
- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанушы) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
Студентке тапсырма: нәрестені туғаннан кейін бағалаңыз және алғашқы күтімін сипаттап беріңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға мәлімет: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Жаңа туған нәрестеге қажетті жабдықтарды алдын ала дайындау. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Босанғаннан кейін бірден 30 секунд ішінде нәрестенің жағдайын бағалаймыз. Егер оның жағдайы қауіп туғызбаса, жылы, таза жаялықпен сүрткеннен кейін анасының ішіне жатқызамыз. Басына таза, мүмкін болса үйінен әкелінген қалпақты, аяғына носки кигіземіз. Сулы жаялықты тастап, нәрестені таза, құрғақ жаялықпен және қосымша көрпемен жабамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Кіндік бауы стерильді қайшымен екі қысқыш арасында тамыр пульсациясы аяқталғаннан кейін кесіледі. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Нәрестенің алғашқы күтімі: - нәрестенің тыныс алуын және тері жамылғыларының түсін босанғаннан кейінгі алғашқы 1 -сағатта 15 минут сайын және 2-сағатта 30 минут сайын бағалау. Егер терінің түсі көгерсе немесе тыныс алуында киындық туындаса (1 минутта <30немесе>60), маска арқылы оттегі беру және дереу неонатологты шақыру қажет; |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
- босанғаннан кейін 30 минуттан соң және басқа бөлімге ауыстырмас бұрын электрондық термометрмен нәрестенің дене температурасын өлшеу, егер температурасы 36,5 С төмен болса – жылы жаялық, қалпақ және носкиді ауыстырып кигізу кажет, нәрестені жылыту үшін қосымша әдістерді колдану (анасымен бірге жатқызып қосымша көрпе жабу, анасы мен баласы жатқан төсектің үстіне жылытқыш лампаны қою және т.б.); |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
- бірінші сағаттың соңында нәрестенің көзіне жақпамай жағылады (жеке қаптамадағы тетрациклин немесе эритромицин); 2-ші сағаттың соңында – қайталанады. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
-екінші сағатың соңында кіндікті стерильді салфеткамен сүртіп, пластикалық қысқыш саламыз, кіндік бауының қалдығы ашық қалады, бұл кезде нәресте анасының үстінде жатады. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
- жылу қорғанысын сақтай отырып баланы өлшейді; - 2-сағаттың соңында неонатологпен бірге қарау, содан кейін ауыстыру үшін нәрестеге таза, құрғақ киім (ит көйлек және ползунки) кигізеді немесе кұндақтаймыз (қатты құндақтауға болмайды). |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Омыраумен емізудің, әсіресе ерте емізудің, емізу жиілігінің маңыздылығы, омыраумен емізу ережелері туралы ақпарат беру, және баланың емуге дайындығының алғашқы белгілері пайда болған кезде - емізуге көмектесу. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
Нәресте жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалау
Студентке тапсырма: Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты - 5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Нәресте туа салысымен жүрек соғу жиілігін санау. Нәрестенің ЖСЖ минутына 100 реттен жоғары болса - 2 балл, 100 реттен төмен – 1 балл және жоқ болса - 0 балл. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Тыныс алу жиілігін санау. Нәрестенің тыныс алу жиілігі минутына 40–50-ден жоғары (айғайы қатты) болса - 2 балл, 40-тан төмен – 1 балл, тыныс алуы жоқ - 0 балл. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Рефлекторлық қозғыштықты тексеріп бағалау. Қимылы белсенді, айғайы қатты – 2 балл, қимылдары, нәрестенің бетінде наразылық белгісі – 1 балл, реакция жоқ – 0 балл. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Тері жамылғыларының жағдайын бағалау. Тері жамылғылары қызғылт түсті- 2 балл, акроцианоз- 1 балл, тері жамылғыларының айқын боздығы - 0 балл. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Нәрестенің бұлшық ет тонусын бағалау. Нәрестенің қимылы белсенді- 2 балл, аяқ колдарының аздағап бүгілуі - 1 балл, қимылы жоқ- 0 балл. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Туғаннан кейін 1 минут ішінде нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Туғаннан кейін 5 минуттан соң нәрестенің жағдайын жалпы балл санымен бағалау. |
1 |
0,5 |
0 |
9 |
Жалпы балл саны бойынша нәрестенің жағдайы туралы қорытынды жасау, асфиксия бар-жоғын анықтау. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Қолғапты шешіп, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10