Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

психо-педагогикалы мінездеме

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
14.84 Кб
Скачать

6 A сынып білім алушыларына мінездеме

  1. Бекбосын Аслан – үздік оқитын оқушы, сабаққа дайындалып келеді. Сыныпқа жаңадан келген оқушы болса да, сыныптастарымен қарым – қатынасы өте жақсы, әр кез өзіне сеніп берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды.

  2. Мейрбекова Индира – оқу үздігі, мінезі қарапайым, сабаққа күнде дайындалып келеді, сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Би үйірмесіне қатысады.

  3. Байжігітов Жәнібек – біртоға, қарапайым мінезді бала, өте салмақты. Сабақ үлгерімі жақсы, сабаққа күнде дайындалып, келеді. Отырған орнынан табылады. Спортқа әуес.

  4. Тайтолеуов Бек – мінезі үнемі жайдары, салмақты, сабақ үлгерімі жақсы, спортпен әуестенеді.

  5. Шлатай Аружан – мінезі салмақты , сабаққа күнделікті дайындалып келеді. Мұғалімнің сенімді көмекшісі. Жауап кершілігі жоғары.

  6. Советова Жансая - сабағы жақсы, сабаққа күнделікті дайындалып келеді. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы, мұғалімнің сенімді серігі, әр кез өзіне сеніп берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды.

  7. Жақсылықов Ақтілек - мінезі өте ауыр, салмақты, сабақ үлгерімі орташа. Сыныптастарының барлығымен бірдей араласа бермейді. Өзіне берілген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

  8. Туғанбаева Аида – сабаққа күнделікті дайындалып келеді. Мінезі ашық, өзіне жеке көңіл бергенді ұнатады. Тез ренжиді. Би үйірмесіне қатысады.

  9. Толеубекова Қарақат – мінезі салмақты, нәзік. Әр нәрсені жақсы түсінеді, өзіне сеніп берілген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

  10. Асқарбек Аслан – мінезі құбылмалы, өтірік айтуға бейім, кей кездері сабаққа дайындалмай келеді, сабақ үстінде бос отырғанды жақсы көреді, сыныптастарының барлығымен тіл табыса бермейді.

  11. Нагизбаев Ернұр – мінезі шапшаң, тез. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, сабаққа дайындалмай келетін кездері көп болады, сабаққа деген қызығушылығы да бар, бос жүргенді жақсы көреді, сабақ үстінде бос отырғанды ұнатады, сыныптастарымен тез тіл табысады.

  12. Жумахан Арайлым – мінезі қарапайым. Сабаққа ынтасы нашар, сабаққа күнделікті дайындалып келмейді, сыныптастарының барлығымен бірдей бірдей тіл тасыба алмайды, өз бетімен отырады.

  13. Жумахан Айғаным – сабақ үлгерімі жақсы, ақкөңіл, сыныптастарымен тез тіл табысады. Өте қарапайым, сыныптастарына көп көмектеседі, мұғалімнің сенімді серігі.

  14. Жақсырақым Аяжан – мінезі өте жақсы, көп балалы үйдің баласы, сабаққа кей кездері дайындалып келеді. Достарымен қарым – қатынасы жақсы. Сыныптастарымен тез тіл табысады.

  15. Есенгелді Ислам – мінезі өте тұйық, сыныптастарымен қарым-қатынасы бір қалыпты. Үй тапсырмасын көбінесе орындамай келеді. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық.

  16. Құрманғазы Жаннұр – мінезі шапшаң, қыңыр. Сабаққа ынтасы нашар, сабаққа күнделікті дайындалып келмейді, сыныптастарының барлығымен бірдей бірдей тіл тасыба алмайды. Сурет салуға бейім.

  17. Сагантай Айшагүл – мінезі баяу, момын. Сабаққа ынтасы нашар, сабаққа күнделікті дайындалып келмейді, сыныптастарының барлығымен бірдей бірдей тіл тасыба алмайды. Сурет салуға бейім.

  18. Тыркесбаева Айым – мінезі шапшаң, ақкөңіл, тұрақсыздау бір істі аяғына дейін апармайды. Сабаққа ынтасы нашар.

  19. Есен Айсұлу –мінезі жылдам, ұрыс-керіске әуестеу, сабақ үлгерімі жақсы. Волейбол үйірмесіне қатысады.

  20. Манарбеков Дильшат- мінезі құбылмалы, сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы, жауапкершілігі мол.

  21. Манатбек Нұрлат – мінезі бірқалыпты салмақты, сабақ үлгерімі жақсы, сыныптастарымен арақатынасы жақсы, спортпен әуестенеді.

  22. Темірбек Ботакөз – мінезі салмақты ,жаны нәзік, ақкөңіл, сабаққа күнделікті дайындалып келеді. Мұғалімнің сенімді көмекшісі. Жауап кершілігі жоғары.

  23. Толеуғалиұлы Беғазы – мінезі салмақты, сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы. Сабақты жақсы оқиды, жауапкершілігі бар.

  24. Толегенова Гулназ – мінезі жылдам, өзіне көп көңіл бөлмейді, сабққа ынтасы нашар, ақкөңіл, сыныптастарымен қарым-қатынасы орташа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]