
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті
- •Сандық теледидар, радиотарату және бейнебақылау жүйелері
- •6М071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының магистранттарына арналған дәрістер жинағы
- •1 Сурет – Бейненің дискретизациясы
- •2 Сурет - Сандық тд хабар тарату (бір бағдарламасы)
- •3 Сурет - тд таратудың мультиплексерленуі
- •4 Сурет - mpeg-2 стандарты бойынша бейнемәліметтерді кодтау
- •5 Сурет - э, р және в кадры
- •6 Сурет - дкт негізінде кеңістіктік артықтылықты жою
- •7 Сурет - Ирек тәрізді сканерлеу
- •8 Сурет - Ұзындығы ауыспалы кванттау
- •9 Сурет - Дыбысты кодтау сызбасы
- •10 Сурет - Дыбыстық мәліметтер дестесі
- •12 Сурет - Транспортты ағын мәліметтер дестесі
- •13 Сурет - қтк кезеңдері
- •14 Сурет - Биттермен қателіктерді тура коррекциялаудың
- •15 Сурет - 8-фМн үшін Векторлық диаграмма
- •17 Сурет – 64-кам үшін жұлдызды карта
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3 Сурет - тд таратудың мультиплексерленуі
Қарапайым бағдарламалы ағында сәйкестендірілген мәліметтер болады, уақытша белгісі мен егжей-тегжейлі бағдарламалық ақпараттары болады; ағынның осы құрамдары мәліметтер дестесін қабылдағышта бағдарламалар бойынша жинақтауға мүмкіндік беріп, бастапқы бейнелерді кадрды қайта қалпына келтіруге болады. Тасымалды ағын модуляторға еніп 8 МГц жиілігі ЖЖ арнасының бірінде беріледі.
Бағдарламаларды кодтау. Сәйкес жиілікте (13,5 МГц У үшін және 6,75 МГц CR және CB үшін) аналогтық бейне және дыбыс сигналдары дискреттенуге ұшырайды, сосын өздері де кодтау құрылғыларына беріледі. Кодтау құрылғысы артық және қажетсіз бейне және дыбысты сигнал бөліктерін (бөлшектерін) жойып, мәліметтердің жеке дестесін құрып бит санын азайту операциясын орындайды. Мәліметтердің жеке дестелері қызметтік дестелермен бірге мультиплексорға беріліп, қарапайым бағдарламалық ағын жасайды. Бейне ақпарат көлемі дыбыстық және қызметтік ақпарат көлемінен көп болғандықтан, қарапайым бағдарлама ағынында дыбыстық және қызметтік мәліметтер дестесімен салыстырғанда бейнемәліметтер дестесі көбірек болады. Содан қарапайым бағдарлама ағындары мультиплексорда бірігіп, таралу үшін модуляторға келеді. Қолданылып отырған модуляция типі тарату типімен (жергіліктік, жерсеріктік кабельді) анықталады.
Бейне ақпараттарды кодтау. Бейнеақпараттарды кодтау негізгі үш кезеңнен тұрады. Бейнемәліметтерді дайындау, оларды сығу және кванттау мәліметтерді дайындау кезеңінде кадрлардың бастапқы кодталған мәліметтері әрі қарай сығылуына ыңғайлы болатындай жүргізіледі (4-суретті қара).
А – ДКТ негізінде кеңістік артықтылықты жою
4 Сурет - mpeg-2 стандарты бойынша бейнемәліметтерді кодтау
Бейнемәліметтерде сығу MPEG-2 жүйесі ұсынған халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. MPEG-2 стандарты бойынша сығудың екі негізгі операциясы орындалады: уақытша артықтылықты жою және кеңістіктік артықтылықты жою. Уақытша артылықшылықты жою мәліметтерді кадраралық сығу арқылы жүргізіліп, мұнда екі тізбекті бейнекадрлар салыстырылады, сонымен қатар бірдей облыстар жойылады да, өңдеуге әртүрлі кадрлар жасалады. Кеңістіктік артықтылықты жою, басқаша айтқанда кадрішілік сығылу, нақты бейнекадрлардағы қажетсіз қайталауларды болдырмайды. Жою операциясы күрделі математикалық теңдеулер бойынша, яғни дискретті косинусты туынды (ДКТ) негізінде жасалады. Сондықтан ДКТ негізінде мәліметтерді жою деп аталады. Мәліметтерді сығу блогына битті сығуды жүзеге асыратын кванттау блогы жатады. Кванттау блогы ДКТ коэфицентін 8 битті кодқа айналдырып, мәліметтердің битті ағынын туғызады.
Бейнемәліметтерді дайындау. Бейнекадрға кіретін бейнеақпараттар, У жарық сигналы мен CR және CB түстілік сигналы кодталған есебі тізбегі бойынша келтірілген әрі бұл сигналдың блоктарға микроблоктарға және кесінділерге қайта топталады. Алдымен У, CR және СВ кадрлары пиксель блоктарына бөлінеді. Әрбір блог 8х8 пиксельдер есебінде сандық түрде кодталған матрицасы түрінде болады. Базалық блок болатын үш компонент бірігіп микроблок түзеді. Әрбір микроблок жарықтың 4 блогынан және әрқайсысы CR және СЕ түстілік болатын екі блоктан тұрады. Бұл 4:2:0 деп аталатын формат болады. Содан кейін макроблоктар кескін алу үшін бейнеге орналасқан ретімен орналасады. Кескін бір немесе бірнеше микроблогтан тұруы мүмкін. Осы кезеңде әр кесіндіде қателер үшін бит қосылады. Егер декодтау кезінде қабылдағышта қате пайда болса, декодер ақпаратты қабылдамайды да келесі кесіндіге өтеді. Кесінділер тізбегін толық бейнекадр қалпына келтіріп, барлық У, CR, СВ бейнелері келесі бейнемәліметтерді кодтау сатысына дайын болады.
Уақытша артықтылықты жою. Бұл тәсіл егер екі қатар тізбекті бейнелердің айырмашылығы аз болған жағдайға негізделген. Олай болса, әрбір кадрды толық беруге қажеттілік жоқ, өйткені олардың көбі алдыңғы кадрды қайталайды. Уақытша сығу 12 тақ кадрдан тұратын бейнелер тобында орындалады (group of pictures - GOP). Бірінші топ кадр мазмұны Э деп аталады, ол жадта сақталып, эталонды кадр ретінде келесі кадр үшін қолданылады (5 суретті қара).