
- •8 Тақырып. Пайда мен өндіріс шығындар теориялары
- •1. Өндіріс шығыны теориялары
- •2. Пайда теориясының пайда болуы және оның мәніне теориялық көзқарастар, оның эволюциясы
- •Сурет 8-4 Таза бәсеке жағдайындағы жиынтық, орташа және шекті табыстар.
- •3. Салааралық бәсеке теориясы, орташа пайданың және өндіріс бағасының құрылуы
- •Ұғыну қажет терминдер:
- •Үлгі ретіндегі сабақ жоспары
- •Мәнжазба, хабарлама, баяндама тақырыптары
- •Әңгіме өткізуге және өзін-өзі қайталауға арналған сұрақтар
8 Тақырып. Пайда мен өндіріс шығындар теориялары
1. Өндіріс шығыны теориялары
Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің өкілдері (К. Маркс, А. Маршалл, А. Милл, Д. Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты. Әсіресе, шығынның маркстік тұжырымдамасы екі маңызды нәрскден басталады: өндіріс шығыны және айналым шығыны.
Өндіріс шығыны деген не ?
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (с+v) тең.
Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты.
Бұл жағдайда К. Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесінен қараған. Ол өз ойын мынаған негіздеді: тауар бірлігінің құнын өндіріс шығыны мен айналым шығыны құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.
Батыс елдері ғалым-экоеномистердің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамасы бұл ұғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндіктерін ескереді.
«Мәселе мынада: Барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтанда барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінің пайдасын көбейту мүмкіндігіне ұшырайды».1
Қазіргі экономикалық теорияға сәйкес, өндіріс шығындары екіге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар (ТFС)-бұл сыртқы өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салық төлеу, аммортизациялық төлемдер, займ бойынша пайыз және т.б. жатады. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес.
Өзгермелі шығындар (ТVС)-бұл ішкі ресурстарды қолданумен байланысты шығындар. Олар шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т.б. сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланыста өзгереді.
Тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы өндірістің жалпы шығынын құрайды. (ТС).
ТС= ТFC + TVC
Жалпы шығындар тауар санымен (Q) орташа шығындардың (АС)көбейтіндісіне тең. ТС= Q x AC
Тұрақты және өзгермелі шығындардың өндірісті ұлғайтқандығы ара-қатынасы графикалық түрде 8-1 суретте былай бейнеленеді.
Сурет 8-1. Шығындардың арқатынасы
Өнімнің бірлігіне қарай шығындары өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық (жалпы) шығындарды (ТС) өнімнің көлеміне бөлумен анықталады:
{АС = _ТС_
Q
Орташа өндіріс шығындары қисығы 8-2 суретте бейнеленген.
АС-орташа шығындар
АVC-орташа өзгермелі шығындар
AVC-орташа тұрақты шығындар
Сондай ақ орташа тұрақты (AFC) және орташа өзгермелі (АVC) шығындар анықталады.
AFC= TFC , AVC= TVC
Q Q
Орташа шығындар ұғымы К. Маркстың «Капиталында» баяндалған. Маркс шығындар түрінің негізінде капиталға келетін өндіріс бағасы мен пайданың орташа мөлшері тұжырымдамасын жасаған.
Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтац қажеттілігін тудырады.
Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді.
Шекті шығындар өндіріс шығындарын п бірлігімен (ТСп) және өндіріс шығындар п-I бірлігі (ТСп) арасындағы айырмамен анықталады:
МС= ТС немесе МС= ТСп – ТС п-1
Q
Кәсіпкерлік қызметте мынадай міндеттерге жиірек жолығуға болады: өндірісті қандай көлемге дейін дамытуға болады? Осының барлығыда көптеген шығындарды талап етеді. Осы шығындар өзін ақтай ма? Олар белгілі табыс әкеле ме? Егер өндіріс өссе, шекті шығындар алғашқыда кемиді, кейін ұлғаяды. Осы процесс фирманың максималды тиімділік нүктесін өнім шығарудың максималды және минималды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер шығарылған өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір қосымша өнім бірлігін (шекті шығындар) өндіру шығындары төмендетеді. Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң, табыстың төмендеу заңы күшіне енеді және шекті шығындар өседі.
Мысал келтірейік. Айталық, 300 мың долл. шығынданғанда 1 млн. долл. табыс табуға болады, ал басқа тауарға бағыт бұрғанда, сол 1 млн. долл. табысты табу үшін шығындар 400 мың. долл. дейін өседі.
Мұндай талдау ең дұрыс тиімді шешімді таңдау үшін қажет.
Фирманың пайдасы максималды болғанда, өндіріс көлемін анықтау үшін екі әдісті қолданады:
- жалпы өндіріс шығындары (ТС) абсолюттік мөлшері мен жалпы өткерілген өнімнен (жалпы табыстың TR) түскен түсімді салыстыру үшін пайда мына формуламен анықталады:
Р=TR-TC
шекті шығындар (МС) мен шекті табысты (МR) салыстыру.
Қазіргі нарықтық экономикада өндіріс көлемін есептеу шекті табыс пен шекті шығынды салыстыруды қарастырады, себебі кезкелген өндіріс көлемін ұлғайту пайданың өсуіне алып келмейді.
