Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
131.07 Кб
Скачать

4. Капиталдық техникалық және құндылық құрылуы

Капиталдың қорлану процесі инвестициялар мен капиталдың жалпы массасының өсуімен бірге жүреді. Кез келген капитал өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары мен жұмыс күшінен тұрады.

Қолданылған өндіріс құралдары массасы мен тірі еңбек санының ара қатынасы, оларды қозғалысқа келтіретін, капиталдың техникалық құрылуы деп аталады. Ол өндірістік еңбек күші дамуының деңгейімен сипатталады.

Капиталдың техникалық құрылуын сипаттайтын келесідей көрсеткіштер бар:

-еңбектің капиталмен жарақтандырылуы- бұл бір жұмыс жасайтын адамға есептегендегі негізгі капиталдың шамасы.

-еңбектің энергиямен жарақтандырылуы- бір жұмыс жасайтын адамға келетін жұмыс аты күшіне тең энергетикалық қуаттылық саны;

-еңбектің механикамен жарақтандырылуы- бір жұмыс жасайтын адамға келетін машиналар мен механизмдердің санын айтамыз.

Капиталдық құндық құрылуы негізгі капиталдан, немесе өндіріс тауарларының құны және өзгермелі капиталдан, немесе жұмыс күшінің құнынан тұрады.

Тұрақты капиталдың өзгермелі капиталға олардың құны бойынша қатынасы капиталдың құндық құрылуы деп аталады.

Капиталдың техникалық құрылуын сипаттайтын капиталдың құндық құрылуы капиталдың органикалық құрылуы деп аталады.

Капиталдың құндық құрылуының оның қымбаттауы салдарынан кұлғаюы, техникалық құрылымы өзгермеген жағдайда, капиталдың органикалық құрылуының өсуі болып табылмайды. Әйтсе де, капиталдың құндық құрылуы оның техникалық құрылуы өсуі нәтижесінде артатын болса, онда ол шын мәнінде капиталдың органикалық құрылуының өсуі болып табылады.

Капиталдың органикалық құрылуы тұрақты капиталдың өзгермелі капиталға проценттік қатынасы түрінде анықталатын, оның техникалық құрылуының құндық берілуі.

C : V немесе C өндіріс құралдары

V жұмыс күші

Мысалы .

Техникалық Құндық Органикалық

құрылуы құрылуы құрылуы

С 60 станок : V 60 жұмысшы 100а.б.:100 а.б. 1 c : 1 v

С 80 станок : V 40 жұмысшы 200а.б.:100 а.б. 2 c : 1 v

С 100 станок : V 25 жұмысшы 500а.б.:100 а.б. 5 c : 1 v

С 120 станок : V 20 жұмысшы 600а.б.:100 а.б. 6 c : 1 v

Ғылыми техникалық жетістік өндіріс құралдары массасының жұмысшылар санымен салыстырғанда өсуіне алып келеді. Өндіріс құралдары күрделі болған сайын жұмысшылардың мамандандырылуы жоғары, аталған өндіріс құралдарын қозғалысқа келтіру үшін жұмысшы саны неғұрлым аз болады.

Капиталдың органикалық құрылуының макроэкономика салалары бойынша ғана емес, жекелеген фирмалар мен кәсіпорындар үшін де елеулі айырмашылықтары болады.Мысалы ,Ресейде нарыққа өту кезеңінің бас кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда ол 7,6 c : 1 v қатынасында болса, ал тұтастай макроэкономикада 4,6 c : 1 v болды.

5. Инвестицияның тиімділігі.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелер мен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.

Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнмге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:

- инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді.

-жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы.,

-жаңа обьектілерін салу мерзімін қысқарту.

Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық процес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштер мен айқындылмақ: машина, станоктың қуатымен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б.

Сондай –ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлылығы , еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.

Кәсіпорын мен фирма тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер мен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы, өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі.

Осындай кезде экономикалық тиімділікті есептеу үшін мынандай көрсеткішті қолданады:

- Жаңа техника үшін күрделі қаржыны (инвестиция) қайтарым мерзімі

КВН

Т =_------------

Э нт

Мұндағы: Т – күрделі қаржының қайтарым мерзімі,.

Квн- өндірілген техниканың (аппарат, прибор, жинақталған жабдықтар және т.б.) құны теңгемен,.

Энт – жаңа техниканы ендіру бойынша жылдық тиімділігі.

Егер қайтарым мерзімі біркелкі болса, онда бұл кезде салыстырмалы вариант тәсілі көрсетілген шығындар бойынша қолданылаы:

С + Ен х К вн _____тін

Мұндағы С - өнімнің жылдық шығарымдылығының өзіндік құны ,

Квн – жаңа техниканы ендіруге күрделі қаржы (инвестиция) .,

Ен – тиімділіктің нормативті коэффциенті (жаңа техникаға жұмсалған әрбір теңгенің минималды жіберген қайтарымы).

Ж аңа техникаға нормативті коэффициент сала бойынша 0,1 – ден 0,5- ке дейінгі диопазонда бекітілген, ал халық шаруашылығы үшін орташа 0,15 болады. Бұл минималды жіберген қайтарым мерзімнің 2-ден 10-ға дейінгі жылға болатындығын байқатады, ал орташа 6 жыл шамасында.

Сондай-ақ күрделі қаржы тиімділігіне білімді, ғылыми зерттеуді, оқуды инвестициялау арқылы қол жеткізеді. «Адам капиталына» шығын жұмсау экономикалық өндірістік әлеуетін ұлғайтады.

Нақ , қорланған капиталдың өсуі соңғы 100 жылда индустриалды елдерге өмір деңгейінің материалды артуының басты факторы болып отыр.

Бүгінгі инвестиция ең жаңа өндіріс құрал-жабдығының ең жаңа ғылым мен техниканың негізінде еңбек өнімділігінің артуына негіз болады. Сондықтан да бүгін өндірілген нәрсенің көп бөлігін сақтап, инвестицияласақ, онда біздердің ертең тұтынатын мүмкіндіктеріміз мол болмақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]