Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практ навыки на каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
72.14 Кб
Скачать

Ұрықтың болжам салмағын анықтау

Студентке тапсырма: жүкті (босанушы) әйелде ұрықтың болжам салмағын анықтаңыз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.

Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.

Оқытушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.

1

Жүкті (босанушы) әйелге тексеру мәнін түсіндіреміз. Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз.

1

0,5

0

2

Жүкті әйелдің іш айналымын (ІА) сантиметрлік лентамен кіңдік деңгейінде және Михаэлис ромбысының бүйір бұрыштарында өлшейміз.

1

0,5

0

3

Жатыр түбінің биіктігін (ЖТБ) сантиметрлік лентамен өлшейміз. Лентаның бір ұшын қасаға қосындысының жоғарғы жиегіне қоямыз, лента іштің ортаңғы сызығы бойымен орналасады. Алақан қырымен жатыр түбінің биіктігін сантиметрмен анықтаймыз.

1

0,5

0

4

Ұрықтың салмағын Жорданиа бойынша анықтаймыз, іш айналымын жатыр түбінінің биіктігіне көбейтеміз.

1

0,5

0

5

Ұрықтың салмағын Стройкова әдісі бойынша мына формуламен анықтаймыз:

Х=Барлық әйел салмағы граммен/константаға (салмағына сәйкес)+(ІАЖТБ)

2

1

0,5

0

6

Ұрықтың салмағын Якубова әдісі бойынша анықтаймыз (алғаш босанушы, ұрықтың басымен келуі, бүтін қағанақ сулары)

 ұрық салмағы = (ІА+ЖТБ) 100

4

2-ші босану кезінде +50, 4-ші +150, одан көп+300.

1

0,5

0

7

Ұрықтың салмағын Джонсон бойынша анықтаймыз: (ЖТБ-11)155

1

0,5

0

8

Ұрықтың салмағын Бубличенко бойынша анықтаймыз, бұл кезде ұрықтың болжам салмағы жүкті әйелдің дене салмағының 1/20 тең.

1

0,5

0

9

Ірі ұрықты болжаған кезде Нуркасымов бойынша анықтаймыз (дәрігер интерндер үшін).

1

0,5

0

10

Алынған мәліметтер негізінде ұрықтың болжам салмағы туралы қорытынды жасаймыз. Қолғапты шешеміз, утилизацияға арналған контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз.

1

0,5

0

Максимальды берілетін ұпай саны – 10

Қосымша:

Стройкова әдісі бойынша ұрық салмағын анықтау кезіндегі константа – барлық әйелдер 51кг дейін = 15

51-53 = 16

54-56 = 17

57-62 = 18

63-65 = 19

66-73 = 20

74-81 = 21

81 және одан көп = 22

Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: берілген мәліметтер негізінде партограмманы толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерді ескеріп бағалаңыз.

1

Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушы әйелдің аты-жөнін, акушерлік мәліметтерді (босану санын, анамнездегі жүктіліктерін), босану тарихының №, босану бөліміне госпитализацияланған күні мен уақытын, партограмманы толтыру басталған уакыттағы сусыз кезеңді (сағатпен) жазамыз.

1

0,5

0

2

Жатыр мойының ашылуын кестеде "X" әрпімен белгілейміз. Латентті фаза – 0-ден 3см-ге дейін жатыр мойының баяу ашылу кезеңі, жатыр мойнының біртіндеп қысқаруымен жүреді. Белсенді (активті) фаза – бұл жатыр мойының 3-тен 10 см-ге дейін жылдам ашылу кезеңі.

Жатыр мойының 0-3 см ашылуын босанудың латентті кезеңі белгіленген жерде көрсетеміз, босану белсенді фазаға ауысқанда, жатыр мойнының ашылуын пунктир сызықпен Дабыл сызығына ауыстырамыз. Егер босану белсенді фазада болса, жатыр мойнының ашылуын Дабыл сызығына жатыр мойының ашылуына сәйкес жерде белгілейміз, ал уакытты «X» астына, сйкес жолға жазамыз.

1

0,5

0

3

Жатырдың жиырылуын штрихтау түрінде: нүкте, қисық штрих, тұтас штрих ретінде уақыт осінен төмен «Жатырдың 10 минутта жиырылуы» белгіленетін жерде көрсетеміз. Клеткалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарға сәйкес келеді. Әрбір клетка бір жиырылуды білдіреді, егер 10 минутта 2 жиырылу болса, онда 2 клетканы штрихтаймыз және т.с.

1

0,5

0

4

Ұрық басының жылжуын "О" әрпімен кестенің оң жағына «Ұрық басының жылжуы» шкаласына 5-тен 0-ге дейінгі белгілермен белгілейміз (ұрық басының симфиз жиегінен жоғары 5 саусақтың көлеміндей орналасуы). Ұрық басының өтуіне байланысты, оның жамбас жиегінен жоғары қалатын бөлігін саусақтардың кіші санымен белгілейміз (4/5, 3/5 және т.б.).

1

0,5

0

5

Ұрықтың жүрек соғысының жиілігін партограмманың жоғарғы жағына әрбір жарты сағат сайын тіркейді.

1

0,5

0

6

Қағанақ суының жағдайын «Қағанақ суы» графасында көрсетеміз. Қағанақ суының түсін тіркейміз: таза («С»), қан аралас («В») немесе меконий («М»). Қағанақ қабының бүтіндігі бұзылмаса - «I».

1

0,5

0

7

Ұрықтың бассүйектерінің конфигурациясының бағасын партограммада қағанақ суынан төменгі жолға белгілейміз. Егер сүйектер бір бірінен бөлінген, тігістер оңай сезілсе, онда (0); сүйектер бір біріне аздап тиіссе (+); сүйектер бір бірінің үстіне шығып тұрса (++); сүйектер бір бірінің үстіне айқын шығып тұрса (+++) тіркейміз.

1

0,5

0

8

Сәйкес аймқта тағайындалған окситоцинді ХБ/л және тамшы/мин. белгілейміз.

Тағайындалған басқа дәрілер мен тамырішілік ерітіңділерді окситоциннен төменгі жолда белгілейміз.

1

0,5

0

9

Босанушы әйелдің жағдайын партограмманың төменгі жағына жазамыз: босану барысында АҚҚ және ТС әр сағат сайын, температураны әр 4 сағат сайын өлшейді. Несептің көлемін, несепте ақуыз бен ацетонның болуын сәкес аймақта тіркейміз.

1

0,5

0

10

Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз.

1

0,5

0

Максимальды берілетін ұпай саны – 10