
6 Тақырып. Капитал және инвестиция теориялары
1. Капиталдың мәніне теориялық көзқарастар.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады, сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды.Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды, мысалы егер ақша тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды.
Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Мысалы, А-О-А, мұндағы А*=А+∆А, ∆А -бұл ақшаның алғашқы саласының арта өсуі. Осы алғашқы құннан өсімшені қосымша кұн деп атап, «m» әрпімен белгілейді.
«Ақша ақша ретінде және ақша капитал ретінде алғашқыда бір-бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді». 1
Ақшаның капиталға айналуына басты шарты акша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп, өзінің бай-тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға – жұмыс күші тауары жатады.
Экономикалық теорияда капитал мәнінде деген көзқарас біркелкі емес.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушы А. Смит (1723-1790жж) пен Д. Рикардо (1772-1825жж) қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал-бұл өндіріс құрал жабдығы.
Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж) ағылшын экономисі Джон Робинсон (1903-1983жж) капиталды-бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар қаржылар деп есептеген.
Капиталға бұдан басқада көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы.
Капитал-бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы.
Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы, адамдар, ақшалар, құнды қағаздар, финастар, білімдер, ақпараттар, кәсіпкерлік қабелттілік, табиғи ресурстар, табыс құратын уақыт та капитал бола алады.
Бірақ капиталдың мәнін толықанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған сырттай капитал әртүрлі жақты нышандарда - өндіріс құрал-жабдығына (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан, капиталды-күрделі ұғым деп санаған.
Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға пайдаланса, сонда ғана капиталға айнала алады.
Осыдан капиталға келесідей мән беріледі. Капитал- бұл құн, яғни құндыы арттыратын құрал.
Өзінің басты еңбегі «Капиталда» К. Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын береді. Бұл кездейсоқ емес. «Капиталдың» бірінші томында капитал – бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. «Капиталдың» екінші томында: «капитал бұл қозғалыс» екенін дәлелдеді.
Капиталдың толыққанды мәні «Капиталдың» үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал- жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал-бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады.