
6. Капиталдың шеңбер айналымы және айналымы.
Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол мынадй екі түрде болады: материалды –затай және ақшалай. Тауар сатылады- ақша пайда болады, сол ақшаға тағы да тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек.
Сонымен капитал өз қозғалысында қалыпты жағдайда үш сатыда: ақшалай , өнімділік, тауарлы.
Жұмыс күші
А З Өндіріс құр. …… Ө ….. Т1 А1
І саты ІІ саты ІІІ саты
Айналым саласы ( өндірістің айналым саласы
өнімдік
саласы)
Демек «...капиталды қозғалыс ретінде түсіну керек,оны тыныштықтағы зат деп емес». 4
Сонымен капитал өз қозғалысында қалыпты жағдайда үш сатымен үш түрге ие болады: ақшалай ,өнімділік, тауарлы.
Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы капиталдың шеңбер айналымы дейміз.
Капитал өз қозғалысында өндіріс сатысына және екі айналыс сатысынан өтеді. Ол өз айналымын белгілі уақыт кезеңінде жасайды.
Капитал шеңбер айналымының жеке акт ретінде емес, кезеңдік процес пен айналуын капитал айналымы дейміз. Барлық авансланған капиталдың осы мерзімде өндіріс пен айналыс сатысын өткізген жиынтық уақыты – капиталдың айналым уақытын құрайды.
Егер жылды (жыл –жалпы өлшем) уақыт айналымының бірлігі ретіндегі өлшем деп, «О»- әрпімен белгілесек, қай – бір капиталдың уақыт айналымын – «о» - әрпімен көрсетіп, айналым санын – «п» - әрпімен белгілесек, осы капиталдың айналым саны мынаған тең:
О
П = ------- ;
О 12
Егер капиталдың айналым уақыты 3 айды құраса, онда п = ---- = 4,
3
капитал бір жылда 4 айналым жасайды.
Өндіріске қатысатын әртүрлі құрал-жабдық пен айналымды біркелкі жасалмайды, сондықтан оларды негізгі және айналымы деп жіктейміз. (Бұрын капиталды тұрақты және өзгермелі деп бөлгенбіз).
Негізгі капитал өнімді капиталдың бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдықтар , машина, станок, үйлер мен алып құрылыстың құнына еніп кетеді.
Оның ерекшелігі сонда , ол дайындалатын өнімге өзінің құнын бөлшектеп енгізіп отырады. Егер станок (машина, ірі үйлер, алып құрылыстар ) 10 жыл қызмет етсе , ал оның құны 100 мың долларға тең болса, онда ол 1 жылда өндірілген өнімге 0.1-ге өзінің құнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизация дейміз.
Табиғи тозу және моралды тозу деп бөлінеді.
Табиғи тозу :
біріншіден, өндіріс процесінің әсерінен
екіншіден табиғат күші әсер етеді: станоктар тозады, ірі үйлер құлайды.
Ал, моралдық төзудің екі түрі бар:
біріншіден, бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан арзандау:
екіншіден, бұрынғы конструкциядағыдай машинаның пайда болуы, бірақ одан өнімділеу және үнемділеу.
Техникалық прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моралдық тозуын жеделдетеді. Моралдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін, кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.
Амортизациялық төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына енеді және оның өткерілуінен кейін кәсіпорын есебінде ақшалай қор түрінде қорланып, амортизациялық қорды құрайды.
Амортизациялық қор негізгі капиталды толық қалпына келтіруінде немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.
Қатал нарықбәсекелестігі жағдайында кәсіпкерлер жеделдетілген амортизация енгізуге тырысады.
Қазіргі жағдайда негізгі капиталды жедел амортизациялауды жүзеге асыру – қорды ынталандырудың және экономикадағы құрылымдық өзгерістердің басты құрамы ретінде болады.
Негізгі капиталды түрлері бойынша (станок, жабдықтар, көлік құралдары, ірі үйлер және т.б.) типімен бөлшектей отыра шектеулі мөлшермен жоюды мемлекет бекітеді.
Негізгі капиталды жедел амортизациялық есептен жоюдың мөлшерін өзгертуді барлық дамыған елдерде кеңінен қолданылады және ол кәсіпорынның (фирма) өзін - өзі қаржыландыруының басты құралы болып табылады.
Негізгі капиталдан басқа айналым капитал бар. Ол шикізат, жанар-май, қосымша материалдан, электроэнергиядан және жұмыс күшінен тұрады.
Капитал негізгі және айналым капиталдары болып бөлінеді.
С 1 - машина, құрал-жабдық, ғимарат,
қондырғылардың құны ……………………..} Негізгі капитал
С2 - шикізат, материалдар, жанар-жағар май құны,
V- жұмыс күші құны ………………………} Айналым капиталы
Айналым капиталы бір шеңбер айналымында тұтынылады және кәсіпкерге әрбір айналым соңынан қайтарылады. Мысалы Айтаық, бір фабриканың ғимараты өндірістік құралжабдықтарымен бірге 10 жылға есептелген, оның құны 100,0 мың долларға тең.
