
- •Халықаралық экономика және дүниежүзілік шаруашылық .
- •30 Тақырып . Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы.
- •1. Дүниежүзілік шаруашылықтың мәні және оның пайда болуының негізі.
- •Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы мен ақиқаты және елдердің өзара байланысының өсуі. Өндіріс интернационализациясы.
- •3. Халықаралық экономикалық интеграция .
- •Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
- •Әдебиеттер.
VI БӨЛІМ.
Халықаралық экономика және дүниежүзілік шаруашылық .
30 Тақырып . Дүниежүзілік шаруашылық және оның даму тенденциясы.
1. Дүниежүзілік шаруашылықтың мәні және оның пайда болуының негізі.
Дүниежүзілік шаруашылық – ұлттық шаруашылық жүйесі , бұл бір-бірімен еңбек, тауарлы-экономкалық, қаржылық, ғылыми- техникалық, саяси және басқа халықаралық қатынастармен байланысты
Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы елдер енеді. Әлемдік шаруашылықты қалыптастыру тауарлы айырбастау, сауда дамуымен бір мезгілде қалыптасуымен ХVІ-шы ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа созылады.
ХVI-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сыйпатқа ие болды.
Бүгінгі күні әлемдік шаруашылық құрылымына ерекше жеті өндірісі дамыған индустралды елдерден тұратын топтарға бөлінеді, олар : АҚШ, Канада , Жапония, Германия, Франция, Италия және Англия және әртүрлі даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.
Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жетілік» елдердің көп экономикалық мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12 пайызынан астамын құрайды.
Осы «жетілік» үлесіне дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50 пайыздан артығы, ауыл шаруашылығы өнімінің 25 пайыздан астамы келеді. Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа тұрғынымен салыстырғанда, «жетілікке» енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен.
Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гоконг, Тайвань, Сингапур жатады.
Бұл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы-әсіресе, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары-көмектесті. Соның арқасында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.
Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.
Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топқа 40-қа жуық елдер енеді- бұл Индия, Пакистан, Египет, Индонезия, Иран , Иран, Турция, Алжир, Венсуэла, Ливия.
Дүниежүзілік шаруашылық аясында өтпелі кезеңнің экономикалық дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпынып жасауда. Нарықтық қатынастарға талпыныс байқатқан. Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда.
Соңында, әлемдік шаруашылықтың үлкен көлемін – жүз қырық елден астамы Азия, Африка, Латын Америкасы және Океания, 3,2 млрд қалқы орналасқан елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің индустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға өтуіне олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы мен ақиқаты және елдердің өзара байланысының өсуі. Өндіріс интернационализациясы.
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлісінің негізгі ілімін абсалютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның ХVIIІ ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс.
Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте-екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлісіне көптеген факторлар әсер етеді.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлісін дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясынан белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бергели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.
Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануына осы авторлар үш фактордың еңбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді.
Мысалы, «арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (текстиль киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне мамандынып, капитал артықтығы – капитал көп жұмсалатын өнім (машинаі ірі құрал-жабдықтар( өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.
Американ экономисі В.Леонтьев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты. Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбектегі ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгідей әсер ететінің айтты.
Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл Портиердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық» теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық потенциалмен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.
Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа көздерді жасайды.
Соңғы жылдары өнеркәсіпібі дамыған елдердегі экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекше мән беріп, практикада қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американ ғалым-экономистері – Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде манопология ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға қарағанда төмен болады.
Халықаралық еңбек бөлісі жеке елдердің мамандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар-жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Халықаралық еңбек бөлісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше.
Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз (бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өндеу мен кен қазу өнеркәсібі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б..
Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы қалыпты табиғи - климаттық жағдайымен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт - елдердің индустриалдық шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінде.
Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегенеміз елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандырылуын айтамыз. Салааралық дайын өнімді айырбастау ролінің өсуін білдіреді. Бұл үшін халықаралық еңбектің бөліну сипатының жоғары дәңгейі өнеркәсіп диверсификациясы ( әртүрлі, ір тарпты даму) тін .
Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған технологиялық стадиясы өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбінесе қабынып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басымды болу тенденциясы анық байқалады.
Сондай –ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың «Форд Маторс» концерні құрастыруға қажет матералдарды «Рено» (Франция) , «Фиат» (Италия), «Тойота» мен «Ниссан» (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.
Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды.
Өндіргіш күштердің интернационалануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік масштабтағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады.
Халықаралық айырбас көбінесе түркі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды.
Өндірістің кең көлімді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1/3 есе құраса, Батыс Еуропада шамамен 2/3. Жапонияда 4/5 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарықтың шеңбер ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда- 1/10 Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда - 1/5- ¼ шығарылады екен.
Өндіргіш күштерді интернационаландыру бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі.
Халықаралық еңбек бөлісінің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.
«Ескіден келе жатқан ұлттық, жергілікті тар шеңбермен өз өндірісінің өнімімен шектелудің орнына жан-жақты қатынастар мен ұлттардың арасында бір-біріне байланысы күшейе түседі».
Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі-халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.