты құраушылардан тұрады, басқа ұяшықтардағы коэффициенті нөлге тең болады. Бейне блогы бар блоктың сәйкес ұяшықтағы коэффициенті нөлге тең емес. Бейне бөлшегі ірі болса коэффициенті аз, кейбір ұяшықтары нөлге тең емес коэффициентке ие, бейне бөлшегі кішкентай болса коэффициенті үлкен болып, көп ұяшық коэффициенттері нөлге тең болмайды. Бейненің көлденең жіңішке бөлшектері көлденең оңға қарай орын ауыстырады; өте ірі тік бөлшектер төмен қарай тік қозғалыспен беріледі. Бейненің ең кішкентай бөлшегі, яғни ең жоғарғы бейнежиілік матрицаның төменгі оң жақ ұяшығын береді.

ДКТ матрицасын ирек тәрізді сканерлеу. ДКТ матрицасының әрбір блогын кванттауға дейін жоғары сол жақ элементтен бастап тізбекті түрде ирек тәрізді жолмен сканерлеуге аударылады (7 суретті қара).

Суретте көрсетілген блок үшін сканерлеу нәтижесі келесі түрде болады: 315, 2, -4, -2, -3, -1, -2, -2, -3, 0, 2, 0, 0 және 1. Қалған коэфиценттерді есепке алмай-ақ қоюға болады, олар 0-ге тең және ешқандай ақпарат бере алмайды. Блоктың коды арнайы кодпен белгіленеді (EOB – end – of – block), ол сканерлеудің соңында коэфиценттер тізбегіне жалғасады. Кейде нөлдер тізбегінің арасынан коэффициенттер кездесуі мүмкін, мұндай жағдайда ұзын нөлдер тізбегін белгілеу (білдіру) үшін басқа арнайы код қолданылады.

7 Сурет - Ирек тәрізді сканерлеу

 

Ұзындығы ауыспалы кванттау. ДКТ коэффициенттерін кванттау сызықты емес. Қолданыста энтропиялық кодтау кезінде әрбір коэффициентке матрицада кванттау деңгейі беріледі. Әрбір коэффициентке өлшенбелі немесе қарқынды көбейткіш оның салыстырмалы мағынасын көрсету үшін беріледі. Кванттаудың ең жоғарғы деңгейі матрицаның жоғарғы сол жақ элементіне беріледі, ол тұрақты құраушысы болып табылады. Тұрақты құраушы коэффициенті дәлдіктің жоғары деңгейімен кодталады, өйткені төменгі жиілікті ақпараттағы шулылық макималды болып келеді. Жоғары жиілікті ақпарат кванттаудың қателіктер деңгейін жіберуі мүмкін, сондықтан ол кванттаудың төменгі деңгейін иеленеді. ДКТ процессоры шыға берісінде битті жылдамдықты есепке алу үшін кванттаудың өлшенбелі  қарқынды көрсеткіші түрленеді. Егер бейненің ірі бөлшегі бар болып, ДКТ коэффиценттерінің көп бөлігі 0-ге тең немесе жуық болса, ДКТ коэффициенттерінің қысқа жолағын түзеді, ол битті жылдамдық пен жолаққа минималды талаптар қояды. Бірақ өте жіңішке бөлшекті бейнелі блоктар коэффиценттің ұзақ жолағымен көрсетеді, ал бұл битті жылдамдық пен жолақтарға жоғары талаптар қояды, талаптар белгілі шекарадан шығып кетуі де мүмкін. Осыны болдырмау үшін ауыспалы ұзындықты кодтау қолданылады.