Демек, фирма одан барынша табыс алатындай өндіріс көлемін таңдауы қажет. Өндіріс көлемін оңтайландыруды анықтаудың екі әдісі бар:
-бухгалтерлік – аналитикалық әдіс, бұл практикада жиі қолданылады (кесте 8-1-ді қараңыз);
-графикалық әдіс, теорияда қолданылады, практикада сирек кездеседі (кесте 8-3-ті қараңыз);
Кесте 8-1
Шекті табыс пен шекті шығынды салыстыру әдістері
Бұйым саны Q |
Баға Р1- теңге |
Жиынтық шығындар ТС, теңге |
Жиынтық табыс, TR , теңге |
Пайда Pr, теңге |
Шекті шығындар МС, теңге |
Шекті табыс, MR, теңге |
1 |
40 |
15 |
40 |
+25 |
- |
|
2 |
30 |
25 |
60 |
+35 |
10 |
20 |
3 |
25 |
30 |
75 |
+45 |
5 |
15 |
4 |
20 |
50 |
80 |
30 |
20 |
5 |
5 |
15 |
85 |
75 |
-10 |
35 |
-5 |
( Шартты: баға мөлшері мен жалпы шығындар белгілі, басқа көрсеткіштерді есептеу керек)
Тауардың екінші бірлігін шығарғанда шекті шығындар, (МС) қалай анықтауға болады? Жиынтық шығындармен (ТС) белгіленген үшінші бағананы аламыз. Бірінші бірліктегі бұйымдардың екінші өндіріске өткенінде =шығындар 10 теңгеге өсті (25 теңге-15теңге=10теңге). Бұл шекті шығындар мен ол екінші бірліктегі бұйымдар өндірісімен және т.б. байланысты дегеніміз. Енді шекті табысты (MR) анықтаймыз. Егер бұйымдарды өндіру шекті аз мөлшерге ұлғайса, яғни 1 ғана бірлікке (айталық, бірінші бірліктен екінші бірліктегі бұйымға көшкенде), онда жиынтық табыс-(TR) бейнеленген 4-ші бағананы табамыз. Екінші бірліктегі бұйымдарды шығарған кездегі жиынтық табыстың бірінші бірліктегі шығарғанмен салыстырғандағы айырмасы жиынтық табыс өсімін –(ТR)береді, ол 20 теңгеге тең (TR60-TR40).
Есептеулер көрсеткендей, өндіріс көлемінің ең пайдалылығы үш бірліктегі көлем болып табылады, онан соң шекті шығындар шекті табыстан аса бастайды. Демек, фирмаға үш бірлікке дейін өндіру пайдалыақ, ал фирма бұл мөлшерден артық өндірмеуі тиіс.
Екінші әдіс –графикалық. Ол шекті шығындар мен шекті табысты салыстыру негізінде құрылады.
Фирмалар үшін бағыт-бағдар төмендегідей болып қалыптасады.
1. Егер шекті табыс шекті шығыннан жоғары болса (көлем үш бірлікке дейін болғанда) (MR MC), онда өндірісті ұлғайтуға болады.
2. Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса (бұйымдарды өндіру үш бірліктен жоғары) (MR MC) өндіріс пайдалығы шамалы, онда оны қысқарту керек. Фирманың тепе-теңдік нүктесі және максималды пайдасы шекті табыс пен шекті шығындар тепе-теңдігі жағдайында (MR=MC) қол жеткізіледі (сурет-8-1 қараңыз). Фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып, «фирманың тепе-теңдігі» сақталады.
Сурет 8-3 Шекті табыс пен шекті шығындарды графикалық бейнелеу
Экономикалық ғылымда және тәжірибеде мынандай экономикалық категорияларды қолданылады: айқын ( ішкі шығындар) және айқын емес ( сыртқы шығындар).
Шаруашылық практикасында ішкі шығындар – бұл өзіндік құн, сыртқы шығындар-бұл басқа фирмалардан ресурстарды алуға кеткен жұмсалымдар. ( Нақтырақ экономикалық және бухгалтерлік шығындар туралы - 15 тақырыпта қараңыз)
Трансакциялық шығындар.
Кәсіпорынның нарықтық ортада қызмет жасауы нарық туралы, оның мүмкіндігі, перспективалылығы, іскерлік коньюнктурасын тану, баға саясаты, ресурстар көзі, олардың жабдықтаушылары, контрактылық келісімдер, қолданыстағы стандарттары, фирмалық белгісі, сауда маркасы, меншік құқығы, т.б. туралы қажет ақпарат іздеу керек екендігін білдіреді.
Бұның бәрі қандай да бір шығынмен атқарылады.
Осындай ақпараттарды іздеуге және білуе қажет шығындар трансакциялық шығындар деп аталады. Егер трансакциялық шығындар шамасына қарай өнімге жұмсалатын барлық шығыннан артып кетсе, онда өндірістік процестер тиімсіз деп есептеледі.Нарықтық қатынастарының одан әрі дамуы және бәсекелестіктің күшеюі осындай шығынны артуына сөзсіз алып келеді.