
- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанушы) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
Студентке тапсырма: пациентке зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Сыртқы жыныс мүшелерін қараймыз, түтіктену түрін, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылымын, шат аралығының жағдайын, жыныс еріндерінің жабылуын бағалаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Сол қолдың бас және сұқ саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашамыз, қынаптың кіреберісін, қынап қабырғаларының және жатырдың төмен түсуін, шырышты қабатының түсін, бөліністердің сипатын, зәр шығару өзегінің сыртқы саңылауын, уретра маңы және қынап кіреберісінің үлкен бездерінің шығару өзектерінің жағдайын қараймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Жатыр мойны мен қынап қабырғасын айнамен қараймыз, ол үшін қасық тәрізді айнаны тік өлшемде енгізіп, содан кейін кіші жамбас шығаберісінің көлденең өлшеміне ауыстырамыз. Айнаға параллельді көтергішті енгіземіз. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Айнамен қарауда жатыр мойнының пішінін (конус тәрізді, цилиндр тәрізді, деформацияланған), шырышты қабатының түсін бағалаймыз. Жатыр мойнындағы патологиялық үрдістерді анықтаймыз. Сыртқы аран жағдайын ("қарашық" симптомы), қынаптың шырышты қабатының жағдайын (қатпарлығы, бөліністері) бағалаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Көтергішті шығара отырып, қынаптың алдыңғы қабырғасын бағалаймыз, содан кейін айнаны шығара отырып - қынаптың артқы қабырғасының шырышты қабатының жағдайын бағалаймыз. |
1 |
0.5 |
0 |
9 |
Құралдарды дез. ерітіндіге саламыз. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Амбулаториялық картаға немесе ауру тарихына мәліметтерді жазамыз. Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
Бимануальды зерттеуді жүргізу
Студентке тапсырма: пациентке қынаптық зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарын, жыныс еріндерін аша отырып, қынапқа екі саусақты енгіземіз (бірінші – шат аралығын басатын ортаңғы саусақ, содан кейін сұқ саусақ). Жатырды тексереміз, оның өлшемін, орналасуын, консистенциясын, қозғалмалылығын, ауырсынуын анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Сау жағынан бастап жатыр қосалқыларын зерттейміз. Бұл кезде олардың орналасуын, көлемін, консистенциясын, формасын, қозғалмалылығын, ауырсынуын және т.б. анықтаймыз. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Қынап күмбездерінің ерекшеліктерін анықтаймыз (жазылуын, тығыздалуын, томпаюын, ауырсынуын, флюктуацияны). |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Қынаптан саусақтарды шығарамыз, бөліністер сипатын бағалаймыз (қанды, іріңді, шырышты). |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Амбулаториялық картаға немесе ауру тарихына мәліметтерді жазамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10