Негізгі каитал Айналым капиталы
С1 = 100 мың долл. С2 = 20 мың долл.
V = 20 мың долл.
Фабрика ғимараты
машиналарымен,
құрал жабдықтарымен
С1 = 10 мың долл. Дайындалған өнімге көшеді.
М1 =100% = 20мың долл.
( қосымша құн)
Өнімнің құны : T=10 c1+ 20 c2 + 20v + 20m =70мың долл
Осыдан, егер негізгі капитал 10 жыл ішінде толық бір айналатын болса, айналым капиталы бұл кезеңде 10 айналым жасайды.
Ұғыну қажет терминдер:
Капитал, қосымша құн, қажетті уақыт, қосымша уақыт, тұрақты капитал, өзгермелі капитал, абсолюттік қосымша құн, салыстырмалы қосымша құн, артық қосымша құн, қосымша құнның мөлшері (нормасы), капитлдың қорлануы, капиталдың ортаылқатындырылуы мен шоғырлануы, моралдық және табиғи тозу, амортизация,капиталдық салымдар, инвестициялар, капиталдың техникалық құрылымы, капиталдың құндық құрылымы, капиталдың ұйымдық құрылымы, жай өндіріс, ұдайы өндіріс, капиталдың шеңбер айналымы және айналымы, негізгі және айналым капиталы.
Сабақтың үлгі ретіндегі жоспары
Капиталдың мәні. Ақшаның капиталға айналуы.
Қосымша құн және оны өндіру процесі.
Капиталдың қорлануы және инвестиция.
Капиталдың шеңбер айналымы және айналымы.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары
Капиталдың мәні туралы теориялық көзқарастар
Жеделдетілген амортизация және оның қолданылуы мен салдарлары.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға
арналған сұрақтары
Капитал дегеніміз не? Капиталдың түрлері және олардың өндіріс процесіндегі ролі қандай?
Артық қосымша құнды қалай түсінеміз және ол қалай қалыптасады?
Капиталдың қорлануын қалай түсінеміз?
Капитал амортизациясын қалай түсінеміз?
Негізгі капитал тозуының қандай түрлерін білесіз?
Әдебиет.
"Қазақстан Республикасы инвестициялық қорлар туралы заңы" Егеменді Қазақстан, 1997 жыл 12 наурыз.
Қазақстан Республикасы "Инвестициялар туралы" заңы, Егеменді Қазақстан, 2003 жыл 11 қаңтар.
Е.Ф.Борисов .Экономикалық теория.-М.Юристь, 2005.
С.В.Брагинский, Я.А.Пезнер, Саяси экономия: дискуссиялық мәселелер, жаңару жолдары. -М.Мысль, 1991 ж 4 бөлім.
Экономика курсы. 2-кітапта оқулық. Райзбергітң редакторлығымен.-М-ИНФРА-М.2000.
В.М.Козырев. Қазіргі экономика негіздері.М., Финансы и статистика, 2000.
Экономикалық теория курсы. Оқулық. Чепуриннің редакторлығымен. Киров, АСА,2001.
Дж.Кейнс. Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы.- М., Прогресс, 1978.
К.Маркс.Капитал. 1т. 4-7, 21-24 бөлімдер.
К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалар, 23,24 том.
А.Маршалл. Саяси экономика қағиадалары.-М., Прогресс, 1993, 1 т.
Дж.Миль Саяси эономика негіздері. -М.,Прогресс, 1980, 2,3, томдар.
М.Г.Муталимов. Экономикалық теория негіздері. Минск, 2002.
П.Самуэльсон. Экономика- М., НПО "Алгон", 1992.
Жалпы экономикалық теория. Оқулық. У.К.Шеденовтың редакторлығымен, Ақтөбе-А.Полиграфия, 2004.
Қазіргі заманғы экономика. Лекциялық материалдар. Дондағы Ростов, Феникс, 2000.
Экономикалық теория. Видяпиннің редакторлығымен, ИНФРА-М, 2002.
Экономикалық теория. В.Д.Камаевтың редакторлығымен, М.,Владос, 2001.
Экономика.Оқулық. А.С.Болатовтың редакторлығымен, М,Бек, 2000.
Экономикалық теория, Оқулық. Н.И.Базылевтың және басқаларының редакторлығымен. Минск, 2004.
1 К.Маркс , Ф.Энгельс. Шығ. 23 т. 157 бет
2 К.Маркс,Капитал.т. 1, 227 бет.
3 К.Маркс.Ф.Энгельс. Шығ. 23 т. 181 бет.
4 К.Маркс және Ф.Энгельс. Шығ. 24 т.121 беи.